Зат есімнің тәуелденуі .7 сынып

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 1202
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 02/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18357


Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Н. Муканова.

Қазақ сыныбы
3-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі

Жалпы мақсаты:
Зат есімнің тәуелденуі туралы түсінік бере отырып, оқушыны өз бетінше ойланып қорытынды жасай білуге үйретеді, тілдік қорын молайтады, таным белсенділігін шығармашылық, ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастырады Оқушылар тәуелдік жалғауларының жекеше және көпше түрлерін естеріне түсіреді.
Сөйлемдерге морфологиялық талдаулар жасай алады.
Тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді пайдаланып, мәтін құрай алады.
Оқу нәтижелері: Өз бетімен жұмыстануға дағды қалыптастырды.
Тапсырмалар арқылы өз ойын сауатты, анық жеткізді.
Ауызша және жазбаша мәтін үлгілерін салыстыра көз жеткізеді.
Оқушылар тәуелдік жалғауларының жекеше және көпше түрлерін естеріне түсірді.Сөйлемдерге морфологиялық талдаулар жасай алды. Тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді пайдаланып, мәтін құрай алды.
Түйінді идеялар: Тақырыппен жеке танысып,топта талқылап, алған білімдерін постер арқылы қорғауды үйренеді.
Сабақ кезеңдері:

Кіріспе
Уақыты:
4 минут

Тұсаукесер
Уақыты:
5 минут

Негізгі бөлім
Уақыты:
24 минут

Қорытынды
Уақыты: 9 минут
Бағалау 2 минут

Үйге тапсырма:
1 минут

«Минни мен Микки» сергіту сәті арқылы оқушылардың сабақ алдында көңіл- күйін сергітіп ,бүгінгі сабақта жетістіктерге жетелеу.
Сабақта нені үйренетіндерін ұғындыру.

Үй тапсырмасын «Диалог» әдісімен тексеремін.
Жоғары сұрақтар қою
• Морфология нені зерттейді?
• Көптік жалғауы жалғанбай-ақ көптік мағынаны білдіретін сөздер?
• Зат есімге - кластер

кім? не? дара, күрделі негізгі, туынды

жалпы, жалқы көптеледі

деректі, дерексіз септеледі тәуелденеді

Венн диаграммасын жасату арқылы жаңа сабаққа ену
Көптік және тәуелдік жалғаулары /өзіндік айырмашылықтары, ұқсастықтары/

Жаңа сабақты тірек-сызбалар арқылы меңгерту.
Тәуелдік жалғауы
Жекеше Көпше
І жақ -ым, -ім,-м -ымыз, -іміз, -мыз, -міз
ІІ ж.-ың -ің -ң -ың -ің -ң
ІІж. сыпайы -ыңыз, -іңіз,
-ңыз, -ңіз cыпайы -ыңыз, -іңіз,
-ңыз, -ңіз
ІІІ ж. -ы,-і, -сы, -сі -ы,-і, -сы, -сі

Әрқайсысына мысал келтірту

Оқушылар өзін- өзі бағалау өлшемі арқылы бағалады.
Критериймен таныстыру.
1.Сөз таптарын толық меңгергенін анықтау
2.Мәтінде тәуелдік жалғауындағы зат есімдерді қолдануы
3.Тақырып бойынша өз ойын айта білуі
4.Берілген тапсырмалар бойынша орындауы

Топпен жұмыс /постер қорғау/
Өз таңдаулары бойынша 3 топқа:(суреттер арқылы таңдау жасату)
"Менің отбасым", "Туған жер", "Сүйікті ісім"
1. Ереже жазады, тәуелдік жалғауларын қатыстыра отырып, ұнатқан тақырыптарына мәтін құрып, сурет салады. . Қабілетімен ерекшеленген оқушылар таныстырылым қорғай алады |эссе жазу, өлең , жаңылтпаш шығару |
2. Қабылдауы жай оқушыларға жеңіл тапсырмалар беріп, жауаптарын алу

Оқулықпен жұмыс.
І топ 21 - жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті жалғауын жалғап жазу.
Төмендегі сөздерге сатылай кешенді талдау жасау.
Көлдің,оқушылар,атбегі, (әр топ бір сөзді алады).
Үлгі:


1.Құрамына қарай: бір,екі,үш құрамды
2.Тұлғасына қарай: негізгі,туынды
3.Құрылысына қарай: а) дара ә) күрделі
4.Лексикалық мағыны
5.Грамматикалық мағыналары
6.Сұрағы
7.Мағыналық топтары: а) жалқы,жалпы
ә)деректі,дерексіз
б) нақты,нақты емес.
ІІ топ 23-жаттығу. Төмендегі «Айқын болашақ» мәтінінен көптелетін және көптелмейтін зат есімдерді табу. Зат есімдерді мағыналық топтарға қарай ажырату.

ІІІ топ 24-жаттығу. Мәтінді оқу,қарамен жазылған сөздерді байланысып тұрған сөздерімен бірге жазу.Мәтіндегі ойға түйін айту.

Кері байланыс. Алған әсерлерін білдіру және өз пікірлерін айту
Бірін -бірі қолдады,мадақтады,өзін- өзі бағалады, бір-бірін бағалады.


Шығармашылық жұмысы «Боз інген» күйін тыңдап,алған әсерлеріңмен бөлісіңдер. 2 сөзді тәуелдеп келу.
Дереккөздер: 1. 7-сынып оқулығы Авторлары: С.Исаев, Г.Қосымова
2007, Астана
2. "Қазақ тілі мен әдебиеті" журналы №
3. Ш. Бектұров "Қазақ тілі" Тәрбие.орг сайтынан Зат есімнің тәуелденуі .7 сынып Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Г. Н. Муканова

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar