Меню
Артқа » » » Материал жариялау
«Аю тұқымдастары»
  • 08.02.2016
  • 546 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 15738

Берікқали Мәдіғали,
№21 жалпы орта мектеп оқушысы
ОҚО, Түркістан қаласы
Тақырыбы: «Аю тұқымдастары»
Жетекшісі: Тастанбекова Гүлжазира

Аннототация

Млекопитающие в мире животных- исследование медведей.

Главная мое цель –призвать к их защите.

Узнал об их лечебных свойствах и разммножений.

Призываю своих сверстников к защите и заботе животных.

Annotation

Mammals in the animalworld a study of the bears.My main purpose to protect

them,hearned about their medieinal properties reproductions.Encourade their

peers to the protection and care of animals.

Айқындама

Жануарлар әлеміндегі сүтқоректілер- аю тұқымдастарын танып білу,

оларды қорғауға үгіт насихат жүргізу- менің басты мақсатым.

Аю тұқымдастарының емдік қасиеті бар екенін де, олардың көбеюі

туралы да білдім. Жас достарымды жануарларды қорғап, қамқорлыққа

алуға шақырамын.

Мазмұны

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Аю туралы жалпы мағлұмат
2. Аю етінің емдік қасиеттері
3.«Ақылды аю» аңыз әңгіме
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Аюлар- жыртқыштар отрядына жататын аң. Олардың денесі шомбал,

басы үлкен, құлағы кішкентай, құйрығы қысқа. Жүні бір түсті, қоңыр,

қара не ақ, аяғы бес саусақты,тырнақты болады . Иіс сезу мүшесі жақсы

жетілген. Қазір олардың ақ аю, ақтөсті аю, қоңыр аю, кқзілдірікті аю, малай

аюы, үлкен панда деген түрлері кездеседі. Аюлар үш жасында жыныстық

жағынан жетіледі. Ұйығуынан 7 ай өткен соң , 2-4 қонжық табады. Қаңтар,

ақпан айларында жаңа туған қонжығының салмағы 300-600г болады.

Енесінің сүтімен 4,5-5,5 айға жуық қоректенеді, бір-екі жыл енесімен бірге

жүреді. Аюлар 30-40 жылдай тіршілік етеді. Буаз аю жеке жүреді, қыста

үңгірінде жалғыз жатады. Күзге таман бойына 50кг-дай май жинап ,қатты

семіреді де, қысқа қарай ұйқыға кетеді. Егер қажетті май қорын жинамаса,

ұйқыға жатпайды. Аю –бағалы аң. Ол майы және шипалық қасиеті бар өті

үшін ауланады. Семіз аюдан 120кг-дай ет, 50кг-дай витамині мол май алуға

болады. Аю жабайы тұяқты аңдарға, үй малдарына, сондай-ақ адамға да

шабуыл жасайды. Бал омартасына түсуді жақсы көреді. Аюдың аталығы

–”матай”, аналығы-”кірекей”, ұрпағы- “қонжық”, бір жасар ұрпағы “апалақ”

деп аталады.



Аюдың емдік қасиеттері

.Аюдың .кейбір өнімдері халықтық медицинасында қолданады.

Аюдың етін кептіріп алып, суға езіп ішкізсе, адамның көптеген

ауруларына дауа деп есептеледі. Мұндай ем түрі ыстықты түсіреді,

жараны жазады, көкжөтелге,

шиқан, сыздауық шыққанға,бала денесіне шыққан бөртпеге және

сары ауруға қарсы ем ретінде саналады.Мәлімет берушілердің

айтуына қарағанда,Аю етін асқазан қыжылдау,кекіру сияқты

ауруларға қарсы ем ретінде де қолданылады.Оны көбірек жесе

денені , қан қысымын көтереді.Аюдың қыртыс майын боршалап,

жел-құздан болған буын ауруына, саусақтардың арасына шыққан

теміреткіге қыздырып жағады. Ұйқысы қашып жүрген адам

иленген теріні жамылып жатса тыныштанады. Аюдың терісінің үстіне бір

ұйықтап тұрса ұйқысы Аюдікіндей болады деп ырымдайды.

Ақ аю

Ақ аю Солтүстік Мұзды мұхит жағалауында тіршілік етеді.Оның дене тұрқы

3 м-дей, салмағы 400-700 кг- дай. Суда өте жақсы жүзеді, сүңгиді, табаны

жүн болғандықтан мұз үстінде таймайды. Ит балықпен , әсіресе каспий ит

балығымен қоректенеді.Ақ аю екі жылда бір балалайды, қонжықтары

енесімен 1,5 жылға дейін жүреді. Ақ аю Халықаралық табиғат қорғау

одағының «Қызыл кітабына» енгізілген.Ал Қазақстанда Тянь-Шань, Жоңғар

Алатауы, Тарбағатай,Сауыр және Алтай тауларында мекендейді.



Қоңыр аю

Қоңыр аюдың 2м-дей, салмағы 150-200кг-дай, түсі қоңыр, қара қоңыр

болады.Өзінің мінез құлқы жағынан бейқам, момын, қорқақтау келеді, орман

ішінде адам көзіне көрінбейді.Ол адамның өмірі үшін қауіпті емес,қорек

талғамайды.Қоңыр аюлар кәсіптік аң ретінде ауланады. Қазір оны аулауға

тиым салынады.



Үлкен панда, бамбук аюы- аю тұқымдасына жататын

сүтқоректі.Кейде үлкен панда жанат тұқымдасына жатқызады

немесе кіші пандамен пандалар тұқымдасына жатқызады.Қытай

елінде таралған.Жылына 1-2 қонжық туады.Бамбук өркені мен

тамырларымен қоректенеді.Панда аю қазіргі кезде сирек кездесетін аз

қалатын және жоқ болып кетуі үлкен қауіпі бар жануарлардың тізіміне

кіреді.ХТҚО Қызыл кітабына енген.

Дене ұзындығы 120-130см, құйрығы 12см. Салмағы 30дан 160кг дейін

жетеді.Терісің түсі жартысы ақ жартысы қара.Денесі ірі, аяқтары

қысқа.Аюлардан айырмашылығы тіс құрылысында және құйрығы ұзын.Түсі

ақ тек аяқтары, құлақ ұштары, көз айналасы, көлденең иық жолағы, құйрық

ұшы қара.Панда аю жыртқыш сабына кірсе де, өсімдік жейтін жануарлар

секілді бамбук сабақтарымен қоректенеді.Заманауи өнерде панда аюдың

келбеті кейіпкер ретінде жиі қолданады.Үлкен панда әлемге әйгілі «Кунг-

Фу» мультфильмнің бас кейіпкері. Үлкен панда Дүниежүзілік жабайы

табиғат қорының төлтаңбасы ретінде пайдаланылады.Пандаға жоғалып кету

қаупі төніп тұр. Соңғы деректер бойынша, Қытайда қазір 239 панда адам

қолында тіршілік етіп жатыр.27 панда өзге елдердің хайуанаттар бағында

жүр.Панданың мекен ететін ортасы ЮНЕСКО-ның қарамағына алынған.



«Ақылды аю» туралы аңыз
Бұл оқиға 1960-шы жылдардың басында болған екен. Қытай елінде атақты

«Мәдениет төңкерісі» басталып, адамдарды жазықсыз өудалауға ұшыратып

жатқан заман. Әсіресе оқыған-тоқыған білімді адамдарға «ұлтшыл»,деген

айдар тағып, түрмеге жауып, Алтай жаққа апарып қара жұмысқа салады. Осы

жазаға кесілгендердің ішінде Әбділ Әбиоллаұлы дейтін ақсақал да бар

еді.Әбекеңе берілген жаза тым үлкен емес. Десе де ауырлау.Ұлтшылдармен

байланыс жасадың, солардың мүлкіне еге болдың деп , алты жылды

арқалатып жібереді. Сөйтіп Ақши деген лагерьге келеді.Тәртіп қатал қит етсе

атуға дайын, қытай әскерлері екен.

Бір күні осы әскерлер ерігіп жүріп, аюдың апанына кез болыпты. Ақымақ
әскерлер апанда жатқан аюдың қонжығын алып келіп, отқа қақтап жеп
қойыпты. Сол күні аналықаю оң жақ беттегі құз тастың үстіне шығып алып,

түні боий аңырапты. Кәдімгідей өксіп-өксіп жылапты.Бір сойқанның

басталып келе жатқанын басқалар білмесе де аюмен бірге жасасып келе

жатқан жергілікті жердегі тұрғындар қазақтар аңғарған екен.Енді аю қайткен

күнде де кек қайтармай қоймайды, «Аю не істер екен» деген сұрақ елдің

көкейінде жүрді.

Содан күндегі режим бойынша жазасын өтеушілер кешкі асын ішіп, ашық

далада ұйықтауға жатады. Бастықтың шатыры бөлек орналасқан, арнайы

күзеттер қорғап тұрған.

-Түннің ортасында- қатты айғай-шудан жазасын өтеушілер де оянады.Дүние

азан-қазан болып кетті-дейді Әбіл ақсақал.

Таңертең қараса бастықтың шатырына аю басып кіріп, сырттағы солдаттарын

ұрып жығыпты. Бастық жоқ. Аю алып кеткен сияқты.Әскерлердің қорыққаны

соншалық аюдың ізіне түсіп, бастықты іздейтін бір адам болмапты.

Келесі күні де түнде адамдар мылтықтың даусынан шошып оянады.Әскерлер

қытайша былдарлап жүр. Бұл жолы аю шатырға үлкен томар лақтырып

кетіпті.Мына қызыққа қараңыз, таңертең қараса түндегі аю лақтырған томар

емес, кеудесінен жұлынған бастықтың басы екен. Мылжа-мылжасын

шығарған. Шошынған қытай әскерлерінің берекесі қашады. Бейшара өлі

бастықтың басына қарауға қорқады. Жасампаз әскерлердің мына

қылықтарына күйінген ұйғыр Сауыт бастықтың басы мен қонжықтың басын

бірге жерлеп тастап, кеңк-кеңк күліп келе жатыр дейді. Сол күннен бастап

әскерлердің қара басына қайғы бұлт үйіріліпті. Бес күннің ішінде тағы да үш

қарауылды аю таспен атып өлтірген. Әбден амалы таусылған әскерлер түнде
ұйықтағанда өздері топ ортаға үйіліп алып, сырт жағынан жазасын

өтеушілерді қойып ұйықтапты. Соның өзінде аю жергілікті тұтқындардың

үстінен ыршып өтіп, ортадағы қытай әскерлерін жұлып әкетеді. Бейбақ

солдаттар шырылдап аюдың қолтығында кете барады.

Біреу сенер, біреу сенбес, бұлар шынымен болған оқиға. Менің еріксіз

таңданғаныма Әбең айтатын: «Таңданатын түгі жоқ, сырттан харам ниет

ойлап келген жауыздарды жергілікті жердің адамы тұрмақ ғой, аңы да

таниды һәм ол да туған жерінің тыныштығы үшін күреседі» -деді.

Қорытынды

Еліміздің байлығы табиғат пен жануарлар. Табиғат –адамның ежелден бергі тіршілік етіп келегн ортасы және мәңг

Сондықтан мен аю тұқымдастарының түрлерінің азайып бара

Ғылыми жетекшісі: Қ.А.Ясауи п.ғ.д., профессор Қ.Ералин
Жетекшісі: Тастанбекова Гүлжазира
Бағыты: этномәденидүниетану Тәрбие.орг сайтынан «Аю тұқымдастары» Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: Қонақ
Көрсетілім: 546 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar