Автоматика негізі және дискреттің құрылысы

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 289
  • Қосымша сабақ жоспары
  • 06/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20799


Пән аты: Автоматика негізі және дискреттің құрылысы

Сабақтың тақырыбы: КМШ типті комбинирленген реле және оның жұмыс істеу принциптері

Сабақтың типі: Жаңа сабақты зерделеу

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ

Сабақтың мақсаты: КМШ типті реленің құрылысымен танысып, олардың жұмыс істеу принципін түсіндіру. Сонымен қатар мұндай релелердің өндірісте және теміржол автоматика және тедемеханика жүйелерінде қолданылатын орындарын көрсету. Жаңа тақырып және өтілген тақырыптар бойынша студенттер білімін жүйелеу және алған білімдерін болашақ қызметінде, яғни, өндірісте қолдана алатындарын байқау.

Міндеттері:.
1. Тұлғаға бағыттау әдісін қолдану арқылы білікті маман иесі болуға, сонымен қатар топпен ұжымдық жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
2. Білімгерлердің ақыл-ойын, санасын, пәнге деген қызығушылын арттырып, ойындағысын ортаға салып үйрену қабілеттерін дамыту.
3. Өз мамандықтарын құрмет тұтып, бір-біріне қолдау жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Жарыс әдісі, баяндау-түсіндіру әдісі, сұрақ-жауап, логикалық ойлау әдісі;

Пәнаралық байланыс: Телемеханикалық бақылау негіздері және Электроника, микроэлектроника және микропроцессорлық техника.

Көрнекі құралдар: Проектор, экран, слайдтар, үлестірме қағаздар, электрондық оқулық. Тәрбие.орг сайтынан Автоматика негізі және дискреттің құрылысы Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Умбетов Берік Байбекұлы

Астана қаласы М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжі Арнайы пәндер оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar