Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 628
  • Қосымша сабақ жоспары
  • 14/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 17780


Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Амангелді атындағы орта мектебі
Байдаралинова Қарлығаш
Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ақындық өзіндік мұратын таныту, «Өзім туралы» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, дүниетанымын кеңейту, даралап, деңгейлеп оқытуда өз бетімен жұмыс істеуге, шығармашылыққа дағдыландыру.
Тәрбиелік: Қасым поэзиясы арқылы Отанды, туған жерді сүюге, қастерлеуге, қайсарлыққа, табандылыққа, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Таныстыру сабағы.
Сабақтың әдістері: Әңгімелеу, талдау, баяндау, деңгейлеп оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, өлең жолдары, тірек–сызба.
Пәнаралық байланыс: Музыка, тарих, қазақ тлі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ғ. Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесін оқу, теориялық талдау (викториналық сұрақ арқылы).
ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.
Жаңа сабақтың мазмұны.
Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі.
1. Ақын туралы өмірбаяндық дерек (слайд, видео-ролик).
а) Қ.Аманжоловтың ақын, сазгер екенін таныту (тірек-сызба).
ә) «Сегіз қырлы, бір сырлы – Қасым» (талдау).
б) Қасым туралы лебіздер (ақындардың сөздері)
2. Ақынның (Өзім туралы» өлеңі (интерактивті тақта).
а) ұжымдық жұмыс. Ақын өлеңдерін топтау (саяси, махаббат, табиғат, көңіл-күй лирикалары).
ә) өлеңдегі ақын бейнесі (СТО топтастыру әдісі арқылы).
3 Деңгейлік тапсырмалар (оқушылар орындайды). Алдымен тақырыптарды атап өту.
І деңгей. Жүйелеп талдау, «Өзім туралы» өлеңін тақырыпшалар бойынша шумақтарды реттеу (кестені толтыру).
ІІ деңгей. Ақынның поэтикалық тіліне талдау жасау:
а) Өлеңдегі көркемдеуіш тәсілдерді табу (теңеу, эпитет, метафора)
ә) Өлеңдегі ұйқас түрлерін анықтау (кесте бойынша).
ІІІ деңгей. Шығармашылық деңгей (тебіреніс немесе эссе жазу).
Тақырыптары: 1. «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ»;
2. «Өзіммен бірге өлмесін деп өлеңім деп»;
3. «Оқырсың сонда мүмкін өлеңімді»
VІ. Қорытынды: Сауалнама.
Нені меңгердім? Кімді таныдым? Әсерім
VІІ. Үй тапсырмасы: Өлеңнен өздеріне ұнаған шумақты жаттау. Тәрбие.орг сайтынан Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңі Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Пікірлер: 0

avatar