Меню
Артқа » » » Материал жариялау
Қарапайым таспалау және өрнек сала таспалау тәсілдері.
  • 20.04.2016
  • 503 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18756

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым таспалау және өрнек сала таспалау
тәсілдері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыға қайыстарды біріктіру жолдарын үйрету.
Таспалау тәсілдерін үйрене отырып көркем бұйымдар
істеуге дағдыландыру.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Алдын-ала дайындалған ені 2,5-3 см
қайыстар,сыдырылған таспалар,әртүрлі көркем таспа-
ланған үлгілер және біз.
Сабақтың барысы: Оқушыларға алдымен таспалаудың не екенін түсіндіруден бастаймыз.Таспалау дегеніміз- қайыс бұйымдарды бір-бірімен біріктіру,жалғау үшін қолданылатын әдіс.Ол алдынғы сабақтардағыдай сыдырылған таспамен арнайы біздің көмегімен жүзеге асырылады.
Кей жағдайларда жалаң қабат қайыстың бетіне таспалаудың әртүрлі көркем әдісін пайдаланып, бетін безендіру үшін де жасалады.
Жұмысты бастамас бұрын мұғалім дайындап әкелген үлгі таспалауларды көрсете отырып,олар-
дың ерекшеліктерімен таныстыру арқылы балаларды істелетін жұмысқа дайындаймыз. Ең алдымен
13-суретте көрсетілген таспалаудың қарапайым түрлерінен бастаймыз. 13-суреттің А және Б нұсқаларында бір ғана таспаның көмегімен таспалау жолдары көрсетілген.Бұл суретте таспаларды
әдемі көріну үшін көлбей салу әдісі қолданылады.Суреттің өзгеше түспен боялған соңғысында таспаланған қайыстың астыңғы беті көрсетілген.
Ал таспаларымызды одан әрі көркемдеу үшін 13-суреттің В және Г нұсқаларын басшылыққа аламыз.Бұл жерде жаңағы таспаланған қайыстың бетіне қосымша екінші
таспаны пайдаланып,суреттегідей өткермелеп екі түрлі өрнек түсіруге болады.Бұл әдістер мен ат әбзелдері және белдіктердің беттерін өрнектеуге болады.
Таспалаудың қарапайым әдістерін меңгергеннен кейін жұмысты одан әрі күрделендіріп жаңаша үлгілерін істеуге болады.Бұл әдістер алдыңғыларынан әлдеқайда қиындау.Сөйтсе де оларды меңгеру оқушы бойына қызығушылық пен ізденгіштікті қалыптастыруға септігін тигізері сөзсіз. 14-суретте
өрнек сала таспалаудың екі түрі көрсетілген. 14-суреттің А нұсқасында бір ғана таспа арқылы
таспалау көрсетілсе, Б нұсқасында екі таспа арқылы өрнектей таспалау көрсетілген.Байқасаңыздар
бұл нұсқалардағы өрнектер бұрынғыдан күрделірек.Сондықтан бұл жерде мұғалімнің әрбір оқушы-
мен жеке жұмыс істеуіне тура келеді.Сабақ барысында мұғалім оқушылардың жеке шығармашылық-
пен ойлауына жағдай жасағаны жөн.Себебі өз бетінше жұмыс істеген шәкірттер арасынан өзінің тас-палау әдістерін жасаушылардың әбден шығуы ықтимал.Ол тәжірибеде де кездескен жай.Сондықтан оқушы ізденісіне толық жағдай қажет.
Өрнек сала таспалаудың жоғарыда сөз еткен түрлерін меңгергеннен кейін, одан күрделі әрі таспа
саны көп таспалауды үйреніп, жасап отырған бұйымды одан әрі түрлендіріп жасауға әбден болады.
Ол үшін 15-суреттің В және Г нұсқаларындағы көрсетілгендей етіп таспа санын 3-тен-5-ке дейін көбейтіп, қайысты барынша көркем етіп таспалауға болады.Тек ескеретін жай таспа саны неғұрлым
көп болса таспаланатын қайыста соғұрлым жалпақ болады.Мұндай таспалау әдістерін өте жалпақ белдіктер мен сәндік бұйымдарды көркемдеу ісінде қолданылады.Таспалау әдемі көріну үшін таспалардың тегіс сыдырылуы мен таспа өтетін тесіктердің ара қашықтығының бірдей болуы өте маңызды.
Оқушылардың сабақты дұрыс меңгергендігін тексеру үшін жекелеме тапсырмалар беріп, оларды орындатып,оқушы тапсырманың жартысын орындаған кезде келесі оқушыға ауыстырып барлық тапсырманы орындатады. Мұғалім жұмыстарды жинап алып, сабақ соңынан көрме ұйымдастырып,кемшіліктерін толықтырады.


13-сурет. Таспалаудың қарапайым түрлері


14-сурет. Өрнек сала таспалаудың түрлері .(а,б)


15-сурет. Өрнек сала таспалаудың түрлері. (в,г) Тәрбие.орг сайтынан Қарапайым таспалау және өрнек сала таспалау тәсілдері. Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шұлғаубаев Тілеуберді Тұрарбекұлы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: ycehcehj
Көрсетілім: 503 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar