Қонақ үй өнімін сату мақсатындағы әр түрлі категориядағы қонақ үйлерге арналған жарнамалық қызмет

  • Жүктеулер: 2
  • Көрсетілім: 985
  • Қосымша сабақ жоспары
  • 02/Июн/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19153


Сабақ жоспары
Пәні: Қонақ үй шаруашылығында қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Сабақ тақырыбы: Қонақ үй өнімін сату мақсатындағы әр түрлі категориядағы қонақ үйлерге арналған жарнамалық қызмет
Сабақ мақсаты
1. Білімділік: қонақ үй өнімдерің өткізу мақсатындағы әр түрлі категориядағы қонақ үйлерге арналған жарнамалық-ақпараттық өнімдердің жасалу жолдарын үйрету.
2. Дамытушылық: логикалық ойлау, ептілік қасиеттерін, шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал жасау, іскерлік қабілеттерін дамыта отырып сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
3. Тәрбиелік: жеке, топтық жұмыста шапшандық, тапқырлық танытуға, білімді болуға талаптандыру. Шешім қабылдауды үйрету.
Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, пікірталас, ситуациялық жағдайлардан шығу.
Пәнаралық байланыс: менеджмент, маркетинг.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд «Қонақ үй өнімін сату мақсатындағы әр түрлі категориядағы қонақ үйлерге арналған жарнамалық қызмет», қайшы, түрлі-түсті қағаз, буклетер және т.б.
Сабақ жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі (5мин)оқушыларды түгендеу, сабаққа даярлығын қадағалау.
ІІ. Мұғалім сөзі (2мин) Алдынғы өткен қонақ үйлердің жарнамалық-ақпараттық қызметін ұйымдастыру туралы өтілен теориялық тақырыпты тәжірибелік сабақпен ұштастыра отырып сайыс түрінде іске асырамыз. Қонақ үй өнімін сату мақсатындағы әр түрлі категориядағы қонақ үйлерге арналған жарнамалық-ақпараттық буклеттердің эскиздерін жасаймыз.
ІV. Тәжірибелік кезең (30мин)
Тәжірибелік жұмыстың мақсаты мен міндеті:
• Қонақ үйлерде көп қолданыстағы жарнмама түрлерімен танысу;
• қонақ үйде кездесетін ситуациялық жағдайларды шешудің әдіс-тәсілдерін үйрету;
• қонақ үй қонақтарына қызмет түрлерін ұсынуды машықтану;
• кәсіби дағды қалыптастыру;
• эстетикалық талғам мен іскерлікке тәрбиелеу.

Студенттер үш топқа бөлініп қонақ үй атауына өздері таңдау арқылы тағайындайды. (Жұлдыз беру арқылы топтар өздерің бағалауы тиіс).
1 топ - «Ақсарай» қонақ үйі.
2 топ - «Абат» қонақ үйі.
3 топ - «Каспий» қонақ үйі.
Тапсырма №1 (үй тапсырмасы ).
1. Қонақ үйдің жарнамалық прецентациясы слайд – шоуын жасау және таныстыру.
2. Аудио жарнама жасақтау.
3. «Қол соғу» тренингі.
Тапсырма№2
(Көңілді ұяшықтар) сұраққа-жауап таңдау арқылы.
1. Жарнама дегеніміз не?
2. Жарнама қызметінің негізгі мақсаты не?
3. Қонақ үйлердегі жарнамалар қандай топтарға бөлінеді?
4. Қонақ үйлерде ақпараттық қызметтерді қандай қызметкерлер ұсынады?
5. Қабылдау және орналастыру қызметі міндетті түрде қандай ақпарат ұсынуы тиіс. Қонақ үй бөлмелерінде де қандай ақпарат ұсынылады?
6. Қонақ үйдегі жарнама бөлімі қай қызметтің құрамына кіреді?
7. Қонақ үйдің жарнамалық-ақпараттық қызметінде қандай мамандар қызмет атқарады?
8. Сыртқы жарнама дегеніміз не?
9. Баспа жарнамаларына жататындарды атаңыз?
10. Буклет дегеніміз не?
11. Жарнама агенттігі қандай бөлімдерден тұрады және оларды ата?
12. Қонақ үй жарнамасының мақсатының бірін ата?
Тапсырма №3
Қонақ үй пиктограммаларының мағынасын тап.

Тапсырма №4
Қонақ үйдің жарнамалық буклетінің эскизін даярлау. Эскиз эстетикалық таблаптарға сай болу керек. Жарнамалық буклеттер, бетшелер, сувинирлер қонақ үйдің стильіне сай болуы қажет.

Тапсырма№5
Үш топқа арналған жалпы жұмыс ситуациялық жағдаяттар. (рөлдік ойын).
1 жағдаят
Қонақ үйіңізге келген қонаққа қонақ үйдің қосымша ұсынатын қызметтері туралы жарнамалау мақсатында ақпарат беріңіз.
2 жағдаят
Туристік бюро қызметкері ретінде келген қонаққа тұрып жатқан елді мекенге ұйымдастырылған туристік экскурсиялық сапарлар туралы анықтамалық нұсқаулар беріңіз.
3 жағдаят
Туристік көрмелеге қатысып жатқан қонақ үй қызметкерлерінің мамандары ретінде көрмеден үзінді көрсетіңіз.
Психологиялық тренинг «Жарнама ролигі».
IV. Қорытынды (2мин) рефлексия
V. Бағалау (3мин)
VI. Үй тапсырмасы (3мин) қонақ үй бөлмесіне арналған ас мәзірінің эскизін жасақтап дариялап әкелу. Тәрбие.орг сайтынан Қонақ үй өнімін сату мақсатындағы әр түрлі категориядағы қонақ үйлерге арналған жарнамалық қызмет Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бекбаева Арай Жанатовна

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы "Каспий" педагогика және салалық технологиялар колледжі қонақ үй шаруашылығында қызмет көрсетуді ұйымдастыру пәні оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar