Тіл дамыту Сабақтың тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

  • Жүктеулер: 12
  • Көрсетілім: 1057
  • Қосымша сабақ жоспары
  • 04/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18432


Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»
Сабақтың мақсаты:
1. Түзете-білімділігі: Балаларға мамандықтар туралы түсінік беру. Әр түрлі мамандықтармен таныстыру.
2. Түзете-дамытушылығы: Балалардың тілдерін дамытып, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту.
3. Түзете-тәрбиелігі: Балаларды мамандыққа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Әдіс-тәсілдер: информациялық-рецепиялық әдіс
Көрнекіліктер: суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Баланы психологиялық жағынан сабаққа дайындау
2) Баланың ынтасын, іскерлігін арттыру

ІІ. Өткен сабақты пысықтау
«Құстар қалай ұшады?» ойыны
Бала құстардың дауысын келтіріп, қимыл-қозғалыстар жасайды.
Қарға ұшар қарқылдап,
Торғай ұшар шырылдап,
Көгершін ұшар гуілдеп,
Қарлығаш шықшықтайды.

ІІ. Жаңа сабақ
Суреттер бойынша әңгімелесу.
- Мамандықтарға дәрігер, мұғалім, жүргізуші, аспазшы жатады.
Дәрігер – адамдарды емдейді, дәрі береді. Ал, мұғалім сабақ оқытады.
Аспазшы болса бізге тәтті-тәтті тағамдар пісіреді екен.
Тігінші көйлек тігеді.
Сондықтан бізге барлық мамандықтар қажет.
- Сенің әкең қайда істейді?
- Жүргізуші
- Суреттен жүргізушіні көрсетші.
- Ал Әйгерімнің анасы қайда істейді екен?
- Тігінші
- Тігінші не тігеді?
- Көйлек
Жұмбақ шешу:
Ішті де,
Тісті де емдейтін
Ақ халатты
Абзал жандар кімдер?
- Дәрігерлер
- Мынау кім?
- Дәрігер
- Дәрігерлердің киімінің түсі қандай?
- Ақ
- Дәрігерлер кімдерді емдейді?
- Адамдарды
«Менің мамам – дәрігер» өлеңін жаттау
Тіс ауырса, іш ауырса,
Мамам дәрі береді.
Барлық ана, барлық бала,
Оны жақсы көреді.

ІҮ. Сергіту сәті:
Ұшқыш болып ұшайық,
Тігіншіге ұқсайық
Дөңгелене би билеп,
Бишіге біз ұқсайық!

Ү. Бекіту:
Дидактикалық ойын: «Құралдардың иісі кім?»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Әр түрлі мамандық бірнеше құралдардың атын және оның иесі кім екенін допты беру арқылы балалардан сұрау

ҮІ. «Біз не білдік?»
Мамандықтар әртүрлі болады – дәрігер, аспазшы, сатушы.
Мамандықтың бәрі жақсы!

ҮІІ. Бағалау
Балаларды жеке-жеке мадақтау Тәрбие.орг сайтынан Тіл дамыту Сабақтың тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы» Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Менлибаева Майра Баймагамбетовна

Қызылорда қаласы, Облыстық балалар оңалту орталығы Дефектолог

Пікірлер: 0

avatar