Меню
Артқа » » » Материал жариялау
Математика сабақтарында жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдаланудың жолдары
  • 10.03.2016
  • 506 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 17195

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы
Сайрам ауданы, Төлеби атындағы
шағын жалпы орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Амиров Хасен Касымбекович

Математика сабақтарында жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдаланудың жолдары
Математика пәнінде көптеген жаңа технологияларын қолдану тікілей мұғалімдердің шеберлігіне байланысты. Мұндағы мұғалімнің шеберлігі деп тұрғаным яғни жаңа формациядағы мұғалімді нұсқап отырмын. Яғни мұғалім өз сабақтарында оқушылардың қызығушылықтары мен ынтасын арттыру мақсатында оқытудың түрлі әдіс тәсілдерін қолдана алу. Жаратылыстану пәндерінде жаңа технологиялық әдістерді ендіру қиын деген пікірлер бар. Алайда, біз өз іс тәжірибелерімізді сол технологиялар арқылы оқытып жатқанымызда байқамаймыз. Математика сабақтарында ерекше көрініс тапқан бірнеше технологияларға тоқталдып кетсем.
Математика пәні бойынша оқыту үдерісіне ең көп көрініс тапқан Қараевтың технологиясы. Бұл технологияны математика пәнінде пайдалану оң нәтижесін көрсетіп жатыр. Үш өлшем бойынша тапсырмаларды құрастыру оңай. Өйткені, оқулықта тапсырмалардың өзі үш деңгейде беріледі. Сонымен қатар бұл технологияны пайдалана отырып, бір сабақ үдерісіне бағалау жүйелерін құрастыруға өте көп мүмкіндік туындайды. Өз іс тәжірибелерінде қолданап жүрген мұғалімдер әр бір өлшемге өзіндік критерийлерін немесе талаптарын құра отырып, шынайы бағалау сатысын құрған. Жас ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі бағалау әдістерін ұсынаған. Мысалы, «Бағдаршам» әдісін бастауыш сыныптардан бастап барлық сыныптарда қолдану тәсілін көрсеткен. Сонымен қатар жоғары сыныптарда әскери шендер арқылы үш сатыға бөліп және әр шенге критерийлерін құра отырып, бағалау жүйелерін жасаған. Әрине, бұлай деңгейлеп оқыту математика пәніне өте тиімді. Оған біздің математика пәні бойынша бұранан келе жатқан прблемалық жағдайлары бар. Ол оқушылардың пән бойынша үлгерімдері әр түрлі. Қабылдау деңгейлерінің төмендігіне байланысты бізде көптеген қиындықтар туады. Сондықтан біз әрқашан олардың деңгейлерін ескере отырып, карточкалар арқылы деңгейлік тапсырмаларды көп ұйымдастырамыз.
Ал ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану математика пәнінде өте тиімділігін көрсеткен. Әсіресе, математиканың геометрия саласы бойынша баланың мнемоникалық және зейіндік есте сақтау, елестету қабілеттеріне өте тиімді әсер етеді. Математика сабағында бұл технологияны пайдалану Ассоциативті оқыту үдерісінде оқушылардың нақты мәліметті жаңғырту немесе есте сақтауға жол ашқан. Жалпы ақпараттық технологияны математика пәніндерінде есептер шығару барысында және тестік тапсырмаларды орындауда өте тиімділігін көрсеткен. Дамыта оқыту технологиясына (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, В.В.Давыдов) тоқталсақ. Жалпы оқыту үдерісінде оқушыға даму аймағын ұйымдастыру өте маңызды. Выготскийдің ЖАДА іліміне сүйенсек, математика пәнінде бірін-бірі оқыту ең тиімді тәсілдердің бірі. Математика пәні бойынша оқушылардың үлгерімі бойынша деңгейлері анық көрінеді. Сондықтан мұғалімдердің басым бөлігі өз іс тәжірибелерінде оқушыларды бірін-бірі оқыту немесе бірінің көмегіне жүгіне отырып оқу жолдарын қарастырған. Әрине бұл даму аймағын шағын топтық немесе жұптық тапсырмалар беру арқылы ұйымдастырғанын көрсеткен. Сонымен бірге АКТ-сын пайдалана отырып, математика пәніне қызығушылықтарын арттыру мақсатын түрлі әдістерді пайдалана отырып, даму аймақтарын көрсеткен. Қысқаша тоқталып кететін болсақ, қызықты логикалық тапсырмалар, жұмбақ түріндегі есептер және видео арқылы берілген есептерді пайдаланып оқушылардың логикалық қабілеттерін дамыту жолдарын қарастырған.
Математика сабағында оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып отырып, интербелсенді оқыту үдерісін орнату күрделі мәселе. Алайда қазіргі таңда математика сабақтарында топтық жұмыстардың тиімділігін байқауға болады. Әрине мұғалім өз шеберліктерін көрсете отырып, тақырыбына байланыстыра «Джигсо» немесе «Мозайка» әдістерінің ережелерін өте түрліше пайдалану жолдарын көрсеткен. Мұнда олар топтық жұмыстарда диалогты оқыту әдісін пайдалана отырып, оқушының ойлау қабілетін дамыту жолдарын көрсетеді. Кез келген топтық жұмыс барысында ашық сұрақтар түрлері туындайтыны айқын. Сондықтанда бұдан байқайтынымыз математика сабақтарында баланың ойлау қабілетін дамыту жолдары міндетті түрде жүргізіліп жатқандарын көруге борлады. Жоғарыда айтып кеткендей АКТ және Выготскийдің даму технологиясында айтып кеткендей, логикалык немесе жұмбақ есептер, сонымен бірге кесте, ереже сканворд, тест және ең керемет фотосуреттер арқылы берілген есептерді берілгендерін байқауға болады. Мұндай есептерді бере отырып оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты берілген тапсырмалар деп тусінуге болады. Сонымен математика пәні бойынша мұғалімдердің іс тәжірибелерінде сыни тұрғыда ойлау технологиясына байланысты әдіс-тәсілдерді жиі пайдаланатындығын көруге болады. Тағи бір қоса кететін нәрсе, математика сабақтарында ойын арқылы оқыту технологиясы жиі пайдаланылады. Бұл өте қызықты әрі тиімді. Математика сабақтарында математика пән мұғалімдері ойын арқылы оқыту технологиясын өте көп пайдаланылған деуге болады. Мысалы, «Бинго», «Поле чудес», «Есепке толы қораптар» т.с.с. Жәнеде кейбір ұялы телефонда кездесетін ойын ережелерін тағи карта ойын ережелерін пайдаланып, оқыту үдерістерінде тиімді жолдарын көрсеткен. Ойын арқылы оқыту технологиясы математика сабақтарында оқушылардың есеп шығаруға қызығушылықтары мен мотивацияларының арттатындықтарын байқатады. Мұндай оқыту әдістерін қолданғанда оқушылардың арасында бәсекелестік туындап, жарыс атмосферасы байқалады. Және бұл технологияны пайдалану біздің математика сабақтарында тиімділігін көрсетеді.
Қорыта айтатын болсам, өзіміздің қалыптасқан білім беру қалыбымыз бар. Бірақта ол жетілдіруді талап етеді. Бой салыстыратын емес ой салыстыратын осынау ғасырда ойы ұшқыр, пайым-парасаты дамыған, дербес іс-әрекет жасай алатын, өзіндік көзқарасы қалыптасқан қоғамда болып жатқан өзгерістерге бейім азамат тәрбиелеу барша ұстаздар қауымының міндеті. Тәрбие.орг сайтынан Математика сабақтарында жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдаланудың жолдары Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: lmnopg
Көрсетілім: 506 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar