Таспаны тілу және сыдыру.

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 780
  • Қосымша сабақ жоспары
  • 20/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18750


3-4 сабақ. .
Сабақтың тақырыбы: Таспаны тілу және сыдыру.
Сабақтың мақсаты: Таспаны тілуді,сыдыруды үйрету.Таспаны көркем өңдеу
ісінде оқушы ізденісіне жол ашу.Шығармашылыққа үйрету.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Құлақбау(қайыс),пышақ ,қысқы.
Сабақтың барысы: Сабақты дайын құлақбаудан тілінетін таспалардың жалпақтықтары бірдей болып шығу үшін сызғышпен өлшеп ,қарындашпен сызып алғанымыз жөн.Содан кейін ғана тілуді бастаймыз.Таспа тілетін пышақтың өте өткір болғаны дұрыс.Алдын ала сызылған сызық бойымен пышақты бірқалыпты,еппен ғана тартып отырып таспаны тілуді жүзеге асырамыз.Таспаны тілгенде олардың ұштарын екінші бір адам ұстап отырады.Ол адам таспаның екі ұшын тең тартуы керек.Сонда ғана таспа түзу тілінеді.Тігілетін таспаның, өрілетін өрімнің әдемі шығуы осы таспаның дұрыс тілінуі-
не тікелей байланысты.Ал, жұмысты жеңілдету үшін шеберлер әртүрлі таспаны тілетін, оны сыдыра-
тын аспаптарды (станок) ойлап жасады.
Таспаны өңдеудің келесі сатысы оны сыдыру деп аталады.Таспаны сыдыру өте күрделі процесс
болып табылады.Сыдыруды өте еппен,асықпай іске асырған өте дұрыс.
Сыдыру-тілінген таспаның астыңғы жақ (көк еті жағы) екі қырын алу.Сыдырылған таспа өрімге де,таспалауда да жақсы жатады.Өрімшілер негізінен оны пышақтың көмегімен іске асырады.Әр өнер-
дің жасала келе жақсаратыны сияқты біздің шеберлеріміз де таспаны сыдырудың алуан түрлі тәсілдер-
ін ойлап тауып,одан әрі жетілдіру үстінде.Сіздермен соның біріне тоқталамыз. 3 –суретте көрсетілгендей аспапты қолдануғауға болады. Арнайы аспапта тілініп,сыдырылған таспа кез-келген
іске жарамды.Сондықтан үйірмеде осындай аспаптарды қолданған өте тиімді.
Үйірме мүшелерінің барлығын қатыстыра отырып таспа тілуді үйренеміз.Оларға қолдарын жаттық-
тыру үшін көп еңбектенуге тура келеді.Таспаны сыдыруды мұғалімнің тікелей көмегімен істеп үйренеміз.Сабақ соңында әр оқушыға өзінің тілген таспасын ұстатып,бір бірімен салыстыру арқылы бағалап,тиісінше түзетулер мен ескертулер жасалады.
Оқушыға таспа тілуде, сыдырудағы қол еңбегін жеңілдетудің жолдарын іздестіру тапсырылады. Тәрбие.орг сайтынан Таспаны тілу және сыдыру. Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шұлғаубаев Тілеуберді Тұрарбекұлы

Пікірлер: 0

avatar