Объектілермен жұмыс

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 949
  • Қосымша сабақ жоспары
  • 23/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19784


Бекітілді: ------------
Сыныбы: 5"З" Күні: 28.11.2015 Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Объектілермен жұмыс
Сілтеме Оқулық Информатика 5-сынып Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов Информатикадан электронды оқулық 5-сынып,
Мақсаты: - Windows объектілермен жұмыс істеу, оларды бір орыннан екінші орынға жылжыту дағдыларын қалыптастыру. Объектілерді іздестіру, көшіру, тасымалдау, жою, файлдар, бумалар, жарлықтар атауларын өзгерту жұмыстарын тиянақты, сауатты орындаудың дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: - іздестіру, көшіру, тасымалдау, жою, файлдар, бумалар, жарлық атауларын өзгерту тәсілдерін біледі.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Негізгі дереккөздер: Оқулық, интерактивті тақта, компьютер, плакат, кесте, постерлер, электронды оқулық, интернет материалдары, таратпа материалдар, бағалау дискрипторлары мен бағалау парағы
Әдіс –тәсілдер: Диалог, топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, Жигсо, сәйкестендіру, қорыту, формативті бағалау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру (2 мин) — Оқушылармен сәлемдесу;
— Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
— Жағымды психологиялық ахуал туғызу;
— Оқушыларды топқа бөлу;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
(4 мин)
(Диалог әдісі, сәйкестендіру) -Әр топ екі сұрақтан бір-бірлеріне сұрақ қояды;
-«Жылдамдық» үш топқа жылдамдықтарын анықтауға тапсырма беріледі. Топ мүшелері келесіп, тапсырма дайындайды, тексереді.
-Сәйкестендіру кестесін толтыру (көшбасшыны анықтау);
ІІІ. Ой қозғау. (1 мин) (СТО стратегиясы, АКТ) -Оқушылардың көңілін жаңа сабаққа аудару үшін сыни сұрақ қою: ОЖ дегеніміз не? (слайд арқылы суреттер көрсету көрсету)
-Осы сыни сұраққа жауап ала отырып, жаңа тақырыппен байланыстыру;
Кезеңдер.
Берілетін уақыт (40 мин) Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
«Білу» теориясы. (10 мин) -Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады.
-Объектілермен жұмыс .
-1-топқа: «Файлмен жұмыс»
-2-топқа: «Бумамен».
-3-топқа: "Жарлықпен жұмыс" өз түсінгендерін постерге түсіріп, топ болып қорғайды
-«ББҮ» түртіп алу стратегиясын қолдану -Оқушылар бүгінгі күнді және тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды.
-Оқушылар берілген тапсырма бойыншатопта Жигсо әдісі бойынша жұмыс жасайды.
-Білген түсініктерін қорыта отырып, біреуі оқып береді.
-Оқушылар дәптерлерінде ББҮ бойынша кестенің «Білдім» деген бағанын толтырады
«Түсіну» теориясы. (4 мин) Қызығушылықты ояту
-Осы тақырыпты біліуіміз үшін нені меңгеруіміз керек екен?
-Қазір барлығымыз «Білгім келеді» бағанын толтырайық. -Оқушылар дәптерлеріндегі кестенің «Білгім келеді» бағанын толтырып, өз ойларын айтады.
«Қолдану» практикасы. (8мин)
(Қарапайым тапсырмалар) Мағынаны тану
-Енді оқулықты ашып, тақырыпты оқиық.
-Оқулық және эл.оқулықпен жұмыс.
- -Оқушылар Жигсо әдісімен тақырыпты жекелеп оқып, түсінгендері бойынша постер жасап, баяндамашы қорғайды.
-
«Талдау» теориясы. (5 мин)
(Салыстыр, айырмашылығы неде? Ұқсастығы неде? Тақырыптың басты идеясы не?) -Интерактивті тақтада обектілердің орнын ауыстыру, көшіру, атын өзгерту, тағы басқа мүмкіндіктерін көрсете білуін ұйымдастыру. -әр топтан бір оқушы интерактивті тақтада түсінгендерін тізбектей көрсете отырып, бұрынғы білетін терезелермен ұқсастығы, айырмашылығы жайлы баяндайды.
Сергіту сәті. (1мин)
«Жинақтау» теориясы (4мин)
(қорытынды шығару, анықтама беру, мазмұнды жүйелі кесте т.б түрінде) -Бүгінгі сабақтан алған білімдерін жинақтап, ой елегінен өткізуді ұсынады. -Әр топ өз ойларын жинақтап, қысқа да түсінікті қорытынды анықтама береді.
«Бағалау» практикасы. (2мин)
Критерийлер бойынша формативті бағалау Мына дискрипторлар арқылы бағалау ұсынады.
-ОЖ элементтерін білемін – 1 балл;
-Файл, бума, жарлық деген не екенің білемін – 1 балл;
- Жарлықпен жұмыс жасау білемін - 1 балл;
-Файл, бума, жарлықтармен жұмыс жасай аламын – 2 балл;
-Жиыны 5 балл.
Топ басшыларының топ оқушыларын бағалау парағы негізінде оқушыларды бағалау Топ басшысы дискрипторлар бойынша баллдарын есептеп, оны
«5 баллдық» жүйеге ауыстырып топ мүшелерін бағалайды.
1-2 балл – «2»
3 балл – «3»
4 балл – «4»
5 балл – «5»
Рефлексия (1мин) Оқушыларға кері байланыс жасау үшін түрлі-түсті стикерлер таратады. Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын көңіл күй дидарына іледі.
Үйге тапсырма. 12 тақырып оқу Дарынды оқушыларға: «M.S Word » тақырыбына реферат және қайталауға тапсырмалар құрастырып келу. Тәрбие.орг сайтынан Объектілермен жұмыс Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Саяхат Бахытгул

Алматы қаласы №169 мектеп-лицей информатика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar