Меню
Артқа » » » Материал жариялау
Қамшыны саптау.
  • 20.04.2016
  • 423 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18755

Сабақтың тақырыбы: Қамшыны саптау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыға өз қолымен жасату арқылы өнерге
қызығушылығын арттыру.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Қамшыны саптауға келетін тобылғы,тілін-
ген таспалар,біз,былғары алақан.
Сабақтың барысы: Бүгінгі сабақтың жүру реті,яғни қамшыны саптау барысында орындала-
тын жұмыстар 12 -суреттегі «Қамшыны саптаудың технологиялық картасында» көрсетілген ретпен жүзеге асады.
1. Қамшының сабы өрімінен бір қарыстай қысқа болғаны дұрыс.Мұғалім алдыңғы сабақта дайын-
далған өрімді алып,соған лайықтап тобылғы өлшеп кесеміз.Енді қамшыға әзірлеген тобылғыны өңдеу-
ді бастаймыз.Яғни оны түзетіп,ысқылап тазалап дайындаймыз.Тобылғыны түзету үшін оны қызып
жанған оттың шоғының табына ұстап қыздырып, қисық жерін тізеге салып ақырын солқылдатып баса отырып түзейміз.
1. Дайын болған тобылғыны шеткері қойып,енді қамшының алақанына лайықтап былғарыдан
кесіп аламыз.Егерде қамшы өрімінің тұйық жағы қысқарақ болатын болса оған қайыстан жалғап қамшының бауырын ұзартамыз.Қамшының бауырының ұзындығы алақанын қоспағанда тобылғыдан
бір қарыс ұзын болуы керек.
3. Енді жұмысымызды өрімге қамшының алақанын бекітуден бастаймыз.Дайындалған алақанды өрімнің басталар тұсын жауып тұратындай етіп қойып оны таспалар жиынтығын алдыңғы сабақта
өткен түю әдісі бойынша шашақтап бекітеміз.Шашақ саны неғұрлым көп болса соғұрлым әдемі бола-
ды.
4. Жұмыстың келесі сатысы өріммен тобылғыны таспа арқылы бекіту.Ол үшін қамшының бауырын арақашықтығын бірдей етіп тең бөліктерге бөлеміз.Бұл бөліктер тобылғы сыртындағы өрнектің біркел-
кі шығуы үшін керек.Енді алдын ала дайындалған таспамен қамшының бауырын тобылғыны орай таспалаймыз.Таспалау кезінде бір жүйені бірнеше рет айнытпай қайталаймыз.(Екі орам тобылғының бойына перпендикуляр,ал үшінші орам келесі өлшемге бағытталып көлбеу таспаланады.)
5.Тобылғының адам қолымен ұстайтын бір тұтамдай жері таспаларды жиілетіп отырып таспаланады.Қамшы бауырының артық ұшы бір қарыстай қалдырылып,ортасынан екіге тілінеді.Бұл қамшының бүлдіргесі болады.
Кестедегі көрсетілген жұмыстар реті осымен аяқталды.Қамшымыз дайын болды. Сабақты алдыңғы сабақтардағы өткен тақырыптар бойынша сұрақтар беріп қорытындылаймыз.
-Қамшыны саптауға тобылғыдан басқа не жарайды?
-Қамшы қандай бөліктерден тұрады ? т.с.с. Тәрбие.орг сайтынан Қамшыны саптау. Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шұлғаубаев Тілеуберді Тұрарбекұлы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: ycehcehj
Көрсетілім: 423 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar