Меню
Артқа » » » Материал жариялау
Қазақтың ұлттық ойындары
  • 14.03.2016
  • 386 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 17877

АШЫҚ САБАҚ . «ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ»
Павлодар қаласы №6 жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Смаилова Анар Амангелдіқызы

Қазақ тілі.4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары
Сабақтың мақсаты:1. Білімділік : Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау,грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру.Пәнге қызығушылығын арттыру.
2. Дамытушылық : Оқушылардың ойлау, есте сақтау , көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге,ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, салауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту әдісі, сұрақ-жауап, өзіндік ізденіс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,суреттер, грамматикалық ойындар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушыларды түгелдеу
Ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы
Б) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, ойларын бір ортаға топтау мақсатында ой тастау.
ІІ .Үй тапсырмасын сұрау.
1) 3-тапсырма .
2) жаңа сөздер,сөздерді септеу
ІІІ . Жаңа сабаққа дайындық.
«Ой-қозғау». Интерактивті тақтадан «Қазақтың ұлттық ойындарының» суреттері көрсетіледі. Оқушылар қандай ойын түрлерін көргенін айтады.
ІV.Жаңа сабақ
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар : аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын ,зеректікті , ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар.
Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып,еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.
Сөздікпен жұмыс
Қызық – интересное
Жігіт - парень
Қуады - догоняют
Жету керек - должен догнать
Сүйеді - целует
Соғады – будет бить
1-тапсырма. Қыз қуу.
Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі ең қызығы - қыз қуу. Қыз бен жігіт атқа мініп,бірін-бірі қуады. Қалған адамдар қарап тұрады.Олар белгілі бір қашықтыққа шабады. Жігіт қызға жеті керек. Жігіт қызға жетсе, қызды сүйеді. Ал егер жігіт қызға жетпесе, қыз жігітті қамшымен соғады.
2-тапсырма.Мәтіннен зат есімдерді теріп жазып, септік жалғауларын ажыратыңдар.Үшінші сөйлемді жазып, тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар.
3-тапсырма.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазыңдар.Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
Ақсүй...к, ас...қ, алтыба...ан, тоғызқ...малақ, көкп...р, жасы...ынбақ,қ...з қуу, тең...е алу.
Сергіту сәті
«Сақина тастау» ойыны.
V.Рефлексия : Суреттер сыры.
Суретке қарап , ойын түрлерін ажыратып айтады.
VІ.Қорытынды. Балаларды бағалау.
Үйге тапсырма
4-тапсырма
«Қазақтың ұлттық ойындары» туралы шағын әңгіме жазып келу. Тәрбие.орг сайтынан Қазақтың ұлттық ойындары Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: lmnopg
Көрсетілім: 386 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar