Мен көшедемін. «Балалар», «Жаяу жүргінші» жол белгілері. Қауіпсіздік ережелері

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 2264
  • Қосымша сабақ жоспары
  • 19/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18732


Тақырыбы: Мен көшедемін. «Балалар», «Жаяу жүргінші» жол  белгілері. Қауіпсіздік ережелері

Мақсаты:Балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын

                   қалыптастыру.Жол ережесін сақтауға үйрету.

                   Бағдаршамның атқаратын қызметін таныстыру.

 Көрнекілігі:Мультимедия,бағдаршам макеті,жол белгілері,

                       ұялы телефон

Сөздік жұмыс:жол белгісі,полиция қызметкері,бағдаршам

Әдіс-тәсілдері:Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап

Іс-әрекеттер

               Тәрбиешінің  іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

 

Мотивациялық-қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялық

түзетушілік

Тәрбиеші полиция қызметкерінің кимін киіп келеді.

-Балалар мен кіммін?

-Дүрыс айтасыңдар

-Мен жол сақшысымын

Жол сақшысының ұялы телефонына  хат келеді.

-Балалар,менің ұялы телефоныма             

хат келді.

-Хатта жұмбақтар жасырылыпты

       Жұмбақтар

Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім.

Ақылға салып ойланып,

Тапшы мұны пысығым

Бұл не?

Сөйлеуді ол білмейді

Бірақ «тоқта», «жүр» дейді

Бұл не?

Төрт аяғы дөңгелек

Адамсыз ол жүрмейді

Ол не?

Жарайсыңдар,балалар!

Бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз жол белгілері қауіпсіздік ережелері туралы екен.

Қазір қаламызда көліктердің түрлері өте көп,сол көліктермен жүргенде немесе көлік жүретін жолмен жүргенде міндетті түрде  жол белгілеріне қарап,жол тәртібін сақтауымыз керек.

  Мынау жол белгілері мұқият тыңдап таныс болайық

(жол белгілерімен таныстыру)

Осы жол ережелеріне байланысты,көліктерге байланысты кім тақпақ біледі?

Жәмилә

Санап кетсек сіз бен біз,

Сан көлікке мінеміз

Траллейбус,трамвай,

Автобуспен жүреміз

Ө.Айдана

Көлік, көлік,

Көліктерге мінеміз.

Көшелермен,көшелермен,

Күнде тынбай жүреміз.

Нұрай

Жол жүрудің тәртібін

Ережесін білеміз.

Сақтағанда қатерден,

Сау-саламат жүреміз.

Аглан

Көшеде бағдаршам болмаса,

Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе

Кідірме абыржып онда аспа,

Сенгейсің өзіңе,көзіңе

Зарина

Көшеде ортаға жеткенше

Әуелі көзің сал сол жаққа

Балақай ортадан өткен соң

Мойның сал сол жақтан оң жаққа

Еңілік

Мен білемін бәрін деме

Отырған жоқсың бөлмеде

Машина өтіп кеткесін

Жолаушы алға беттесін.

Бұл айтылған тақпақтардың барлығын есте сақтауымыз керек

-Жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамдар бар олардың екі көзі болады қызыл және жасыл.

-Саяхатқа шыққыларың келе ме?

-Саяхатха орманға бару үшін бізге автобус керек.

-Автобусқа мінудің де өз ережелері бар екен балалар.

-Автобусқа мінгенде артқы есіктен кіріп.алдыңғы есіктен түсу керек.Терезеден қолымыз бен басымызды шығаруға болмайды.Қауіпсіздік ережесін сақтау керек.

-Автобусқа жайғасайық.

-Балалар,алдымызда екі жол тұр біреуі жаяу жүргіншілер жолы бұл жолды жиек жолдар дейді

-Біз қай жолмен жүреміз?

-Алдымызда не тұр?

-Бағдаршамның қай түсі жанғанда жүреміз?

-Жүргізуші сіз неге жай жүрдіңіз?

     Жүргізуші бала: бұл жерде «Абайла» деген белгі тұр.

Белгінің ішінде жануардың суреті бар.Мұндай белгіде жай жүру керек.

-Енднше «Жануарлар» белгісі тұрса біз орманға да жақындап қалдық.

-Балалар, қоян мен барысты қараңдар.

Көрініс: «Барыс пен Қоян»

Екеуі жолдан өтпекші екен

Барыс:Жолдан өтерде әуелі сол жаққа,содан кейін оң жаққа қарау керек.Әйтпесе көліктер қағып кетеді

Қоян:Жоқ,мен оңға да солға да қарамаймын.Апай бізге жолдан өтер кезде бағдаршамға қараңдар деген.

Барыс:Ақымағым-ау орманда

 қандай бағдаршам болуы мүмкін? Бағдаршам қала көшелерінде болады

Жол сақшысы Барыс пен Қоянға жолдан қалай өтуге болатынын айтып түсіндірді

Бағдаршам жоқ кезде жолдың ортасында сызылған «Зебра» яғни жолақты сызықтармен өту керек.

-Балалар,біз орман жануарларына жолдан қалай өту керек екендігін көрсетейік.

Балалар,сендерге рақмет жолдарың болсын!

-Балалар, ненің даусы естілді тыңдаңдаршы

-Пойыздар жүретін жолдарды шойын жол дейді.

-Мұндай жолдардан да өткенде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.

-Балалар бақшамызға қайтайық

-Саяхат сендерге ұнады ма?

«Бағдаршам» ойыны

Шарты:Балалар,дөңгеленіп тұрады.Бағдаршам қызыл түсті көрсеткенде балалар бір адым артқа жылжиды.Сары түті көтергенде сол орнында тапжылмай тұрады.Жасыл түсті көтергенде бір адым алдыға жылжиды.(ойын 3рет қайталанады)

Жарайсыңдар!

Әрқашан жол тәртібін сақтап аман есен жүрейік.

 

 

 

 

Балалардың жауабы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жұмбақтың жауабын  шешеді жауабы:

-жол

 

 

жұмбақтың шешуі:

-бағдаршам

 

-машина

 

 

 

 

Тәрбиешіні мұхият тыңдайды:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Иә

 

 

Тәрбиешіні мұхият тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Көліктер жүретін жолмен

-Бағдаршам

-Жасыл түсі жанғанда

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

пойыздың

-Иә

                                   

 

  Күтілетін нәтиже:

 Нені білді: Жол ережесін сақтауды,жол белгілерін, бағдаршамды

 Нені игереді: Жол белгілеріне байланысты тақпақтар айта білуді.

Қолданады:Жолда абай болуды,жан –жаққа зейін қоюды,сақтануды

Тәрбие.орг сайтынан Мен көшедемін. «Балалар», «Жаяу жүргінші» жол белгілері. Қауіпсіздік ережелері Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Пікірлер: 0

avatar