Зат есімнің жекеше және көпше түрлері

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 98
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 19/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22961


Пәннің аты:қазақ тілі

Сыныбы:2 «Ә»

Мұғалім:Минахунова Л.И

Сабақтың атауы

Зат есімнің жекеше және көпше түрлері

Мақсаты:

1.Тапсырмалар орындата отырып,зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы ережені оқушылардың өздеріне

тұжырым жасату.

2.Тіл байлықтарын,зат есім туралы түсініктерін дамыту.

3.Зат есімнің жекеше және көпше түрін ажырата білуге, сауатты жазуға баулу.
 

Күтілетін нәтиже:

*Зат есімнің жекеше және көпше түрі туралы түсініктері қалыптасады, дәлелдейді.

*Топпен және жұппен жұмыс істейді, ойларын дәлелдейді,өзгенің пікірін тыңдайды.

*Зат есімнің жекеше және көпше түріне байланысты тапсырмалар орындай отырып,көптік жалғауларының жазылу ерекшеліктерін меңгереді.

Әдіс-тәсілдер мен модульдер:

Топпен және жұппен жұмыс,сұрақ-жауап, ыстық орындық, сыни тұрғыдан ойлау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту, АКТ,

 

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Айналаға алақанмен,
Жылулықты шашайық.
Сәттілік тілеп, күлімсіреп,
Біз сабақты бастайық.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

 

Топқа бөлу

 

 

Түсті дөңгелектер арқылы үш топқа бөлінеді

Ыстық орындық

Топтар бір-біріне сұрақ қою арқылы үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақтарға жауап береді, жалқы есім мен жалпы есімге қорытынды жасайды.

Қызығушылықты ояту

 

 

 

Әр топқа суреттер таратып беріледі.

 

1-топқа Гүлдер

2-топқа Құстар

3-топқа Ағаштар

Заттардың санын анықта,салыстыр қандай айырмасы бар?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

 

Салыстырады айырмашылығын айтады

Еркін жазу стратегиясы

1) Дәптерге күнді жазу
2)Көркем жазу
3)Оқулықпен жұмыс

Көркем жазады, суреттегі сөздердің атын жазады

 

 

 

342-жаттығу.Ауызша

343-жаттығу.Өлеңді көшіріп жазып,қарамен жазылған сөздердің астын сыз,түбір күйіндегі қалпымен салыстыр.Не байқадың?

Көшіріп жазады,салыстырады,зат есімнің жекеше және көпше түрі туралы топпен ақылдаса отырып қорытынды жасайды,ережесін айтады

Ой толғаныс

 

 

 

Кім тапқыр?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Көптік жалғауы жалғанатын сөздер тауып жаз, неліктен көптік жалғауы жалғанады?

Ребус шешу,шешуін қатыстырып сөйлем құрап жазу.

 

1-топ - лар

 

 

 

 

2-топ -тер

 

 

 

 

3-топ -да

 

Сөздер тауып жазады, көптік жалғауын не үшін жазылатынын дәлелдейді.

 

Ребусты шешеді, сөйлем құрайды,жұппен жұмыс істейді

 

 

 

Берілген көптік жалғауларына сөздер тауып жазады

Үйге тапсырма

Дәптермен жұмыс. 347-жаттығу.

 

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

 

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

       
Тәрбие.орг сайтынан Зат есімнің жекеше және көпше түрлері Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Минахунова Л.И

Пікірлер: 0

avatar