ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОРҒАУ

  • Жүктеулер: 3
  • Көрсетілім: 1054
  • Қосымша сабақ жоспары
  • 24/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18811


Пән атауы:
Дүниетану
Сабақ тақырыбы:
Тау жыныстары және оны қорғау
Сабақтың мақсаты:
Тау жыныстары жайлы және оларды қорғаудың маңызы екенін түсіндіру, бос тау жыныстары қайда қолданылатынын және шаруашылықтағы маңызын әңгімелеу.
Сабақтың міндеті:
1.Жер бетіндегі тау жыныстарының кездесетін жерлерін атау
2.Тау жыныстарының түрлері сызбасын құрастыру
3.Топпен бірігіп тау жыныстарын қолдану аясы туралы өз нұсқаларын ұсынады

Кутілетін нәтеже:
Тау жыныстары және оны қорғауды біледі
Сабақтың түрі:
Жаңа сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
Диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлау.
Сабақта қолданылатын ресурстар:
Оқулық, дәптер, суреттер
Пәнаралық байланыс:
Музыка, дүниетану

Сабақтың барысы:
Уақыты Кезеңдері Мұғалімнің іс- әрекеттері Оқушының іс-әрекеттері
2 минут Ұйымдастыру 1.Психологиялық ахуал орнатады. Шырылдады қоңырау, Біз сабақ бастаймыз. Партамызға отырып, өзара көз тастаймыз. Табыс тілеп көзбенен жаңа білім алуға,алға қадам аттаймыз.
Бақылау күнделігімен жұмыс жасау
2.Оқушыларды 3 топқа бөледі. 1-т: «Тау» 2-т: «Құм» 3-т: «Саз» Оқушылар қимыл- қозғалыс жасай отырып, назарларын сабаққа аударады.
Оқушылар топтарға бөлінеді.
7 минут Тірек білімді белсендіру 1.Үй тапсырмасын сұрау.
2.Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын қорытады.
Миды ойландыру:-Тау жынысы дегеніміз не?
- Қалай ойлайсың, сұйық тау жынысы болама?
Тауқылау. Қорытынды жасау
Жаңа материалмен жұмыс. Тақырыпты хабарлау және мақсатын түсіндіру. Сұрақтарға жауап береді.

8 минут Жаңа тақырыпты меңгеру. 1.Оқулықпен жұмыс жасау.
Мәтінді оқып береді, оқығанды талқылау, сұрақтар қояды, сызба құрастыру.
1.Суреттермен жұмыс жасайды.
2. Кесте құрастыру.
3. Сұрақтармен жұмыс
1. 1-т:Тау жыныстары деп нені атайды?
2-т: Құм мен саздың ұқсастықтары неде? Қандай айырмашылықтары бар?
3-т: Құм мен саз қайда қолданылады?
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық. Тау сияқты биік болайық.
Бір отырып,бір тұрып,орнымызға қонамыз.
Оқулық пен жұмыс жасайды.
Сұрақтарға жауап береді.

Қимыл қозғалыс жасайды.
20 минут Тақырыпты бекіту 1.Шығармашылық тапсырманы орындатады. Қай топ дұрыс жауап берсе, сол топ жеңілпаз болады.
1-топ: Таудың суреттерін сал?
2-топ: Құм туралы білетініңді әңгімеле?
3-топ: Саздан не жасайды?
Шығармашылық тапсырма орындайды.
4 минут Кері байланыс Мұғалім сұрақ қояды.
-Алдымызға қандай мақсат қойған едік?
Мақсатымызға жеттік пе? Дәлелдеңдер. Оқушылар ашқан жаңа білімдерімен бөліседі.
3 минут Бағалау Мұғалімдер оқушыларға қорытынды бағаларын қояды. Топ басшылар алдымен топ мүшелерімен, содан кейін топтар бір-бірін бағалайды.
1 минут Уйге тапсырма беру Әңгімелеп келу. Оқушылар орындап келеді. Тәрбие.орг сайтынан ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОРҒАУ Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Аккулова Гулжихан Туралхановна

№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar