Есептегіштер мен электр қондырғыларын орналастыру.

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 666
  • Қосымша сабақ жоспары
  • 04/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18423


Сабақтың тақырыбы : Есептегіштер мен электр қондырғыларын орналастыру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерді есептегіштер мен электр қондырғыларының орналасу схемасымен таныстыру.
Тәрбиелік: Студенттердің өз манадықтарына деген қызығушылығын арттырып, еңбекке икемділігін,іскерлікке,ұқыптылыққа,бастаған тиянақты орындай білуге дағдыландыру
Дамытушылық: Студенттердің жұмыс орнындағы ептілігін,алған білімін өз бетінше қолдана білуге қалыптастыру,теориялық алған білімдерін тәжірибемен ұштастыру.

Сабақтың оқу материалдық жабдықталуы: Электромонтер құрал-саймандары, технологиялық нұсқау карталар,тест сұрақтары,интер белсенді тақта,есептегіштер,тарату қораптары,розеткалар,патрондар,АППВ маркалы сымдар.

Оқу өндірістік базасы: « Электр жабдықтарға қызмет көрсетуші электромонтер» кабинеті.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 830-835
1.Білім алушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру.
2.Білім алушылардың арнаулы киімдерін тексеру.
ІІ. Кіріспе нұсқау:835-915
1.Білім алушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау және түсіндіру.
2.Өткен сабақ бойынша білім алушылардың білімін тексеру:
А) Білім алушыларға тест тапсырмаларын беру.
Б) «Ойлан,тап» -ойыны
3.Оқу материалы бойынша студенттерге нұсқау беру: 920-1005
1.Есептегіштер.
2.Монтаждық сымдардың түрлері .
3.Тарату қораптары,розеткалар,патрондардың ораласу реттілігі.
4. Схемалары арқылы жалғану принциптері.
4.Кіріспе нұсқаудың материалдарын бекіту:1015-1315
А) Есептегішті,электр қондырғылары мен монтаждық сымдарды тақтайшаға бекіту (схемалардың қателерін табу)
Ә) Сымдардың маркаларын анықтау.
Б) Орналастыру құрал-саймандары (изоляциялық жағдайы).
В) Техника қауіпсіздігі
ІІІ. Студенттердің өндірістік жұмыстары мен ағымдағы нұсқау:
1.Студенттердің жаттығу жұмыстары:
А ) Есептегішті,электр қондырғыларын бекіту.
Б) Сымдарды ұштап,аршу.
В) Құбырларды бекіту жұмыстары.
Г) Орнату кезіндегі құрал-саймандарды пайдалану техникасын ескеру.

2.Студенттердің жұмыс орнының дайындығын және басталуын қадағалау.
А) Қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрету.
Ә)Еңбек қауіпсіздігі мақсатында жұмыс орындарын аралау.

3.Орындалған жұмыстарды қабылдау және бағалау.

4.Жұмыс орындарын тазалау және жинастыру.

ІV. Қорытынды нұсқау:1315-1330

1.Сабақты қорытындылау ,бағалау.
2. Тапсырманы орындау және сабаққа қатысу белсенділігін сараптай отырып білім алушылардың жақсы жұмыстарын атап өту.
3. Үйге тапсырма беру: Электрқозғалтқыш жайлы бүктеме,рефераттар жазып келу.





Өндірістік оқыту шебері: А.Қартаңбаева Тәрбие.орг сайтынан Есептегіштер мен электр қондырғыларын орналастыру. Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қартаңбаева Аманкүл Көшекбайқызы

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі Өндірістік оқу шебері

Пікірлер: 0

avatar