Жұп дауыстылар Ақсақалдың ақ батасы

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 790
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 01/Июн/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22927


Сабақтың атауы

Ақсақалдың ақ батасы. Жұп дауыстылар

Мақсаты

 Жауан және жіңішке жұп дауыстылар туралы түсінік беру.Өлеңнің мағынасын түсіну.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер, мақалдар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,  түсіндіру, көрнекілік

Оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту.

 

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Сыйқырлы қорапша

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

II.Үй тапсырмасын сұрау. «Менің атам» тақырыбына  жазған әңгімені оқытып,

өлеңді талдату.

 

III.Өткен материалдан  білімдерін тексеру. Ережелерді еске түсіру.

 

IV. Мақсат қою кезеңі:- Дауысты дыбыстарға қандай дыбыстар жатады?-

Дауыссыз дыбыстарға қандай дыбыстар жатады?

 

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Сергіту сәті

Ән:Бүгін мереке

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Мағынаны тану

Жаңа сабақ.  Оқулықпен жұмыс.

46-жаттығу.  Сөздерді салыстырып оқыңдар .сан-сән            от-өт                 ыс-іс          ұн-үннан-нән            боз-бөз             тыс-тіс       тұс-түс

 

ЕРЕЖЕ.  А-ә, о-ө, ы-і, ұ-ү – жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Олар өзара

ұқсас дыбысталады.

47-жаттығу.  Жаңылтпашты тездетіп, дұрыс оқыңдар.

Дән-дәулет.

Дәулет-дән

Сән-сәулет

Сәулет-сән

Сөздердегі  ә дыбысының жіңішке естілуін байқау.

48-жаттығу1. Сөйлемдерді көшіріп жазуБіз ауамен дем аламыз.Адамға таза ауа өте қажет.Әуе ашық, таза.2. ауа, әуе сөздеріндегі а,ә дыбыстарын салыстырыңдар.Қайсысы жуан ,  қайсысы жіңішке айтылған?

Пысықтау

pnqZQ2xwYkNMgD9h7bMmspIMQkbpv2iFDt1IkGeQJDHZ+pngjzqD0dmtIgYR0f+eSjCxjIfjyHM VMjoQQgaOQD+wwjyUDryEEaLwYSZ8hrYE98Yw6sh1RJQv+bC1wJDFcTGwIpMIdbAaohlvUitI4Ty Ақсақалдың ақ батасы

 

Оқуда алғыр бол,

Ойлауға даңғыл бол.

Өмірде әділ бол,

Ашуда сабыр бол.

Ісіңде шебер бол,

Ақылға кемел бол.

Қиынға батыл бол,

Еңбекте батыр бол.

Уәдеңе берік бол,

Ауылыңа көрік бол.

 

VII. Дәптермен жұмыс.                  

 Мақалдарды көшіріп жазу.

Ата балаға сыншы

Ата-бәйтерек

Бала-жапырақ

Батаменен ер көгерер

Жаңбырменен жер көгерер

Атадан бала туса игі,

Ата жолын қуса игі

 

Үйге тапсырма

48-жаттығу.      Жаттау 55 бет

 

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

 

 
Тәрбие.орг сайтынан Жұп дауыстылар Ақсақалдың ақ батасы Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Баян Ельжанова

Пікірлер: 0

avatar