Қамшыға қажетті өрімді дайындау.

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 883
  • Қосымша сабақ жоспары
  • 20/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18753


Сабақтың тақырыбы: Қамшыға қажетті өрімді дайындау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыға өрім өрудің қарапайым түрлерін үйретіп,одан әрі
күрделі түрлерін меңгеруге жол ашу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Алдын ала дайындалып тілінген таспалар,қыс-
қы және аз мөлшерде сүт,екі асық.
Сабақтың барысы: Оқушыларға алдыңғы сабақтарда айтылған өрім түрлерінің қарапайым
және таспа саны аз төрт таспалы қамшыға өрім дайындайтынымызды айтамыз.Алдымен дайындалған таспаны тұйық жағынан қысқыға мықтап бекітіп өруді бастаймыз.Бірінші мұғалім өріп көрсетіп,оны оқушылар кезектесіп жалғастырады.Балаға өрімді әбден меңгерту үшін оны бірнеше қайта өріп,бірне-
ше қайта тарқатып көрсеткен жөн.
Таспаларды өру әдісі мен олардың орын ауысуы төмендегі 8 -суретте анық көрсетілген.
Осы берілген суретке қарап ақ кез-келген адамға өрім өруді оңай үйренуге болады.
Өрім өруді ең қарапайым түрінен бастаған абзал.Алдымен өзімізге күнделікті таныс , әсіресе қыз балаларға үш өрім.Содан кейін төрт,бес,т.с.с. Өрімнің домалақ,төрт қырлы,алты қырлы,жалпақ және табаны жалпақ бетіне қыр немесе жон салынып өрілетін түрлері болады.
Оқушыларға төрт таспаны өруді толық меңгерген соң,өрудің басқа түрлерін де берілген сурет бойын-ша үйрену ұсынылады.Өрім өрудегі басты нәрсе таспалардың дұрыс тілінуі.Өру барысында өрімнен көрінетін өрнектердің бірқалыпты шығуына осы таспалардың біркелкілігі үлкен әсер етеді.Тағы да бір айта кететін жай өру барысындағы таспалардың біркелкі тартылып отыруы.Өрімді өру барысында таспаларды аздап сүтке малып отырса бір-бірімен жымдасып жақсы жатады.Домалақ өрімдерді өріліп болған соң кәдімгі екі асықтың шік жағының арасына салып ысқылауға болады.Сонда таспалардағы өрімнің көркін бұзып тұрған сыртына шығып тұрған көк еттері кетеді. Осымен біздің бүгінгі сабақтағы қарастырған қамшыға қажетті өріміміз дайын болып,тек ұшының түюі қалады.
Ал сегіз,он екі таспа сияқты қырлы өрімдердің дұрыс шығуы тікелей тілінген таспалардың дұрыс сыдырылуына байланысты.Қырлы өрімдерді өріп болған соң оларды қажетіне қарай арнайы қырлар жасалған ысқы арқылы түзегеннің еш артықшылығы жоқ..
Үйірме жұмыстарын ұйымдастыруда қажетті материалдар (иленген тері) табылмауы мүмкін. Мұндай кездерде оқушыға өрім түрлерін меңгерту үшін әртүрлі жіптерді де пайдалануға болады.Төмендегі суреттерде осындай жіптен өріп үйрену үлгілері көрсетілген.Онда өрімді бастау үшін жіптерді арнайы қағылған шегелерге ілу арқылы бастауға болады.Өрімдерді жіппен өрген кездерде олардың қырлары қайыспен өргендегідей шықпауы мүмкін.Ал,қайыстан өрген кезде бір жағын тұйықтап таспаларды
тілу арқылы жүзеге асырылады.
Қорыта келе, оқушылардың өрімдерді меңгеруі олардың өріп үйренген өрімдері мен оларға сұрақтар беру арқылы тексеріледі.
-Өрімнің қандай түрлерін білесіңдер?
-Өрімдерді өңдеудің қандай қарапайым әдістерін қарастырдық ?- деген сияқты қарапайым сұрақтармен сабақ аяқталып,келесіде дайындаған өріміміздің ұшын түюді
(бекіту) қарастыратындығымыз айтылады.


8-сурет. Өрім өруді үйрену жолдары.
а-төрт таспа өрімді өру жолдары.. б-алты таспалы өрімді өру жолдары.в-алты таспаның өзгешелеу түрі Тәрбие.орг сайтынан Қамшыға қажетті өрімді дайындау. Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шұлғаубаев Тілеуберді Тұрарбекұлы

Пікірлер: 0

avatar