Меню
Артқа » » » Материал жариялау
Тері өңдеу шеберханасына топсеруен
  • 20.04.2016
  • 425 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18748

Сабақтың тақырыбы: Тері өңдеу шеберханасына топсеруен.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды терінің өңделетін орынымен, қажетті құрал-
жабдықтармен таныстыру,мамандармен пікірлесу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: талқы,қырғы,басқада қажетті заттар.
Сабақтың барысы: Мұғалім алдын ала тері өңдеушіменжолығып,топсеруеннің жоспарын құрады.Өзіне оқушылар арасынан көмекшілер сайлап алады.Осы жоспар бойынша мұғалім оқушылар-
ды тері илеушінің шеберханасына алып барады.Бұл жерде шебер әртүрлі құралдарды көрсетіп,олар-
дың жұмыс істеу барысымен таныстырады.Теріні өңдеу барысын әңгімелеп береді.И салынған ағаш бөшкедегі сұйықтың құрамымен таныстырады.Балалар өздерінің түсінбеген сұрақтарын кезектесіп
қойып тиісті жауаптарын алып,қажет деген тұстарын дәптерлеріне жазып алады.
Пайдаланылатын созғы, талқы,қырғы сияқты құралдарды қолдарымен ұстап,теріні жұмсарту ісіне өздері ат салысады.Бұл жерде оларға құралдармен жұмыс барысындағы техника қауіпсіздігі ережеле-
рі қатаң ескертіледі
Шебердің көмегімен үлкен теріден құлақбаулар тілініп,үйірме мүшелеріне оның ішкі көк етін қыр-
ғы арқылы қырып,талқымен талқылап жұмсартып көрсетіледі.Содан кейін оларға алынған құлақбау-
ларды өз беттерінше түрлі тәсілдер қолданып жұмсарту тапсырылады.
Сонымен, топсеруен нәтижесін қорытындылау мақсатында оқушылар өздерінің көрген-білгендерін әңгімелейді. Тәрбие.орг сайтынан Тері өңдеу шеберханасына топсеруен Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: ycehcehj
Көрсетілім: 425 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar