Жұрнақ пен жалғауды ажырату

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 384
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 26/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21326


Тақырыбы: « Жұрнақ пен жалғауды ажырату»
Мақсаты: 1. Оқушыларға өткен сабақта жұрнақтардың қызметі туралы алған түсініктерін кеңейту;түбір сөзге жұрнақ жалғатып,жаңа сөз жасату,сол сөздермен сөйлем құрату;жұрнақ пен жалғауды ажырата білу;
2.Есте сқтау қабілетін дамыту,көркем жазуға машықтандыру.
3.Ұйымшылдыққа, бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:схема,сөздер кассасы,суреттер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Мотивациялық бағалау кезеңі.
Ертеде бір-бірінен өткен ағайынды үш жалқау бала болыпты.Бар бітіргендері бас көтермей ұйықтай береді екен.Бір күні оларға сонау алыстан келіпті.Ал сәлемдемені алу үшін мынадай тапсырманы орындау қажет болады:жұмбақтарды шешіп,жауабындағы сөздерді сөз құрамына талда.
1. Бойлаған сайын тереңге,
Шығасың биік белеңге.( Білім )
2. Есіктен кіреді,
Төрге қарай жүреді.(суық )
3. Сақалы жоқ,шашы бар,
Бет-аузы жоқ,басы бар.
Белін бекем байлаған,
Қоқсықты қоймай айдаған.(сыпырғыш)
4. Бір қабырға, мың тесік,
Ырзығын тең үлесіп,
Әрі қарай өткізеді түгесін.(елеуіш)

ІІ.Операциялық –орындаушылық кезең.
307-жаттығу Мақалдарды түсініп оқып , жалғауларды табу.
308-жаттығу сөздеді өзгертіп жазу.

ІІІ. Сөздік диктант.
Бүркіт,сый,дойбы,еңбек. Мысалы:бүркітші,бүркітке,бүркітпен.

ІV Өздік жұмыс.
Бірлік,іскер сөздерін қатыстырып сөйлемдер құрастыру.Өзара тексеру.Бағалау.

310-жаттығу Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау.

Қолымда алтын қалағым,
Зәулім үйлер саламын.
Ертең мен де ел сүйген
Құрылысшы боламын.

V Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

Мен кішкентай баламын,
Айтқан тілді аламын.
Қарындашты аламын,
Қағазға сурет саламын.
Бұл қандай музыкалық аспап? Мына сандар мен таңбалардан музыкалық аспапты қалай құрастыруға болады,ойланып көрейікші?
33ҮО

VІ Тест тапсырмалары :
1.Жалғау жалғанған сөзді тап:
а) зейнеткер
ә) қобызшы
б) гүлді

2. Жұрнақ жалғанған сөзді тап.
а) көлдер
ә)батырлық
б)досы

3.Түбірге жұрнақ пен жалғаудың қайсысы бұрын жалғанады?
а)жұрнақ
б)жалғау
ә)қосымша

4.Жұрнақ деген не?
а) сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша
ә) сөз мағынасын өзгертетін қосымша
б) түбір сөзге жалғанатын қосымша

Өзара тексеру, бағалау.

VІІ Сабақты қорыту.Үйге тапсырма:111бет. 311-жаттығу.
Оқушылардың білімін бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Жұрнақ пен жалғауды ажырату Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бекбергенова Каламкан Исаевна

Барқытбел орта мектеп-бақша КММ Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar