Меню
Артқа » » » Материал жариялау
Тарауды қайталау
  • 04.11.2016
  • 490 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19889

Сабақтың тақырыбы: Тарауды қайталау
(5-тарауды қайталау «ҚАДІРЛІ ӘЖЕЛЕРІМ, МЕЙІРІМДІ АНАЛАРЫМ»)
Сабақтың мақсаты: Өтілген тарау бойынша тест жұмысын жүргізу
Тарау бойынша алған білімдерін пысықтау, ойлау қабілеттерін дамыту
Сауаттылыққа, ұғымталдыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Көріпкел Аян»
III. Өткенді пысықтау
Сұрақ – жауап. Әр оқушыға бір-бір сұрақтан қойылады.
IV. Жаңа сабақ.
5-тарауды қайталауға арналған тест тапсырмалары
ҚАДІРЛІ ӘЖЕЛЕРІМ, МЕЙІРІМДІ АНАЛАРЫМ
1.«Кім үлкенді тыңдаса, Кім үлкенді сыйласа, Үлкен болған кезінде, Сыйлы болмақ өзі де» деп айтқан кім?
А) Спандияяр Көбеев Ә) Сырбай Мәуленов Б) Жақан Смақов В) Ыбырай Алтынсарин
2. Оқиғасы «Атаңа не қалсаң, алдыңа сол келер» деген нақыл сөзге құрылған шығарманы ата
А) С.Көбеев «Атасы мен немересі» Ә) Ы.Алтынсарин «Шеше мен бала»
Б) Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» В) М.Мақатаев «Қарттарды сүйемін»
3. «Әжетайым» деген сөз қай мәтінде кездеседі?
А) Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» Ә) Ф.Оңғарсынова «Жылу»
Б) Ф.Оңғарсынова «Әже» В) Ы.Алтынсарин «Шеше мен бала»
4. «Аталарым» деген сөз қай мәтінде кездеседі?
А ) Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» Ә) Ф.Оңғарсынова «Жылу»
Б) Ф.Оңғарсынова «Әже» В) Ы.Алтынсарин «Шеше мен бала»
5. «Айдай анам» деген сөз қай мәтінде кездеседі?
А) Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» Ә) Ф.Оңғарсынова «Жылу»
Б) Ф.Оңғарсынова «Әже» В) Ы.Алтынсарин «Шеше мен бала»
6. Жеті атаңды білу қажеттілігі қай шығармада айтылған?
А) Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» Ә) Ф.Оңғарсынова «Жылу»
Б)С.Көбеев «Атасы мен немересі» В) С.Көбеев «Шал мен балалар»
7. «Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған» деген жолдардың авторы кім?
А) Спандияр Көбеев Ә) Ыбырай Алтынсарин Б) Жақан Смақов В) Фариза Оңғарсынова
8. Әлди бөпем деген сөздері бар жыр қалай аталады?
А) Батырлар жыры Ә) Төрт түлік жыры Б) Наурыз жыры В) Бесік жыры
9. Ер адамға қатысты қариялар, қарттар сөздерінің мағыналас қатарын толықтыр:
А) Аталар Ә) Әжелер Б) Аналар В) Апалар
10. «Үлгілі бала» деген кітабы бар балалар жазушысы кім?
А) Спандияр Көбеев Ә) Бауыржан Момышұлы
Б) Жақан Смақов В) Ыбырай Алтынсарин
V. Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма беру Тәрбие.орг сайтынан Тарауды қайталау Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Еспаева Гаухар Амангелдіқызы

ШҚО Семей қаласы " №18 жалпы орта білім беретін мектеп"КММ бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: espaevagaukhar
Көрсетілім: 490 | Жүктеулер: 2
Барлық пікірлер: 0
avatar