Жалан және жайылма сөйлем

  • Жүктеулер: 9
  • Көрсетілім: 162
  • Қазақ тілінен ашық сабақтар
  • 04/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23436


Қазақ тілі 3 - сынып

Мұғалім: Масақбаева Бақыт Мұхтарқызы
Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Лебяжі ауданы, Шабар ауылы

Сабақтың атауы Жалаң және жайылма сөйлем
Мақсаты
Күтілетін нәтиже 1. Білімділік: Жалаң және жайылма сөйлем туралы білімдерін кеңейту.
Сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Танымдық, шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, тілін ұштау.
3. Тәрбиелік: Шапшаңдыққа және уақытты үнемді пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың әдістері: сұрақ - жауап, ойын, көрнекілік.
Сабақтың формасы: жекелей, топпен.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың көрнекілігі:тапсырмалар, ақ қағаз, маркер.
Психологиялық ахуал Кең пейілді ниетпен
Мейірімді жүрекпен
Амандасып алайық
Бір жадырап қалайық
Топқа бөлу

Стикерде көрсетілген тапсырмалар алу арқылы 3 топқа бөлінеді
1 – топ: мектеп туралы өлең алғандар
2 – топ: тіл туралы өлең алғандар
3 – топ: тәуелсіздік туралы алғандар

Топ басшысы сайланады, бағалау парағымен танысады.
Ой толғаныс

Сергіту сәті

Білім Land арқылы
түсіні к

Қорытынды:
Дәптермен жұмыс. Күннің уақытын жазу.
( әр оқушы күннің уақытын жазады)
І. Талдау практикалық әдісі.
Топтарға тапсырмалар: ортақ сұрақ
Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не, тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
( топтардың жауаптарын тыңдау)
Жазылым:
1 – топ: бастауышқа берілген 3 сөздер жазу
2 – топ: баяндауышқа берілген 3 сөздер жазу
3 – топқа: бастауыш пен баяндауыштан тұратын 1 сөйлем жазу.

ІІ. Жаңа тақырыпқа кіріспе түрде тапсырмалар:
Топ басшысының таңдауымен әр топ тапсырма алады:
ауызша орындалады.
1 – топ: ұшып, кетті,құстар.
2 – топ: Мектепке, келді, оқушылар.
3 – топ: Қарындасым, оянды, ерте.

( сөздерді орындарына қарай қойып, сөйлем құрап жазу, әр топ өздері жазған сөйлемдерді талдайды.)

Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық
Уықтар боп иіліп
Шаңырақ боп киіліп
Киіз үйді құрайық

Тыңдалым: Оқушыларға
Жаңа тақырыпты тыңдату, мысалдарды тыңдау
ереже шығарту

ІІІ.Оқылым: Тақтада берілген
сөйлемдерді оқу, тыңдау, 1 – топ: жалаң сөйлемдерді, 2 – топ: жайылма сөйлемдерді теріп жазу. 3 – топ: Берілген сызба арқылы сөйлем құрап жазу, қандай сөйлем құрағандарын айту.

- Дауыстап оқу ( әр топ өз сөйлемдерін оқиды, талдайды)

- Топтар бірін – бірі тексеріп отырады.

Білім Land арқылы жалаң, жайылма сөйлемдер туралы алған білімдерін пысықтау мақсатында дұрыс, бұрыс ойынын ойнату.

Үйге тапсырма Әр оқушы 2 сөйлем жазу, 1 жалаң сөйлем, 1 жайылма сөйлем.
Бағалау Топ басшысы бағалайды
Кері байланыс Бес саусақ әдісі арқылы бағалау Тәрбие.орг сайтынан Жалан және жайылма сөйлем Қазақ тілінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Масақбаева Бақыт Мухтарқызы

Павлодар облысы Лебяжі ауданы Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar