Зат есім презентация

  • Жүктеулер: 16
  • Көрсетілім: 975
  • Қазақ тілінен презентациялар
  • 05/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18467


Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып, сұрақтар қоя білуге үйрету.
2. Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа, шапшаң ойлай білуге баулу.
Көрнекі- құралдар: интерактивті тақта, компьютер, Microsoft PowerPoint презентациясы, бағалауға арналған көрнекіліктер
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
Cабақтың ұраны:
Қазақ тілім - өз тілім дара тілім.
Абай ,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым ,бақытым қазақ тілім
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Психологиялық дайындық орындау.
2 Сыныпты топтастыру
І-топ: «Бірліктер»
Ұраны: «Бірлік болмай тірлік болмас»
ІІ-топ: «Мыңдықтар» Ұраны:
«Білекті бірды жығар, білімді мыңды жығар»

Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,
Қайырлы күн!Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз- білім алу,
Міндетіміз- еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Мамандықтың бәрі жақсы. Сол маман иелерінің барлығы ұстаздан білім алған.
Олай болса,мұғалім мамандығының тапсырмасына назар аударайық.
Мұғалімнің тапсырмасы: «Кім тапқыр?»
Сөз таптары Зат есім Сан есім Сын есім Етістік
алма +
барды +
жеті +
қызыл +
тарақ +
оқыды +
қоңыр +
он +

ІІІ. Қызығушылықты ояту:
Сөз таптары:
Зат есім Сын есім,
сан есім Етістік

Ой шақыру:
Білесіңдер Кім? Не? сұрағын,
Сөйлемде ой иесі боламын
Не істеді? сұрағымен,
Көркейемін,толамын.
/ЗАТ ЕСІМ/
ІV. Мағынаны тану «ТОЛЫҚТЫР»
Өзара бірін-бірі оқыту
Білесіңдер Кім? Не? сұрағын,
Сөйлемде ой иесі боламын
Не істеді? сұрағымен,
Көркейемін,толамын.
( Зат есім).
І топ: Тұлғасына қарай
Құрамына қарай
ІІ топ: Мағынасына қарай
Жалпы Жалқы зат есімдер
Қызықты кесте
Зат есім Жалқы жалпы жекеше Көпше
Дәптер
Алматы
Қазадар
Ойыншық
Қозылар
Гүлнар
Оқулықпен жұмыс:
Миға шабуыл:
І-топ: Кісі аттары
ІІ-топ: Мемлекет, жер-су аттары, облыс, аудан .
V. Балықшы тапсырмасы: «Сөзжұмбақты шешіп көр».
Ерекше жолдағы сөзге түсіндірме жұмыс жүргізу.

Дұрыс ажырата білу минуты
І-топ ІІ-топ
Жалпы Жалқы Деректі Дерексіз
күн Алматы домбыры арман
«Өз орнын тап» ойыны
Көпше түрдегі зат есімдердің астын сыз.
Осы сөйлемдерді талда.
Ауданда суретшілер жарысы өтті.
Балалар сурет салуды жақсы үйренген.
Жеңімпаздарға сыйлықтар
тапсырылды.
Суретпен жұмыс:
VІ.Шығармашылық жұмыс.
Тігіншінің тапсырмасы: Өз бетінше жұмыс. Суреттегі не? деген сұраққа жауап беретін
сөздерді жазу.
VІІІ.Ойын «баспалдақ».
Суретшінің тапсырмасы:

З
А
Т
Е
С
І
М
2,3,4,5,6,7әріптен тұратын заттың атын білдіретін сөздерлі тауып жазу.
Рефлексия :

1.Не білдім?
2.Білемін.
3.Білгім келеді?
Қорытындылау:
Құпия кестедегі сұрақтарға жауап беру.
1.Зат есім дегеніміз не?
2.Зат есімдерге қандай сұрақтар қойылады?
3.Зат есімге мысал келтіру.

Үйге тапсырма: 123-жаттығу. Ережені қайталау.
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.
Бағалау.
Бағалау парақтарына бағалау.
5 болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп бақыт,
Өсе берсін санамыз Тәрбие.орг сайтынан Зат есім презентация Қазақ тілінен презентациялар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сатемір Айзира Қаржауқызы

Ақмола облысы, Астрахан ауданы , Өндіріс орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar