Меню
Артқа » » » Материал жариялау
Қарпайым және жалпақ өрім.
  • 20.04.2016
  • 569 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18751

«Өнерді қызықпасаң көре алмайсың,
Таспаны үйренбесең өре алмайсың.»
Сабақтың тақырыбы: Қарпайым және жалпақ өрім.
Сабақтың мақсаты: Оқушыға қарапайым өрімді үйрете отырып,таспалау тәсілдері-
нің өре таспалау деп аталатын түріне тоқталу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Таспалау үлгілері көрсетілген сызбалар,дайын-
далған таспалар және таспаға арналған біз.
Сабақтың барысы: Оқушылармен өрім дегенде алдымен өзіміз күнделікті өмірде кездесіп жүрген қыз балалардың бұрым өру әдісі ойымызға түсері анық .Бұрым өрімі үш таспадан өрілетін жалпақ өрім түріне жатады.Бұл әдіспен өрген кезде екі шеткі таспаларды кезектеп алып өрім-
нің ортасына салу арқылы жалғастыруға болады.Таспалардың санын көбейту арқылы бұл өрімді әдемі
әрі жалпақ етіп шығаруға болады.Ал ,үш таспалы өрімді таспаларды тұйықтап тіліп,өрімді де тұйық-
тап өруге болады.Таспалардың орын ауысуы төмендегі 4 - суретте жақсы көрсетілген.
Енді осы жалпақ өрімдердің бірнеше түріне қысқаша тоқталсақ .Келесі 5 -суретте өрімнің бірнеше тәсілдері көрсетілген.Суретке қарай отырып осы әдістерді де меңгеруге болады.Бұл өрім түрлерін
әдемі белдіктер мен қол сөмкелерге бау ретінде пайдалануға болады.
Өрімнің осындай түрлерін көбінесе ат әбзелдерінін жасауда кеңінен қолданылады.Соның ішінде өріп жасалынатын бірнешеуінің аттарын атап өтсек болады.Қарапайым төрт таспамен жұмырлап ертоқым-ның қанжығасын,жүгеннің тізгінін өруге болады.Ал,егерде таспаны жуандау етіп тілсе одан шылбыр
тіпті өрілген арқан да жасауға болады.Өздеріңе белгілі шылбырдың ұзындығы недәуір,ал арқан бірне-
ше құлаш болады. Оларды өру үшін таспада ұзын болуы керек.Ол үшін иленген теріні шетінен бастап айналдыра отырып тіледі.Содан кейін айналдыра тілінген таспаны түзеу үшін дым кезінде екі қазыққа керіп байлап ортасына әр салмақтағы(таспаның жуандығына қарай) тастарды бекіту арқылы керіп қоямыз.Таспа қалыпты жағдайға келген соң өруді бастаймыз.Өрілген арқан жылқыға шалма салу үшін қолға ыңғайлы, салмақты болады.
Жалпақтап өру әдісімен айылдың жырымы,жүген,ноқта,шілия,божы,өмілдірік,құйысқан жасалады.
Өрме жүгендер таспаның санына қарай әр алуан мәнерде өріледі.Жүген өрілетін таспалардың ортасы-
нан 20-25 см алақан қайыс қалдырылады.Сол жерден ауыздық шығарып,таспаларды (екі жақтау ауыздықтың екі шығырығынан бастап екі бөлек өріледі) өре бастайды.Кеңсіріктік,кекілдік,сағалдырық
та осы таспалармен тұтас өріледі.Жақтаушалардың желкелік қоспасын кекілдік, кеңсіріктік, сағалдырықтардың түйіскен жеріндене өрім,не түю мәнерінің түрлерімен шашақтап,түймелеп бекітеді.Бұл әдіс шілия, құйысқан,өмілдірік,ноқта өрімдерінде де қолданылады.Өрімдерді жалпақтап өріп,оның кей жерлерін жұмырлап,қырлап,қуыстап құбылтып та өреді.
Өрімдер 3,4,5,6,7,12,36 таспадан бастап 83, кейде тіпті одан да көп таспадан өріледі.Өрім өрнектері
сан алуан.Кейде құйысқан,шілиялардың үстіңгі беті төрт бұрым,алты бұрым болып,асты бір тұтас «жыланбауыр» өрнегін жасайды.Ал ішіне өзек салып,алақанын тоқыма өріммен жалпақтап келтірілген дойыр,дырау,бұзаутіс,дембел қамшылар ұрған жерін кесіп түсетін өткір,сабы,алақаны, айдары алтын, күміс талшықтармен бұралып,бунақталып өте сәнді келеді.Осынша көп таспалы өрімдердің ұштары
жай байлана салмайды,олар әр түрлі мәнермен түйіліп шашақталады.Бұл жөнінде келесі сабақта жеке тоқталатын боламыз.
Өте шебер өрімшілер таспадан қылыш,найза өтпейтін қаттауық тонды да,су ақпайтын торсықты да,көнек те,кеукерін де өрген.Түрлі шынықаптар,шамадан,қоржындарда өрген.Өрілген заттардың әр жерін күміспен жауып,тас орнатып,кавказ өрнегін де салып әшекейлеген.Сондықтан да бұрын өрім
өнері өте жоғары бағаланған.Өрмелі бір шідердің бағасы-бір бестіге татитын.Осыдан-ақ біздің ата-бабаларымыздың шын өнермен шебер өрімшіні қалай бағалағанын білуге болады.
-Жұмыр өрімдерді не жасау үшін пайдаланамыз?
-Жалпақ өрімдерден не істеуге болады?
-Өрімші деген кім?
Сабақты қорытындылай келе көрсетілген әдістерді пайдалана отырып,қарапайым өрім түрлерін өріп үйренуді тапсырамыз. Тәрбие.орг сайтынан Қарпайым және жалпақ өрім. Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шұлғаубаев Тілеуберді Тұрарбекұлы

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: ycehcehj
Көрсетілім: 569 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar