Қамшы.

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 715
  • Қосымша сабақ жоспары
  • 20/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18752


Сабақтың тақырыбы: Қамшы.
Сабақтың мақсаты: Қазақтың тұрмысындағы қамшы туралы жан- жақты толық мағлұмат
беру . Оның бөліктетрімен таныстыру.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Дидактикалық көрнекілік кітаптар, қамшының түрлері.
Сабақтың барысы: Мұғалім алдымен оқушыларға қамшының алуан түрлілігі жөнінде әңгіме-
лейді. Қамшы-ер-тұрманның құрамына енеді.Оны кейде «ат жүргізгіш» деп те атайды.Өйткені қамшы-
ны негізінен көлікті жүргізу үшін пайдаланады.Ал керек болған жағдайда оны қару ретінде қолданады. Ондай қамшының сабы салмақты,өрімі жуан және ұзын болып келеді.Көбінде мұндай қамшыларды қарулы батыр адамдар ұстаған.Олар қамшымен ұрған кезде жігітті ат үстінен аударған.Өткір өрімді қамшымен ұрғанда бес жасар өгіз терісін қаққа айырған. Қазақта ондай жігіттерді –қамшыгер деген.
Қамшылардың ата-бабадан қалыптасқан дәстүр бойынша ер адамға арналған,әйел адамға арналған және балаға арналған көптеген түрлері болады.Сол сияқты олар өріміне қарай төрт таспалы,алты таспалы,сегіз таспалы,он екі таспалы және қос өрімді айыр қамшы болып көптеген түрлерге бөлінеді.
Ал ішіне өзек салып,алақанын тоқыма өріммен жалпақтап келтірген дойыр,дырау,бұзау тіс,дембел қамшылар ұрған жерін кесіп түсетін өткір,сабы,алақаны,айдары алтын,күміс талшықтармен бұралып,бунақталып өте сәнді келеді. Қамшылардың небір көркем түрлерін еліміздегі өнер мұражайларынан көруге болады.Халық арасындағы шеберлер оларды бүгінгі күнге лайықтап асыл тастармен әшекейлеп, алтынмен аптап,күміспен күптеп көз тартарлықтай етіп жасауда.Олар бүгінде
ел арасында да ,елімізге келген туристер арасында да үлкен сұранысқа ие.Қамшыны қазақ өте қастерлеген,киелі санаған.Жын-шайтанды онымен аластап,үйінің төрінен орын берген.Сондықтан
қазақ жүрген жерде қамшы болады.
Қамшы –қазақ өмірі мен дәстүрінің ажырамас бір бөлшегі іспеттес.Осы қамшыларды өріп,оларды
көз тоймастай көркемдеуші шеберлерді- «Өрімші» дейміз.Олардың қолынан қолынан шыққан
қамшылар өріміне,сапталуына ,ұзындығына,көркемдігіне қарай көптеген түрлерге бөлінеді.Енді осылардың бірнешеуін атайық.Олар: 4,6,8,12,,,-таспалы қамшы
Дырау қамшы
Бұзаутіс қамшы
Дойыр қамшы
Жыланбауыр қамшы
Сарала қамшы
Дембел қамшы
Айыр өрімді қамшы
Ырғай сапты қамшы
Мүйіз сапты қамшы
Елік сапты қамшы
Өрім сапты қамшы
Бишік
Енді ,біз балалармен қамшының құрылысына тоқталатын болсақ ,олар төмендегі 7-суреттегідей бөліктерден тұрады.мұндағы 1-қамшының бүлдіргесі,2-қамшының сабы,3- қамшының бауыры, 4-қамшының алақаны, 5-қамшының шашағы, 6-қамшының өрімі,7- өрімнің түйіні.
Қамшы сабының ұзындығы қазақы өлшем тұтаммен өлшенеді.Яғни бір тұтамыңыз төрт еліге тең.Көбіне қамшы сабының орташа ұзындығы алты тұтамға тең.Халық арасындағы «Алты тұтам-
ат қамшы.»-деген сөз содан қалса керек.
Ұлттық әдет-ғұрыпымыздағы қамшының алар орнын айта келе тақырыпта айтылған жайлар төңіре-гінде сұрақтармен оқушы білімін бағалап, сабақты қорытындылаймыз.
-Қамшының құрылысын ата ?
-Қандай түрлерге бөлінеді ?
-Қазақы сенім-нанымдағы алар орны қандай ?
Оқушыларға келесі сабақта қамшыға өрім дайындайтынымызды айтып,соған арнайы таспалар тіліп,дайындап келу тапсырылады. Тәрбие.орг сайтынан Қамшы. Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шұлғаубаев Тілеуберді Тұрарбекұлы

Пікірлер: 0

avatar