4 саны мен цифры

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 652
  • Қосымша сабақ жоспары
  • 13/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18608


Математика
Сабақтың тақырыбы: 4 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты: 4 саны туралы ұғым беру,құрамы, цифр таңбасымен таныстыру.
Балалардың зейінін, ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: әліппе-дәптер, кеспе сандар,интерактивті тақта,таяқшалар.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,ойын, көрнекіліктер.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
Өтілген материалды пысықтау. 3 саны мен цифры. Үш таяқшадан геометриалық пішіндер
құрастыру.
II. Жаңа сабақ.
-Балалар, бүгінгі сабағымызға Тазша бала қонаққа келіпті. Ол бізге қоржын ала келіпті. Бұл қоржынның ішінде түрлі тапсырмалар бар екен. Егер тапсырмаларды дұрыс орындасақ Тазша бала бізге сыйлық береді.
-Балалар, тапсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма?
- Дайынбыз.

1-тапсырма. «Асық» ойыны. Қоржынның ішінен 4 асықты бір-бірден алады да, ондағы тапсырмаларды орындайды.
1-асық. Бір жылда неше мезгіл бар?
-Қыс, көктем, жаз, күз.
2-асық.Төрт түлік малды ата.
Жылқы, қой, сиыр,түйе.
3-асық.
4-асық. 4-ке дейін санамақ айт.
Бір дегенім-білім.
Екі дегенім-етік.
Үш дегенім-үміт.
Төрт дегенім-тақия.
-Балалар, тапсырмаларды орындау барысында қандай санды көбірек естідік?
- 4 санын.
4 санының таңбасымен таныстыру.

Дәптермен жұмыс.
4 санын жазып шығу.

Сергіту сәті.
Ал,балалар,келіңдер
Орнымыздан тұрайық
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ
Топ-топ басайық
Бір отырып, бір тұрып.
Біз жаттығу жасайық.

2-тапсырма. Логикалық (қисынды) есептер.
а) Бөлменің 4 бұрышы бар, әр бұрышта 1 мысықтан отыр. Барлығы неше мысық?
ә) Анасының мысығы, қызы, иті бар. Анасында неше бала бар?
б) Не ұзағырақ? Күз мезгілі ме немесе 3 ай: қыркүйек, қазан, қараша айлары ма?
в) 4 қайың ағашы өсіп тұр. 1 алма, 2 алмүрт, 3 жүзім, 4 шие жемісі. Сендер қайсы жемісті алып жер едіңдер?

3-тапсырма. Ауызша есептер.
а) Табақта 2 алма
Қолымда 2 алма
Қосқанда барлығын
Болады неше алма?
(2+2=4)
ә) Көлден ұшты 4 қаз
Қайтып қонды 2 қаз
Ұшып кетті нешеуі?
(4-2=2)
б) Алма ағашта 4 алма,
Қандай тәтті жесе алма,
Төртеуінде жеп қойсаң
Қалады сонда неше алма?
(4-4=0)
в) Талдан ұшты торғайлар,
Біреуі бастаушы,
Үшеуі қостаушы
Торғай нешеу есепте?
(1+3=4)
4-тапсырма. Сандар туралы жұмбақтар.

5-тапсырма. Әліппе-дәптермен жұмыс.
Геометриялық пішіндерді пайдаланып есептер шығару.

6-тапсырма.Тақтамен жұмыс.
1+2= 4-2=
3+1= 2+2=
4-1= 4-4=

7-тапсырма. Ойын «Адасқан сандар»
Сандарды ретімен орналастыру.

Қорытынды
-Балалар, бүгін біз қай санмен таныстық?
-4 саны неше бірліктен тұрады?
-Қандай есептер шығардық?
-Қандай ойындар ойнадық?
Балаларды мадақтап, сабақты аяқтау. Тәрбие.орг сайтынан 4 саны мен цифры Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жакитова Назым Кудайбергеновна

ШҚО Күршім ауданы Теректі ауылы №1 Теректі орта мектебі мектепалды даярлық сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar