Дайын өрімнің ұшын бекіту (түю)

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 563
  • Қосымша сабақ жоспары
  • 20/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18754


Сабақтың тақырыбы: Дайын өрімнің ұшын бекіту(түю).
Сабақтың мақсаты: Оқушыға екі немесе одан көп таспалардың (жіптердің)
ұштарын бекітуді меңгерту,әдемі тиектер, түймелер жасауға
машықтандыру.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Қамшыға дайындалған өрім және біз.
Өрімнің ұшын түюдің технологиялық картасы.Қамшылар.
Сабақтың барысы: Мұғалім оқушыларға өрілген өрімдердің ұштарының жай байлана салмайтындығы жөнінде әңгімелейді. Олар мәнерленіп әр түрлі тәсілдер арқылы түйіліп,шашақталады. Өрімнің ұшының дұрыс бекітілуі оның ұзақ қызымет етуінің кепілі.
Қамшы негізінде ұшынан тозады.Себебі ұшы дұрыс түйілмеген қамшының шашақтары тарқатылып
өрімі қысқарады. Сондықтан өрімді аяқтаған соң оны мәнерлеп мұқиат бекіткен дұрыс.Өрімі ұзын,
жуан да салмақты қамшылардың ұшын бірнеше қайта түйіп шашақтайды.
Енді 9-суретте берілген технологиялық карта арқылы өрімнің ұшын бекітуді үйренеміз. Суреттегі бағыттаушы сызықтардың көмегімен түюді үйрене бастаймыз.Алды-
мен таспаларды бір бағытпен кезектеп бірінің үстінен бірін асырып төрт таспамен төртбұрыш жасаймыз.Енді түюдің келесі баспалдағына көшеміз.Ол үшін әр таспананы өзінен кейінгі таспаның
астын айналдыру арқылы біздің көмегімен төртбұрыштың ортасынан шығарамыз.Осылай төрт таспаны бірдей ортадан шығарғаннан кейін оларды бірқалыпты етіп тартамыз.Сол кезде түйіннің ортасынан шашақ пайда болады.
Өрімнің ұшын түюде қанша таспа болса соның барлығын қатыстыруға болады немесе тек төртеуін
не алтауын қатыстыруға болады.Өрім ұшының берік болуы үшін таспаларды ауыстырып отырған дұрыс.Міне енді өрілген қамшы өрімінің ұшы бекітіліп түйілді.Яғни қамшымыздың өрімі дайын
болды деген сөз. Осыдай түю әдісі арқылы әртүрлі тиектер мен түймелер жасауға да болады.Берілген
10-11-суреттерде түйме және тиек жасаудың екі түрі көрсетілген.Олар ат әбзелдерінің қажетті
жерлеріне пайдаланылады.Мысалы:жүгеннің сағалдырығында,желкелігінде,шідер мен тұсамыста , құйысқан мен өмілдірікті ерге бекітуде,тізгінді ауыздықтың сулығымен жалғанған жерінде
қолданылады. Негізінен қазақта ат әбзелдерінің бөлшектерін бір-біріне бекітуде таспамен таспаланып немесе ағытпалы түйме не тиекпен жалғанған.
Сабақ соңында балаларға бір-бір түйме не тиек жасап көрсетуді тапсырып,сабақты қорытынды-лаймыз. Балалардың жасаған жұмыстары арқылы олардың қаншалықты тақырыпты меңгергендігіне
көз жеткіземіз.

9-сурет.Қамшы өрімінің ұшын бекітудің технологиялық картасы. Тәрбие.орг сайтынан Дайын өрімнің ұшын бекіту (түю) Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шұлғаубаев Тілеуберді Тұрарбекұлы

Пікірлер: 0

avatar