Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Зат есімнің септелуі.7 сынып
  • 02.04.2016
  • 1065 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18358

Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Н. Муканова.

Қазақ сыныбы
4-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі
Жалпы мақсаты: Зат есімнің септелуі туралы түсінік бере отырып, оқушыны өз бетінше ойланып қорытынды жасай білуге бағыттайды, тілдік қорын молайтады, таным белсенділігін шығармашылық, ізденімпаздық қабілеттерін дамытады.Оқушылар септік жалғауларының 7 түрлерін естеріне түсіреді.Зат есімнің қандай жағдайда (жай,тәуелді) септелетінін үйреніп, зат есімді септей біледі. Зат есімдерді еркін септеп, морфологиялық талдаулар жасай алады
Оқу нәтижелері: Оқушылардың өз бетінше жұмыстанады; Оқушылардың сөздік қорын байыта отырып, сөйлеуге дағдыланады;
Деңгейлік тапсырмалар арқылы, анық , дәлелді жеткізе біледі Оқушылар септік жалғауларының 7 түрлерін естеріне түсірді. /барлығы/ Зат есімнің қандай жағдайда септелетінін үйреніп, зат есімді түрлі мысалдар арқылы септей білді./кейбіреуі/
Зат есімдерді еркін септеп, морфологиялық талдаулар жасай алды

Түйінді идеялар: Түйінді ой айта білуге дағды қалыптастырады.
Мәтінмен жұмыс арқылы сөйлемдердегі сөздерге талдау жасай алады.

Сабақ кезеңдері:

Кіріспе
Уақыты:
3 минут

Тұсаукесер
Уақыты:
5 минут

Негізгі бөлім
Уақыты:
25 минут

Қорытынды
Уақыты: 10 минут

Бағалау

Үйге тапсырма:

Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды ортаға шақырып, көңіл күйлерін сұрап, төрт түрлі суреттерді таңдаулары бойынша алғызып, 4 топқа бөлемін. /жеңіл машина, ауыр жүк машиналары, арбалар, шана-шаңғылар/

1- топ Көптік жалғау.
2- топ Септік жалғау.
3-топ Жіктік жалғау
4- топ Тәуелдік жалғау.

Әр топ өзіне қатысты сөйлемді таңдайды.
1.Сенің атың тұра тұрсын,менің атым жүре тұрсын./тәуелдік/
2.Орманда өрт бұрқ етті./септік/
3.Қонақтар шайларын ішті./көптік/
4.Шамдансам жығар асаумын./жіктік/
Шамырқансам сынар болатпын.

Ас іс-әрекеттің иесін білдіреді
Іс заттың кімнің меншігі екенін білдіреді
Бс іс-қимылдың бағытын,мекенін,мезгілін білдіреді
Тс іс-қимылдың обьектісін білдіреді
Жс іс-қимылдың орнын,мекенін,мезгілін кімде екенін білдіреді
Шс заттың істелу тегін,әрекеттің шығу көзін мекенін,мезгілін білдіреді
Кс іс-қимылдың амалын,істелу құралын,бірлестікті білдіреді

Өзіндік жасалу жолдарын мысалдар арқылы түсіндіру /Қ.Мырзалиев «Септеу» өлеңі./
Септік жалғауы
Септіктер Сұрақтары Жалғаулары
АС Кім? Не? -
ІС Кімнің? Ненің? ның,-нің,дың-дің,тың-тің
БС Кімге? Неге?Қайда? ға-ге-қа-ке-а-е-на-не
ТС Кімді? Нені? ны-ні-ды-ді-ты-ті-н
ЖС Кімде? Неде? Қайда? да-де,та-те-нда-нде
ШС Кімнен? Неден? Қайдан? нан-нен-дан-ден-тан-тен
КС Кіммен? Немен? мен-бен-пен

Әрқайсысына мысал келтірту

1- топ М.Жұмабаев «Толқын» өлеңі.
27-жаттығу. (Отан,баласы,әжесі,ата,ел) септік жалғауында сөйлем жазу.
2- топ 28-жаттығу.(жай,тәуелді септіктегі сөздерді теріп жазу.)
(Қала,әкем,атасы,күрек,сағат,үй,інісі,апам) барыс септігі жалғап,түсіндіру,неге әр түрлі екенін дәлелдеу.
3-топ 30-жаттығу (Көп нүктенің орнына септік жалғауын қойып,қай септік екенін анықтау)
«Септік» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.
4- топ 31-жаттығу (Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі көмекші сөздердің тиістісін қойып,мағынасын ашу.)
«Кімге кім ие? Неге не ие?» Ұайсысы қай жалғауда тұр?
Диалогтік әдіс арқылы жіңішке және жуан сұрақтар қою.

Белсенді тақтадан 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын орындайды.

1.Мадақтау
2. Топты бағалау
3. Мұғалімнің бағалауы

32-жаттығу (Берілген көмекші сөздерді негізгі сөздермен тіркестіріп,сол тіркесті қатыстырып сөйлем құрау.)
Септік жалғауларын жаттау,мысалдармен дәлелдеу.
Дереккөздер: 1. 7-сынып оқулығы Авторлары: С.Исаев, Г.Қосымова
2007, Астана
2. "Қазақ тілі мен әдебиеті" журналы
3. Ш. Бектұров "Қазақ тілі" Тәрбие.орг сайтынан Зат есімнің септелуі.7 сынып Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Г. Н. Муканова

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қазақ тілінен ашық сабақтар
Көрсетілім: 1065 | Жүктеулер: 4
Барлық пікірлер: 0
avatar