Меню
Артқа » » » Материал жариялау
«Айтысқа дайындал»!
  • 10.03.2016
  • 312 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 17145

Айтысқа дайындал музыка пәні ,3-сынып Базарбаева Б Леңгер қаласы

Базарбаева Бибикуль –музыка пәнінің мұғалімі
3-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Айтысқа дайындал»!
Мақсаты:1. Қазақ халқының шешендік сөз өнерін,суырып салмалық
қасиетін қалыптастырып,халық әні «Сәулем-ай»әнін үйрету.
2.Халқымыздың әдет-ғұрыпты
сақтауға,адамгершілікке,тапқырлыққа,ұқыптылыққа,білімділікке тәрбиелеу.
3.Балалардың шығармашылық қасиетін шыңдап,ой-өрісін кеңейту,музыкалық есте сақтау қабілетін дамыту.
Сабақ түрі:Аралас сабақ.
Әдісі:Түсіндіру,сұрақ –жауап.
Пайдаланылған көрнекіліктер:Үнтаспа,плакаттар,нота сызбалары,домбыра бөлшектері.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
(«Көңілашар» күйі орындалып тұрады.)
Ал,қанеки, балалар,
Сәлемдесіп алайық,
Сабағымызға керекті
Кітап, дәптер алайық.
Тыныштықты сақтайық,
Тазалықтан қашпайық,
Даусымызды жаттықтырып
Ән сабағын бастайық.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
Дауыс жаттығуынан кейін А.Маханбетованың «Балалық шақ» әнін сұрау.
3.Білімді жан-жақты тексеру.
Сұрақтарға жауап беру арқылы «Домбыра» аспабын құрастыру.
1.Ұрмалы аспап.
2.Ысқышпен ойналатын ішекті аспап.
3.Қазақтың ұлттық аспабы.
4.»Ақ көгершін» әнінің авторы кім?
5.Тембр дегеніміз не?
6.Түркештің күйі ата?
(Домбыра аспабын құрастыру арқылы «Айтысқа дайындал» тақырыбы шығады.)
5. Жаңа сабақ.
Айтыс – қазақ халқының ертеден келе жатқан өнері.Бұл өнер сөзге шешен,тапқыр,епті,білімді,суырып салмалық өнері бар адамдар қатыса алады және алғырлықты,жылдамдықты,тапқырлықты талап етеді.
6.Біздің бүгінгі үйренетін әніміз халық әні»Сәулем – ай».
«Сәулем – ай»әнінің 1-шумағын орындап беру арқылы әннің қалай орындалатынын түсіндіру,үйрету.(үнтаспамен)
Аяғыма кигенім былғары етік, сәулем-ай,
Табанымнан барады ызғар өтіп, сәулем-ай.
Жақсы болсаң келерсің судан өтіп, сәулем-ай,
Жаман болсаң кетерсің суға кетіп,сәулем-ай.
Сергіту сәті: Теңіз толқиды бір,теңіз толқиды екі,теңіз толқиды үш,теңіз толқиды төрт.
7.Сыныпты екі топқа бөлеміз.
«Мың бір мақал»
Берілген мақал- мәтелдің алғашқы сыңары айтылады,ал екінші сыңарын 2оқушы айтады.Келешекте мақал-мәтелдерді де қара өлең айтыс түрінде ұйымдастырылады.
Айым:
Білекті бірді жығады,
Нұрболат:
Білімді мыңды жығады.
Жанель:
Ата көрген оқ жанар.
Иманғали:
Ана көрген тон пішер.
Жасмин:
Әдепсіз бала-ауыздықсыз атпен тең,
Қазына:
Ақылды қария-жазып қойған хатпен тең.
Осылайша кезектесе айтысып келіп,жеңімпаз анықталады.
8.Білімді бекіту:
Енді бүгінгі сабақты қорыта келе 1-ші топ Жасмин мен 2-ші топ Имангалидің айтысын тамашалаймыз.
Иманғали:
Айтысуға кеп қапсың, дегенменен,
Достарын сыйламайтын жан көрмеген.
Бір-екі ауыз сөз айтайын мен өзіңе,
Жамбыл ата жолымен көнермеген.
Жасмин:
Сәлеміңді қабылдадым шын көңілде,
Байқаймын қонған өлең жөргегіңде.
Тілеймін талмай самға құрдасым-ау,
Ақ иық қыран болып жыр көгінде.
Иманғали:
Жақсы оқысаң сабақты,
Білімді болып өсесің.
Ата-анаңды қуантып,
Арманыңа жетесің.
Жасмин:
Мақтаны боп ұстаздың,
Айтқан тілін алайық.
Кешікпей сабаққа,
Жақсы азамат болайық.
Иманғали:
Оқулықты таза ұстап,
Кірлетпейік дәптерді,
Арамыздан қуайық,
Шаш,тырнағы өскенді.
Жасмин:
Күнделікті сабаққа
Дайындықпен келейік!
Бірімізге-біріміз
Әрқашан көмек берейік!
Иманғали:
Мектептегі әр түрлі,
Қатысайық жарысқа,
Сурет салып би-билеп,
Ән айтайық баршаға.
Үйге тапсыра беру кезеңі:
«Сәулем-ай» әнін жаттау.
Айтыскер ақындарды біліп кел. Тәрбие.орг сайтынан «Айтысқа дайындал»! Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: lmnopg
Көрсетілім: 312 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar