Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

  • Жүктеулер: 13
  • Көрсетілім: 1736
  • Қосымша сабақ жоспары
  • 07/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18515


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары.

«Балапан» I-сәбилер тобы 06.01.2015
Музыка жетекшісі: Аубакирова Ж.А 08.01.2015
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка
Тақырыбы: «Желбірейді жалауша»
Мақсаты: ырғақпен нық басып жүруге, әуенді сезіне білуге баулу. Би қимылдарын қайталап көрсетуге дағдыландыру.
Көрнекі құралдар: түрлі түсті жалаушалар, паравоз макеті.
Сөздік жұмыс: жалауша, «бір-екі», «пш-пш», «у-у», «гу-гу».

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің
іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Үнтаспа «Бақытты балалық шақ» әні (музыкасын жазған С.Қалымов, сөзін жазған И.Исабаев) ойналып, балаларға өз беттерінше еркін сөйлеу ұсынылады.
Музыка жетекшісі түрлі түсті жалаушалар таратып, балаларды көңілді серуендеуге шақырады.
«Жалаушамен келеміз,
Біз көңілді жүреміз»,-деп, жалаушаны көтере аяқты нық басып жүруге дағдыландырады. Балалар өз қалауларынша би қимылдарын жасап, көңіл көтереді. Ұнаған түсінен жалаушалар таңдап алып, балалар тізбектеліп, нық басып жүруге талпынады.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік «қазақ маршы» «А.Затаевич) әуеніне «жалаушамен жаттығу» би қимылдары үйретіледі. Музыка жетекшісі көрсетіп, балалардың бірге қимылдауларын қадағалайды.
Жаттығудан соң балаларды отырғызып, ән тыңдауды ұсынады.
«Жалауша» әні (Музыкасын жазған А.Тоқсанбаев, сөзін жазған И.Сапарбаев).
Әнді екінші рет орындар алдында балаларды шеңбер бойымен тұрғызады. Әнді орындап, шумақ соңында «бір-екі» деп қайталап, қосылып айтуды үйретеді.
«Пойызға біз барайық,
Вагоннан орын алайық»,-деп, пойызбен жолға шығатындарын түсіндіреді. Паравоз макетіне жалғастыра орындықтар тізбектеліп қойылады.
Музыка жетекшісі «Пойыз» әнін орындап, педагог мәтінге сай қимыл-қозғалыстар көрсетеді, балалардан қайталауды сұрайды.
Ән аяқталысымен «пойыздан» түсіп балаларды қыдыруға шақырады. «Бақытты балалаық шақ» әні үнтаспада қайта ойналып, балаларға екеуден қол ұстасып , «серуендеуге»-зал ішінде еркін жүруге мүмкіндік береді. Жалаушаны жоғары көтеріп, жеңіл жүреді, тоқтап, екі қолды созып «тербеледі» ,бір орында айналады.
Балалар бар ынтасымен тыңдауға талпынады.

Ән шумақтарды орындағанда жалаушаны қозғай жүреді, «бір-екі» деп қосыла айтады.

Балалар көңілдене пойызға отырып, «вагондарға» жайғасады.
Орындық-вагондарда отырып, ән қимылдарын бірге жасауға талпынады, «пыш-пыш», «гу-гу» дыбыстарын айтуға тырысады.

Балалар қол ұстасып, зал ішінде өз беттерінше «серуендеп» жүреді.

Рефлекцалық-
түзетушілік Музыка жетекшісі:
-Балалар пойыз қалай жүреді?
Паровоз қалай тоқтайды?-деп сұрап, балаларды әңімеге тартады.
-Пойыздың тезірек жүруіне сендер көмектестіңдер, менің сендерге сыйлығым бар! –деп , қатты қағаздан жасалған кішкене жалаушаларды береді.
«Тізбектеліп тұрайық,
Вагондарды құрайық,
Енді топқа барайық!»-деп, балаларды шығарып салады. «Пш-пш», «пух»,-деп пойыздың дауысын салуға талпынады.

Балалар сыйлық жалаушалады алып, қуанады.
Қатарға тұрып, тізбектеліп ұстасып, залдан шығады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: «нді қосыла айта, ырғақпен қозғалу, қимылдарды қайталалй білуі керек.
Игереді: нық басып жүру, ойын шарттарына сай қимылдау.
Меңгереді: жалалушаны ұстай біледі, дыбыстарды қайталай айтады, ойын шарттарды орындауды біледі.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары.

«Балапан» I-сәбилер тобы 13.01.2015
Музыка жетекшісі: Аубакирова Ж.А 15.01.2015
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка
Тақырыбы: «Менің әжем»
Мақсаты: музыканы тыңдауды, еске түсіру қабілеттерін дамыту,ояту, ырғақты сезіну.
Көрнекі құралдар: асық, қамшы, әже суреті, қазан.
Сөздік жұмыс: еркем, наурыз.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің
іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Музыка жетекшісі балаларды қарсы алады. әже немересіне қарап тұрған суретті көрсетеді. Өлең оқиды.
«Еркем әнім ертеңім,
Елжіреткен көркемім,
Ертеңіме ертегі
Шежіремді шертемін,-деп әжесі немересіне өлең оқып береді. Балалар амандасады, отырады.

Балалар өлеңдң тыңдап, әже суретіне қарайды.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік Музыка жетекшісі:
-Ал балалар, балалар
Шеңберге тұра қойыңдар.
«Кел балақан» әнін айтып,
Қайталайық балалар.
(Қаңтар айындағы әнді айтуға ұсынады)
Әже қолындағы қоржынымен кіреді.
-Амансыңдарма, балаларым! Мен сендерге «Наурыз келді» әнін орындап берейін, ал сендер тыңдаңдар.
Музыка жетекшісіәнді қосыла айтып, бірге ырғақпен шапалақтауды ұсынады, «далама, қалама, балама» сөздерін қайталауды үйретеді. Әже:
-Балаларым, балғындарым, тағы қандай өнерлерің бар?
Музыка жетекшісі:
-Біз ұлдарымыз «Шабандоз»
Биін үйренгісін келеді,-деп билеуді ұсынады, үйретеді.
Әже:
-Онда қыздарым маған келсін, мен оларға «Қамажай» биін үйретейін. Ал енді менің енді қоржынымда не бар екен, өздерің алып көріңдер.
Балалар ілесе шеңберге тұрып, «Кел балақан» әнін айтуға тырысады.

Балалар орындарынан тұрып амандасады.
Отырып тыңдайды.
Балалар әнге қол шапалақтайды, сөздерін әнімен қайталайды.

Балалар билегісін келгенін көрсетеді, шабады, қамшыны ұстауды, орындыққа отырып шабуды үйренеді.
Қыздар әженің қасына отырып қимлдап, қолмен, басымен иілуді үйренеді.
Рефлекцалық-
түзетушілік Әже:
-Мен сендерге қазан алып келдім,асықтарыңды қазанға салығдар, әуенмен шабасыңдар, тоқтағанда бір-бірден аласыңдар.
-сау болыңыздар, сендер жақсы биледіңдер, ойнадыңдар, менің
«наурыз келді» әнімді қайталап жүріңдер.
Музыка жетекшісі балалардың жақсы қатысқанын айтып мақтайды. Балалар кезекпен өз қолдарымен асықты шығарады.

Балалар жақсы қатысып,көңіл күйлері көтеріледі.
Балалар әжемен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: әуенді қайталауды, тыңдауды, әнді айтуды.
Игереді: қамшы ұстауды, асық алуды, салуды.
Меңгереді: шабуды,орнына отыруды, қолдарымен қимыл жасауды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары.

«Балапан» I-сәбилер тобы 22.01.2015
Музыка жетекшісі: Аубакирова Ж.А 26.01.2015
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка
Тақырыбы: «Анам менің тамаша»
Мақсаты: музыка қабілетін дамыту, ырғақты қимылдарды есте сақтау, эстетикалық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Қарагөз-қуыршақ, қуыршақ-мама, бала санына сай қуыршақтар.
Сөздік жұмыс: ля-ля-ля, далама, қалама, балама.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің
іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Музыка жетекшісі балаларды қарсы алады, амандасады.
«шеңбермен жүреміз» жаттығуымен жүру, қимылдарды қайталатады.
«Үстел үсті» театры үстінен Қарагөз қуыршақ шығады.
-Сәлем достар! Сендер менің мамамды көрмедіңдерма? Мен мамамнан адасып қалдым, енді не істеймін? Көмектесіңдерші. Балалар амандасады,жаттығуы еркін жүріп қайталайды.

Балалар көрмегендерін айтады.
Көмектесеміз, іздеп көрейік.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік -Қарагөз, сен біздің қасымызға кел.
Мен сендерге «Мамамның мерекесі» әнін орындап берейін.
Үстел үсті театрынан Қуыршақ мама шығады.
-Балалар, сендердің мама туралы әнді айтқандарыңды естіп келдім. Енді бәріміз ән айтайық.
Педагог: біз «Наурыз келді» әнін сізге айтып береміз.
Қуыршақ мама:
-Сендер керемет тәртіпті екенсіңдер, аналарыңнан Қарагөзге ұқсап қашпаңдар.
Қарагөз сендерге көп қуыршақ әкеліпті, бәріміз қосылып «Қуыршағым-ай» әнін үнтаспадан тыңдап, билеп көрейік.
1-бөлім «Қуыршағым-ай»
(әнін, сөзін жазған И.Сапарбай)

Балалар анасы мен Қаракөздің кездескеніне қуанады.

«Наурыз келді» әнін есіне түсіреді, айтуға талпынады.

Балалар тәртіпті болуға, шуламауға тырысады. Қарагөздің қуыршақтарын бәрі алып, қуанады.
Балалар қуыршақтарды қимылдатып, билеуге үйретеді.
Рефлекцалық-
түзетушілік Кім келді? Не істедіңдер? Не ұнады?
Қарагөз:
Рақмет достар, тағы менімен ойнайсыңдарма?
«Өз қуыршағыңа жет» ойыны.
Қарагөз:
Достар! Сау болыңдар! Келесі жолы тағы да келемін.
Музыка жетекшісі:
Сендер әнді айтып, жақсы биледіңдер, егер де жақсы қатыссаңдар, Қарагөз тағы да келеді. Қарагөз келді.

Ойнаймыз.
Балалар ойнауға қызыға кіріседі, ойнайды.

Балалар қол бұлғап қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: әнді еске сақтауды, әнді айтуды, музыкалық шығарманы тыңдауды.
Игереді: қуыршақты ұстауды, өз орнын таңдауды. Музыканы тыңдап, қимыл жасауды.
Меңгереді: музыка арқылы қимылдауды, қолдарын, аяқтарын қозғауды,айналуды, дағдылануды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары.

«Балдырған» I-сәбилер тобы 20.01.2015
Музыка жетекшісі: Аубакирова Ж.А 22.01.2015
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка
Тақырыбы: «Анам менің тамаша»
Мақсаты: музыка қабілетін дамыту, ырғақты қимылдарды есте сақтау, эстетикалық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Қарагөз-қуыршақ, қуыршақ-мама, бала санына сай қуыршақтар.
Сөздік жұмыс: ля-ля-ля, далама, қалама, балама.

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің
іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Музыка жетекшісі балаларды қарсы алады, амандасады.
«шеңбермен жүреміз» жаттығуымен жүру, қимылдарды қайталатады.
«Үстел үсті» театры үстінен Қарагөз қуыршақ шығады.
-Сәлем достар! Сендер менің мамамды көрмедіңдерма? Мен мамамнан адасып қалдым, енді не істеймін? Көмектесіңдерші. Балалар амандасады,жаттығуы еркін жүріп қайталайды.

Балалар көрмегендерін айтады.
Көмектесеміз, іздеп көрейік.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік -Қарагөз, сен біздің қасымызға кел.
Мен сендерге «Мамамның мерекесі» әнін орындап берейін.
Үстел үсті театрынан Қуыршақ мама шығады.
-Балалар, сендердің мама туралы әнді айтқандарыңды естіп келдім. Енді бәріміз ән айтайық.
Педагог: біз «Наурыз келді» әнін сізге айтып береміз.
Қуыршақ мама:
-Сендер керемет тәртіпті екенсіңдер, аналарыңнан Қарагөзге ұқсап қашпаңдар.
Қарагөз сендерге көп қуыршақ әкеліпті, бәріміз қосылып «Қуыршағым-ай» әнін үнтаспадан тыңдап, билеп көрейік.
1-бөлім «Қуыршағым-ай»
(әнін, сөзін жазған И.Сапарбай)

Балалар анасы мен Қаракөздің кездескеніне қуанады.

«Наурыз келді» әнін есіне түсіреді, айтуға талпынады.

Балалар тәртіпті болуға, шуламауға тырысады. Қарагөздің қуыршақтарын бәрі алып, қуанады.
Балалар қуыршақтарды қимылдатып, билеуге үйретеді.
Рефлекцалық-
түзетушілік Кім келді? Не істедіңдер? Не ұнады?
Қарагөз:
Рақмет достар, тағы менімен ойнайсыңдарма?
«Өз қуыршағыңа жет» ойыны.
Қарагөз:
Достар! Сау болыңдар! Келесі жолы тағы да келемін.
Музыка жетекшісі:
Сендер әнді айтып, жақсы биледіңдер, егер де жақсы қатыссаңдар, Қарагөз тағы да келеді. Қарагөз келді.

Ойнаймыз.
Балалар ойнауға қызыға кіріседі, ойнайды.

Балалар қол бұлғап қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: әнді еске сақтауды, әнді айтуды, музыкалық шығарманы тыңдауды.
Игереді: қуыршақты ұстауды, өз орнын таңдауды. Музыканы тыңдап, қимыл жасауды.
Меңгереді: музыка арқылы қимылдауды, қолдарын, аяқтарын қозғауды,айналуды, дағдылануды. Тәрбие.орг сайтынан Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аубакирова Жанат Алмазовна

Арқалық қаласы "Золотой ключик" бөбекжай -балабақшасы Музыка жетекшісі

Пікірлер: 0

avatar