Меню
Артқа » » » Материал жариялау
Топ көшбасшысы
  • 11.02.2017
  • 26 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21661

Сабақтың тақырыбы: Топ көшбасшысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстырып әрбір оқушы өзінің білім деңгейін топтық жарыста көрсете білуге үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын дамыту.
Тәрбиелік: топ арасында ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа үйрету. Оқушыларды өзін еркін ұстай білуін, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.
Сабақтың түрі: ойын.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,сыни тұрғыдан ойлау, топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Студенттермен сәлемдесу, оларды ойынға дайындау.
- Құрметті мұғалімдер, студенттер! Бүгінгі сабағымыз «топ көшбасшысы» атты интелектуалды сайыс түрінде өтеді. Оқушылар өз білімдерін жоғары дәрежеде көрсетеді деген үміттемін. Сайысымыздың бір ерекшелігі бүгін біз жеке дара емес, топ болып білімімізді сынақмақшымыз. Олай болса білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушылардан құралған топтарымызбен танысайық.
1-топ: «Білгірлер»
2-топ: «Тұлпарлар»
3-топ: «Мықтылар»
Бүгінгі ойынның әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстыру.

Олай болса, бүгінгі интелектуалды ойын 5 кезеңнен тұрады:
1. Бәйге
2. Қызықты жетілік
3. Жорға
4. Аудармашылар
Ары қарай ойынымызды бастаймыз.
І тур (Бәйге)
Бәйге десе, сайыс десе бұлқынбас жас бола ма деп, біз бірінші турымызды бастаймыз. Әр топқа он сұрақтан қойылады. Бұл турдың шарты:
• қатысушыларға қарапайым сұрақтар қойылады.
• қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 1 ұпай иеленеді.
жауапқа он бес секунд уақыт беріледі, одан кейінгі жауаптар қабылданбайды.
1-топқа (10 сұрақ)
1. Мұғалімнің оқушыға оқу материалын жеткізу қабілеті? (дидактикалық)
2. Оқушылармен қалыпты дұрыс қарым-қатынас жасай білу қабілеті (коммуникативтік)
3. Өзі туралы оқушылар мен олардың ата-аналарының, басқа ұстаздардың жұмыс тәжірибесі жөнінде ақпаратты білу мөлшері қай құзіреттілік? (ақпараттық)
4. Оқушының білімдарлығына, тәрбиелілігіне және дамуына психологиялық-педагогикалық зерттеу жасау педагогикалық диагностикадағы қай қызмет? (таңдамалы)
5. Оқушының білімдарлығына, тәрбиелілігіне және дамуына психологиялық-педагогикалық зерттеу жасау (жеке диагностикалық)
2-топқа (10 сұрақ)
1. Оқушының ішкі дүниесін, сабақ үстіндегі психикалық жағдайын тани білу (перцептивті)
2. Тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікті етіп жеткізе білуі (сөйлеу қабілеті)
3. Оқытушының өз іс-әрекетін басқара білу мүмкіншілігі қай құзіреттілік?
( регулятивтік)
4. Педагогикалық процестің мүшелерін позитивті қорытындыларымен таныстырып отыру педагогикалық диагностикадағы қай қызмет? (ақпараттық қызмет)
5. Оқу-тәрбие процесінің және мұғалімнің жеке белсенділігінің коррекциясы (коррекционалдық қызмет)
3-топқа (сұрақ)
1. Мұғалім қабілетінің пән саласына сәйкестігі, өз пәнін ғылым дамуына сай білуі (академиялық қабілет)
2. Мұғалімнің өз жұмысын ұйымдастыра білуі (ұйымдастырушылық қабілет)
3. Талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау сияқты қарастыра білудің кешені (интелектуалды-педагогикалық құзіреттілік)
4. Білім беру ұйымы әкімшілігінің, әрбір мұғалімнің және әрбір оқушының іс-әрекетіне сапалы және сандық баға беру педагогикалық диагностикадағы қай қызмет? (бағалаушылық қызмет)
5. Педагогикалық ұжымның жеке мұғалімдердің бойында кездесетін «кемшіліктерді» жоюға бағытталған (бағытталған қызмет)

ІІ тур (Қызықты жетілік)
Барлықтарыңыз назарларыңызды интербелсенді тақтаға аударсаңыздар. Мына жерде 7 ұяшық берілген. Әр ұяшықта ұпай саны жазылған, сол ұпайға қарай сұрақтар беріледі. Әр топ кезектесіп таңдайды. Білмей қалған жағдайда келесі топ жауап беруге болады.
40 ұпай ұяшығының сұрағы: Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.
35 ұпай ұяшығының сұрағы: Педагогиканың салалары.
30 ұпай ұяшығының сұрағы: Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары.
25 ұпай ұяшығының сұрағы: Дефектологияның салалары.
20 ұпай ұяшығының сұрағы: Зерттеу әдістері
15 ұпай ұяшығының сұрағы: Мектеп педагогикасының 4 бөлімі
10 ұпай ұяшығының сұрағы: Педагогиканың дамуына үлесін қосқан тұлғалар.
ІІІ тур (Жорға)
Бұл бөлімнің шарты: бірнеше тест беріледі. Ал сіздер сол тесттің жауабын орыс және ағылшын тілдеріне аударып айтатын боласыздар. Әр сұрақтың жауабына 1 ұпайдан беріледі.
1-топқа (3 тест)
1. Мұғалімдік мамандықтың ең маңызды элементі
А. Педагогикалық техника;
В. Педагогикалық сана;
С. Әдеп;
Д. Кәсіптік білім, біліктілік.
2. Жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлау, оларға қоғамдық-тарихи тәжірибені үйрету процесі:
А. Оқыту;
В. Тәрбие;
С. Өзін-өзі тәрбиелеу;
Д. Дамыту.
3. Оқыту және тәрбиенің қандай да бір әдісін, тәсілін тәжірибе арқылы сынақтан өткізу
А. Эксперимент
В. Бақылау әдісі
С. Анкета
Д. Әңгіме әдісі

2-топқа (3 тест)
1. Баланың дамуына әсер ететін фактор:
А. Тәрбиелік шаралар;
В. Отбасы;
С. Орта;
Д. Балабақша.
2. Оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалап және көтермелеп отырудың, педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы
А. Ойын;
В. Мадақтау;
С. Жарыс;
Д. Жаттығу.
3. Бала әрекетін дамытудың негізгі құралы
А. Жаттығу;
В. Әңгіме;
С. Ойын;
Д. Лекция.
3-топқа (3 тест)
1. Ақыл-ой тәрбиесінің ең басты құралы:
А. Ойлау;
В. Салыстыру;
С. Таным;
Д. Оқыту.
2. Дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі формасы:
А. Бос уақыт;
В. Сабақ
С. Ойын
Д. Туризм
3. Мектепте дене тәрбиесі жұмысын кім жүргізеді?
А. Директор
В. Психолог
С. Дене тәрбиесі мұғалімі
Д. Оқушы

ІV тур (аудармашылар)
«Ғажайып ғылымның сырын ашқан білім ордасы» (эссе жазу)
Бұл турда әр топ осы оқып жатқан колледждері туралы эссе жазып, үш тілде жеткізеді. Ең үздік эссеге – 15 ұпай және екі тілде толық емес болса – 10 ұпай, аударылуында қателіктер көп болса және басқа да кемшіліктері болса – 5 ұпай беріледі.

Қорытынды: Әр кезеңнен жинаған ұпай сандарын әділқазылар есептеп, алған ұпай сандарына қарай марапаттайды. Ең жоғары ұпай алған - «Топ көшбасшысы» болады, қалған екі топ номинациямен марапатталады. Тәрбие.орг сайтынан Топ көшбасшысы Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары
Көрсетілім: 26 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar