Шаруашылық әрекеттері мен процестері

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 634
  • Қосымша сабақ жоспары
  • 22/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18786


А.Е.Асанова
А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінің өндірістік оқыту шебері
Шаруашылық әрекеттері мен процестері
Сабақтың мақсаты: оқушыларға шаруашылық әрекеттері мен процестері туралы жалпы түсінік беру; Оқушылардың теориялық білімдерін толықтыру, арттыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін арттыру. Жаңа терминдермен таныстыру. Ой өрістерін жетілдіру
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылылығын арттыру, адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайд, интерактивті тақта.
Сабақты жоспарлау:
1.Ұйымдастыру кезеңі:топты, оқу құралдарының дайындығын тексеру.
2.Сабақтың барысы:
1.Өткен сабақты қайталау
2. Жаңа сабақты түсіндіру
3.Сөзжұмбақ шешу
4.Сөз тіркесін табу
5.Бекіту сұрақтары
6.Бағалау
7.Үйге тапсырма беру
Сабақты бастамас бұрын «Шағын топтар» әдісін қолдана отырып топты үшке бөліп аламыз. Оқушылар топ басшысын, топ атауын құрады.
1.Өткен сабақ бойынша сұрақтар қойылады. Интерактивті тақтада сұрақтар ұяшықтарға жазылып, топ оқушылары оған жауап береді. Әр топ таңдаған ұяшықтарына сәйкес ұпай сандарын жинайын болады.





2. Жаңа сабақ
Шаруашылық әрекеттері дегеніміз- кәсіпорындардың өндірістік – шаруашылық қызметтері барысында орындалатын жеке шаруашылық оқиғалары мен әрекеттері. Шаруашылық әрекетеріне мыналар жатады:
 Материалдарды алу;
 Қоймаға жеткізу;
 Қоймадан өндіріс орындарына босату;
 Белгілі бір өнім түрін жасау;
 Өндірілген өнімдерді цехтардан қоймаларға жеткізу;
 Сату;
 Ақша қаражатын алу.

 Дайындау процесі –белгілі бір кәсіпорын басқа бір кәсіпорындардан өндіріс процесін қамтамасыз ететін қажетті еңбек заттарын алады және соларға сәйкес ақша қаражатын төлейді.




 Сату процесі - белгілі бір кәсіпорын басқа кәсіпорындарға өздерінің өндірген дайын өнімдерін сатады және солар үшін сәйкес ақша қаражатын алады.

Өнімді дайындау процесі

Өндіріс процесі
Өнімді қоймаға босату

2

6
7 9


3
1
4 5 8










Сату процесі
3.Сөзжұмбақ шешу. Бірінші болып орындаған топқа 15 ұпай, екінші топқа 10 ұпай, үшінші топқа 5 ұпай.

1. Өнімді сатушы кәсіпорындар қалай аталады?
2. Өнімді сатып алушы кәсіпорындар қалай аталады?
3. Ең алғаш бухгалтер лауазымын алаған кім?
4. Камералдық есеп түрі қай қалада пайда болды?
5. Өздерінің өндірген өнімдерін сатып және солар үшін ақша қаражатын алу қай процеске тән?
6. Біркелкі және біртекті бейнеде шаруашылық құбылыстарды есептеу үшін қолданылатын есеп өлшегіші?
7. Латын тілінен аударғанда қарыз беруші ұғымын береді?
8. Адамдардың материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекеті
9. Қарыз алушы ұғымын білдіреді?

4 Сөз тіркесін табу. Бірінші болып орындаған топқа 15 ұпай, екінші топқа 10 ұпай, үшінші топқа 5 ұпай.






5.Бекіту сұрақтары
1. Шаруашылық әрекеттеріне мысал келтіріңіз?
2. Тұтынущылар дегеніміз кімдер?
3. Өнімді сатушы кәсіпорын қалай аталады?
4. Еңбек құралдары дегеніміз не?
5. Еңбек заттарына мысал келтіріңіз?
6. Сату процесіне сипаттама беріңіз?
Қорытынды оқушылардың білімдерін қорытындылау


Топтар Тапсырмалар бағасы
1.«Үй тапсырмасы сұрақ-жауап» 2. Сөзжұмбақ шешу 3.«Сөз тіркесін табу 4.Бекіту сұрақтары Қорытынды балл
1-топ 16 15 10 2 43
2-топ 15 5 5 2 27
3-топ 14 10 15 2 41

6.Бағалау
7.Үй тапсырмасын беру. Тәрбие.орг сайтынан Шаруашылық әрекеттері мен процестері Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Асанова Ақерке Еркінқызы

Батыс Қазақстан облысы А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі өндірістік оқыту шебері

Пікірлер: 0

avatar