Меню
Артқа » » » Материал жариялау
ТІЗБЕКТЕЛГЕН САБАҚТАР ТОПТАМАСЫН ЖОСПАРЛАУДА МОДУЛЬДЕРДІ ЫҚПАЛДАСТЫРУ
  • 13.03.2016
  • 544 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 17382

ТІЗБЕКТЕЛГЕН САБАҚТАР ТОПТАМАСЫН ЖОСПАРЛАУДА МОДУЛЬДЕРДІ ЫҚПАЛДАСТЫРУ

Хаширметова Азадахан Абдураймовна

ОҚО, Кентау қаласы, Қарнақ ауылы, Ақын-тұма №11 негізгі орта мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі

Қазіргі таңда заман талабына сай сапалы білім, саналы тәрбие беру басты мәселе. Осы орайда елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Сапалы білім беру – бәсекеге қабілетті қоғам орнатудың негізі» деген сөзін еске алайық. Елбасы қоғамымызды дамыған елдермен бәсекеге түсуі үшін сапалы білім берудің қажеттігін айта отырып, мұғалімдерге үлкен сенім артуда.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім [1]. Сондықтан, әлемдік білім кеңестігіне шығу үшін бәсекеге қабілетті, әлемнің кез келген елінде еңбек ете алатын тұлғаны қалыптастыратын жан ол – мұғалім. Мұғалім сапалы білім мен саналы тәрбиені дарытумен қатар оқушы бойындағы ерекше қабілетін аңғарып, оны дамытып, дарындылығын арттырады. Ол үшін мұғалім шығармашылықпен іздене отырып еңбек ететін жан-жақты болуы керек. Сол үшін де мұғалімді біздің үмітіміз бен қоғам болашағын жақсылыққа тәрбиелейтін көшбасшы тұлғаға балаймыз. Өз мамандығының қыры мен сырын терең меңгерген, шәкірт бойынан көрінген кішкентай шырақты өшірмей жаға біліп, нәтижеге қол жеткізу – ұстаз мұраты.
Бағдарламаның негізгі міндеті – мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін бағалауға және жетілдіруге көмектесу. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби дәрежесі өзара байланыста қарастырылады. Осы бағдарламаның негізгі қағидаттары тәжірибелік қызметтердің нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктірілуі болып табылады.
Курстың бірінші бетпе-бет кезеңінде осы жеті модуль бойынша топтық жұмыс жасап, түрлі тәжірибе барысында ой бөлістік, сабақты қалай жоспарлау керектігін үйрендім. «Үйрету бар жерде үйрену бар» - дегендей, әлі де үйренерім көп екенін түсіндім.
Бірінші бетпе-бет кезеңі аяқталғаннан кейін, мектепке іс-тәжірибе кезеңіне келдім. Іс-тәжірибе кезеңінде оқыту мен оқуға өзім үйреніп келген өзгерістерді енгізуге шешім қабылдадым. Бұл мақсатымды жүзеге асыру үшін 5-сыныптың орыс тілі сабағын алдым. Оқулықтағы «Лексика» тарауы бойынша тізбектелген төрт сабаққа, яғни «Однозначные и многозначные слова», «Прямое и переносное значения слов», «Синонимы» және «Антонимы» тақырыптарына орта мерзімді жоспар дайындаудан бастадым. Менің мақсатым: жоғарыда айтылған тақырыптар бойынша оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер арқылы молайту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттырып, жұптық және топтық жұмыс жасау әрекеттерін дамыту болатын. Жоспарды дайындауда оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып, сындарлы оқытуды жеті модульдің элементтерін кіріктірдім. Әрбір сабақтың мақсаттары мен күтілетін нәтижелерін алдын-ала белгілеп алдым. Курстың алдында сабақтарымда қолданып жүрген әдістерімнің орнына курста үйреніп келген жаңа әдіс-тәсілдерімді қолданып көрдім.
Жаңа сабақ жоспарымды мұғалім мен оқушының іс-әрекеті арқылы төмендегі сабақ жоспарын түрлендіріп құрдым, өзгерістермен толықтырып сабақ өттім. Тізбектелген сабақтар топтамасында әр сабағымда оқушылардың өзін-өзі реттеуі, яғни оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы, белсенділігі, өз ойларын еркін жеткізуі, білімге деген құштарлығы, өз бетінше ізденімпаздығы байқалды. Сабақтың қызықты болуы мұғалімнің теориялық білімді оқушыға түсіндіруімен байланысты емес, оқушылардың өз белсенділіктеріне, ізденістеріне байланысты. Бастапқыда оқушылардың сабақты өздігінен игеруі өте қиын. Осы жағдайларда оқушыларға бағыт-бағдар беруші мұғалім. Мұғалім керек жерде түрткі де болады, мадақтай да алады. Бұрынғы сабақтарымызда мұғалім басты рөлді атқарған болса, қазіргі оқу үдерісінде оқушы белсенділік көрсетуге тиіс. Ал мұғалім көбінесе кеңесші, бағыттаушы рөл атқарады.
Қазіргі кезде оқытудың басты мақсаты өз бетінше дами алатын жеке шығармашыл тұлғаларды қалыптастыру болғандықтан, мектеп қабырғасында оқушылар өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын игеруге тиіс. Өзім көшбасшы болып, үлкен нәтижелерге жетуіме сенемін. Оқыту кезінде жеті модульді кіріктіре отырып, өмірде өз орнын таба алатын шәкірттер дайындауға түрткі бола алатын ұстаз болуыма сенімдімін. Менің теориядан білгенім білім беруге негізделген дәстүрлі стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақталған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды. Сондықтан механикалық есте сақтау барысында үстірт білім алу жағдайлары орын алатынын байқадым. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту немесе емтихан аяқталған соң керексіз болып қалады. Және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету [1].
Мектептегі іс-тәжірибеге барған кезде мен жұмыстар барысында біршама өзгерістер жүзеге асырдым. Бірінші болып сыныпта «оқуды үйрететін» білім ортасын құруға және психологиялық ахуалды қалыптастыруға басты назар аудардым. Кейін бұрынғы сабақтағы күнтізбелік жоспарымды өзгертіп, жеті модульді кіріктіріп қайта түздім. Жаңа сабақ жоспарымды мұғалім мен оқушының іс-әрекеті арқылы кезеңдер бойынша сабақ жоспарын түрлендіріп құрдым, өзгерістермен толықтырып сабақ өттім.
«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулінің элементтерін пайдалану мақсатында оқушыларды топтарға бөлдім. Оқушыларды топқа бөлуде түрлі әдістерден пайдаландым. Мысалы, мозайка, түстер, жануарлар мен аңдар, жемістер мен көкөністер арқылы топқа бөлдім. Сабақтың алғашқы кездерінде топқа бөлу не екенін, не үшін топқа бөлінетінін түсінбей сынып шуға толып кететін еді. Бірақ құрған топ ережесі арқылы оқушылар біртіндеп топтық жұмыстың пайдасын түсінді. Кейін келе өздері топқа бөлінуге қызығушылықтарын білдіріп тұрды. Бұрынғы сабақ барысында мен мынадай нәтижеге қол жеткізетін едім: сабақты өзім ашып беретін едім, жаңа сабақты оқушыға өзім түсіндіретін едім, тек қана жеке жұмыс орындайтынбыз, оқушыны өзім ғана бағалайтынмын, оқушы да тек баға алу үшін оқитын, бағаны да тақырыпты жаттап айту арқылы алатын еді. Ал бүгінгі сабақтарым өзгеше, оқушылар жаңа сабақтың мақсатын түсініп, сабақты өздері ашуды үйренді. Сапалы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мен «Миға шабуыл», «Серпінді сұрақтар», «Сұрақ бізден – жауап сізден» әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларға бағыт-бағдар беріп тұрдым. Оның нәтижесінде оқушылар өздігінен іздену арқылы сыни тұрғыдан ойлануға үйренді және сабақты өздері ашатын болды. Осы кезде оқушылардың бойынан ізденушілік, тапқырлық, зерттеушілік қабілеттерін байқадым. Оқушыларға топтық жұмыс жасағанда уақыт бердім, сол уақыт ішінде тапсырманы аяқтау керектігін түсіндірдім. Әрине бастапқы кезде уақыттан тиімді пайдалана алмадық, бірақ бара-бара уақытты тиімді пайдалануды үйрену арқылы өзінің оң шешімін тапты.
Сыни ойлау тек оқушының ғана ойлауын дамытып қана қоймай, мұғалімнің де сыни тұрғыдан ойлауын шыңдайды. Сыни ойлататын сұрақтар қою арқылы оқушылардың ойлау қабілеттері дамиды. Мен «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін дәстүрлі және сындарлы оқытуды салыстырдым. Бұл кезде мен «Жигсо», «Елші», «Үшеуі үйде, біреуі қонақта» әдістерін қолдадым. Себебі бірінші бетпе-бет кезеңде сындарлы оқытудың бұл әдістері туралы толық мағлұмат алып, оны тәжірибе жүзінде қолданған болатынмын. Сол кезде бұл әдістерді сабақтарымда қолдасам, жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімді түсіндім. Бұл әдістер арқылы оқушылар жаңа тақырыпты өз тобында түсініп оқып, әр топқа түсіндіріп, уақытты үнемді пайдаланды. Олар топ болып ақылдасып, диалогтік қарым-қатынасқа түсіп, сыни тұрғыдан ойланып, тақырыпты бір-біріне түсіндірді. Сондай-ақ, сабақтың қорытынды кезеңінде оқушылар сабақтан түсінгендерін постерге түсіріп оны қорғағанда да сұрақ-жауаптар арқылы диалогтік қарым-қатынаста болды. Осы орайда мұғалім мен оқушылар арасында тең құқылы серіктестік орын алумен қатар оқушының бойындағы сенімділік нығая түсті. Александер: «оқытудағы әңгімелесу қарым-қатынас жасаудың бірсарыңды үдерісі емес, керісінше идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды» [1] деп тұжырымдағандай сыныпта диалогтік әдістің маңыздылығы анағұрлым пайдалы екендігін сабағымда аңғардым.
Жеті модульді ықпалдастыру барысында жаңа сабақты бағалауда да оң өзгерістер болды. Тәжірибе барысында оқушыларға оқу үшін бағалау мен оқуды бағалауды үйрету мен үшін де, оқушы үшін де өте маңызды қадам болды. Александер: «сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады» [1] - дегендей, мен сыныптағы оқушыларды формативті және сумамативті түрде бағалап отырдым. Мен мектептегі тәжірибе кезіндегі сабақтарымда оқушыларны бас бармақ, геометриялық фигуралар, бағдаршам, бағалау парақшалары арқылы бағалап отырдым. Оқушырлар мұндай жаңаша бағалауға қызыға қарады. Олар өз білімдерін бағалау, бір-бірін бағалау арқылы оқушыларда сабаққа деген қызығушылығы мен белсенділігі артты. Дәстүрлі сабақта болса оқушыларды тек мұғалім сабақ үдерісінде бес баллдық бағалау жүргізіп келген. Бұл бағалау шындығында оқушыларды да, мұғалімдерді да қанағаттандырмайтын еді. Себебі, бұл бағалау үдерісі оқушының білім алуын объективті түрде көрсете алмайтын еді. Оның орнына көп жағдайда оқушының сабаққа деген қызығушылығын төмендетіп келді. Топтағы топ басшылары және топты топ бағалап отырды. Мысалы, постер жасағанда әр топ бір-бірінің жұмысын тексеріп, оның дұрыс немесе дұрыс еместігін айтып, бағалап отыруы оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайтты. Алғашқы сабақтарда оқушылар өздерін бағалауда әділдеу болмады. Мен оқушылар өзін-өзі бағалағанда әділ болулары үшін критерийлерді басшылыққа алу керек деп үнемі түсіндіріп отырдым. Осыдан кейінгі сабақтарымда оқушылардың өздеріменкритерийлерді талқылап, олардың әділ бағалауға ұмтылғанын байқадым. Соңғы сабағымда топ бір-бірін бағалағанда не үшін «5» немесе «4» баға қойғандарын түсіндіріп те кетті. Әрине бұл мен үшін үлкен жетістік. Себебі оқушы тапсырмаларды орындап болған соң, бағалау парағындағы дұрыс жауаптарының санын көріп, өзінің білім деңгейін біліп отырады. Бұл тәсілдің тиімді жағы – оқушы не үшін және қалай оқу керектігін біледі.
Тізбектелген сабақтар топтамасында АКТ-ны қолдану тиімділігін байқадым. Қазіргі таңда сандық технологияны меңгерген – сауатты тұлға болмақ. Оқушының сандық сауаттылығын ашу үшін мұғалімнің өзі осы салада сауатты болуы керек. Барлық сабақтарымда АКТ-ны қолданғым келеді, себебі оқушы жаңа тақырыпты құлақпен есітіп, көзбен көрсе білімді меңгеруі жоғарылайды. Білікті мұғалім үшін теориялық және тәжірибелік білімдер өзара тығыз байланыста болуы тән. АКТ-ны енгізген кезде теориялық және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады.
Оқыту мен оқудағы тағы бір тиімді оқыту жолы кері байланыс жасау. Сабақтың соңында сабақтың қандай деңгейде меңгерілгені, әдістердің тиімділігі, оқушылардың көңілін білу, олардың сабаққа қызығушылығының артуы туралы ой-пікірлері жазылған стикерлерден көруге болады. Кері байланыс арқылы оқушылар өз ойларын ашық жеткізуге үйренді. Рефлексия арқылы мұғалім өз сабағына қорытынды жасауға, өз жұмысының нәтижесін бағалауға мүмкіндік алады.
Мектептегі тәжірибе кезеңінде жеті модульді кіріктіріп өткен сабақтарым арқасында мен де, менің оқушыларым да өзгерді. Бірінші сабақтан бастап оқушылар топтық ереже жасап алып, сол ережеге бағынып жүруді үйренді. Сыныпта оқушылар бір-бірімен ынтымақ болуды үйренді. Сыныптағы атмосфераны өзгерту үшін біз өзіміздің ойлау, пікірлеу қабілетімізді өзгертіп, жаңаша ойлауды қалыптастыруымыз керек екен. Сындарлы оқытуда оқушылар жаңа тақырыпты өздігінен меңгереді.
Оқушылар:
- оқушылар өз ойларын сыни тұрғыдан ойланып, еркін жеткізе алды;
- қызығушылықтары оянып, жаңа тақырыпты өз бетінше меңгере алды;
- оқушыларда сенімділік пен өз-өзін реттеу пайда болды;
- оқу үдерісінде АКТ-ны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығы мен
белсендігі артты;
- өзінің және басқалардың әрекетін бағалауды үйренді.
Мұғалім:
- жеті модульді кіріктіріп, сабақты жоспарлай алдым;
- оқуды үйрететін білім ортасын қалыптастыра алдым;
- оқыту мен оқуға басшылық ете алдым;
- жоспарымда белгіленген мақсаттарыма жете алдым;
- жаңа әдіс-әсілдерді қолданып тәжірибемен бөлісу арқылы мектеп әкімшілігі мен әріптестерімнің көзқарастарын өзгерте алдым;
- бағдарлама деясына сәйкес әдіс-тәсілдерді жете түсініп, өзімде сенімділік пайда болды.
- барлық oқушыларды oқу үрдісіне қамтып тoптық жұмысты тиімді ұйымдастыра алдым.
Өз ойымды қорыта айтып кетер болсам, келешекте өз caбaқтapымдa жетi модyльдi кеңiнен пaйдaлaнып, caбaқтapымның қызықты, жaн-жaқты болып өтyiн қaмтaмacыз етyге әpекет жacaймын. Cыныптa cұpaқтapды оқyшы деңгейiне қapaй дaйындaп, үлгеpiмi төмен оқyшылapмен жұмыcты күшейтемiн. Үлгеpiмi төмен оқyшылapдың ойлapын тыңдaп және олapды топтық жұмыcтa белcендiлiк тaнытyын қaмтaмacыз етемiн Cынып еpежеciн қaтaң caқтayды, әp ойдың құнды екенiн түciндipемiн. Оқyшылapдың топтa жұмыc жacayдa ынтымaқтacтық, cыйлacтықтapын дaмытaмын. Caбaқты үнемi түpлендipiп отыpaмын. Оқyшылapды үнемi мaдaқтaп отыpyды, жоcпap бойыншa тaпcыpмaлapды yaқытылы оpындay үшiн тaпcыpмaлapды деңгейiне қapaй дaйындaймын. Мaғaн бұл бaғдapлaмaның жетi модyлiн кipiктipе отыpып, caбaқ жоcпapын жacay apқылы yaқытты тиiмдi пaйдaлaнa aлмaғaн жұмыcтapымды aлдaғы yaқыттa жүйелеп оpындaймын. Соның артында алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана алатын тұлға қалыптастыра алуыма сенімдімін.

Қoлданылған әдебиеттер:
1. Мұғалімдерге aрналған нұсқаулық. Үшінші (базалық) деңгей. Үшінші басылым. 2015 жыл
2. Мектептегі тәжірибе кезеңінде oрындауға арналған тапсырмалар. Үшінші (базалық) деңгей. Төртінші басылым. 2015 жыл. Тәрбие.орг сайтынан ТІЗБЕКТЕЛГЕН САБАҚТАР ТОПТАМАСЫН ЖОСПАРЛАУДА МОДУЛЬДЕРДІ ЫҚПАЛДАСТЫРУ Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: lmnopg
Көрсетілім: 544 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar