Бақыт кілті - еңбекте

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 418
  • Қазақ тілінен презентациялар
  • 18/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20091


Сабақ:І-тоқсан,
2-модуль, -6-сабақ Тақырыбы: « Көз қорқақ, қол батыр» еңбек туралы мақал.
Күні: 24.09.2016 Мұғалімнің аты-жөні: Турсунова Назира
Сынып:4 д» Қатысқандар-15
Қатыспағандар-0
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 1.Оқушыларға еңбек туралы мақалдарды түсіндіру,жаңа сөздермен таныстыру,өткен тақырыптармен байланыстыра отырып ауызекі сөйлеу мәдениеттілігін дамыту,сауаттылығы тексеру алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету.
2. Ойлау,сөйлеу,оқу ,жазу ,дағдыларын дамыту.сөздерді мәтіндерді зейін қойып тыңдауға дамыту,сауаттылығын ашу.
3.Оқушыларды еңбекке,ұтқырлыққа,серпінділікке,сындарлылыққа,өзін-зі жетілдіруге тәрбиелеу.
Сабақ мақсаттары
¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬Барлық оқушылар орындай алады:сөздермен сөйлемдерді тыңдайды,сөздерді кедергісіз айта алады, сөздерге сәйкес дұрыс іс-әрекет жасайды,мәтіндермен жұмыс істей алады,сөз тіркестері мен сөйлемдерді еркін құрастыра алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: айта алады, жеке және топпен қайталайды, сөз тіркес құрастырады, суреттерді сөздермен сәйкестендіреді

Кейбір оқушылар орындай алады: сөйлем құрастырады, сурет салады, тақпақ айтады
Тілдік мақсаты Оқушылар орындай алады: тыңдайды,ойланады, сөздермен сөйлемдерді тыңдайды, естеріне түсіреді, қайталайды, сөздердің мағынасын түсінеді, сөз тіркестер құрастырады, мысалдар келтіреді

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: қол,көз,еңбек,еңбектенеді,мақал,қорқу,қиын жұмыс,мағына,батыр,мағына,береке,түбі тб,еңбекшіл.

Диалог құруға /шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Анам,көмектесемін,ыдыс жуамын,үй жинаймын, сен қалай көмектесесің, тб
Талқылауға арналған сұрақтар:Еңбек дегеніміз не? Кімнің суреттерін көріп тұрсыңдар? Олар не істеп жатыр?Сен анаңа қалай көмектесесің?

Не себепті.....деп ойлайсыз?Неге адам еңбектену керек?Тынбай еңбек етуге болама?Баланың еңбегі не болып келеді?Ол не істеу керек ?

Ишара
22-қырқүйек Тілдер мерекесіне арнап «Поэзиялық кеш минутасын өткізу»
Алдыңғы оқу Біздің ұранымыз өлеңін жатқа айту.

ЖОСПАР
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстары
Басы

Кіріспе.2 мин
Үйымдастыру кезеңі:
2-5 мин
Сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу
“шаттық шеңбері”
Күн сәулелерімен жұмыс
2 өлең бойынша сұрақ жауап.
Топқа бөліп алу
Топ ережесін түсіндіру 1.1.1.1.Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет жасау («Көк тудың желбірегені»)бейнетаспаны көрсету арқылы назарын алу.
Балалардың алдыңғы алған білімдерін пысықтай келе олармен « Мен өзімді таныстырғым келеді» деген тренинг өткізу. Өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау, бекіту,қорыту
Оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыра отырып еңбек құрал саймандарымен үй жинау саймандары арқылы топтастыру. 24-26бет «Алматы»кітап
Ортасы

Сөздік жұмысы
Қорқу- бояться
Қиын жұмыс- трудная работа
Мағына- значение
Еңбек- труд

Жұптық жұмыс
Сурет бойынша әңгіме қрастыру.

Грамматикалық тапсырма
Сыни тұрғыдан ойлануға тапсырма.
Аударма жұмысы

Сергіту сәті: Оқушыларға сабақтың тақырыбын ашу мақсатында көрініс көрсету.Көрініс «Еңбекқор жәндіктер»Кейіпкерлері оқушылардың өздері болады.
Сабақтың мақсатын түсіндіріп кету.
Жаңа сөздермен сөйлем құрастыру.
Мәтінмен жұмыс. Оқушыларға дайын мәтін беріледі олар « Жеті сұрақ» стратегиясын қолданып 7сұрақ құрастырады. « Аударыспақ» стратегиясы арқылы мәтіндегі сөйлемдердің орнын ауыстыру. Орнын табу.Мәтінді аудару орысшаға. «Драма» стратегиясын қолдану арқылы суретпен көрсету.
Мақалдармен жұмыс.
Оқушыларға мақалдарды түсіндіру оларға дәптерге жаздырту,орысша баламасын тауып сәйкестендіруге тапсырма беру.
Диалог құрастыру ,оқу,рөлге ену.
Интерактивті тақтада берілген дайын сөздер арқылы сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Еңбек құралдарын тәуелдеу.-1топ
Үй жинау саймандарын тәуелдеу-2топ.
Кезекшінің міндетіне жатпайтын тап.
Аударуға мәтін беріледі.
71б

« Движение жизнь» деген сергітуді жасатқызу.
« Атамұра» баспасы оқулығы 71б

Соңы
Сөзжұмбақ шешу.
Кері байланыс.10 мин
.

Бағалау: Оқушылардың білімдерін пысықтау мақсатында сөзжұмбақ шештіру.
Де Боне қалпақтары арқылы сабақты қорыту. Және таратылынған кемелердің түстерін бояу арқылы балалардың көңіл күйлерін сұрау.
-қызыл: өте жақсы
- жасыл: жақсы
- сары : онша емес

Бағалауды оқушылармен бірге критеррий құрастыра отырып бағалау.
САРАЛАУ
Саралау-оқушыға мейілінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Мен оқушымен тікелей ықпал ететін және кері байланыс болуды жоспарлаймын.

Пәнаралық байланыс-денсаулық, қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс.
Құндылықтармен байланыс(Тәрбие элементтері)
Рефлексия
1. Сабақтың мақсаты мен оқу мәндеттері орындалды ма?
2. Бүгін оқушылар не үйренді?
3. Сабақ қалай өтті?
4. Қандай деңгейде өтті?
5. Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?
6. Тапсырмалар сәйкес болды ма?
7. Уақытты қалай пайдаландым?
8. Жоспарыма қандай өзгеріс еншгіздім және неге енгіздім?
1. Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды.
2. Бүгін оқушылар еңбек туралы мақал үйренді.
3. Сабақ жақсы және тиімді өтті.
4. Сабақ жоғары деңгейде өтті.
5. Жоспарланған саралау жақсы іске асты.
6. Тапсырмалар тақырыпқа сәйкес болды.
7. Уақытты тиімді пайдаландым.
8. Жоспарыма оқушылардың қызығушылығын арттыратын тапсырмалар енгіздім.


Видеофильм,электронды жазбалар,көркемсурет жұмыстар.интерактивті тақта

Үйге:1 Өзің айналысатын еңбек түрлері туралы сөйлемдер құрастырып жаз.Ішінен жіктік жалғаулы сөздерді тап.
2.еңбек туралы мақалдарды жаттау Тәрбие.орг сайтынан Бақыт кілті - еңбекте Қазақ тілінен презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Турсунова Назира Турсунбековна

"№1 Шонжы орта мектебі" Алматы облысы Ұйғыр ауданы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar