Меню
Артқа » » » Материал жариялау
Жүрек- қан тамыр жүйесі. Жүрек
  • 08.02.2016
  • 733 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 15915

Омаш Қарлығаш Көшекқызы,
Түркістан медицина колледжінің Клиникалық пәндер
бойынша әдіскері, ЦӘК төрайымы, анатомия
пәнінің оқытушысы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы
Тақырыбы: Жүрек- қан тамыр жүйесі. Жүрек

І. Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы:
Ағза тіршілігі үшін оның жасушалары мен тіндерге үздіксіз оттегі, қоректік заттар жеткізіліп, олардан зат алмасудың соңғы өнімдері әкетіліп отырылуы тиіс. Осы тасымалдық қызмет ағзада қан тамырлардан және тамырлар бойымен қанды айдайтын орталық мүшесі – жүректен тұратын жүрек-қан тамыр жүйесінің үлесіне тиеді. Тамырлар ішінде ағатын сұйықтығына байланысты қан және лимфа тамырлары болып бөлінеді. Қан тамырлары өз кезегінде артериялар, веналар және капиллярлардан тұрады. Жүрек ырғақты жиырылуы арқылы қанды веналардан қабылдап алып, қысыммен артерияларға айдайды.
Жүрек-қан тамыр жүйесін зерттейтін ілімді ангиология, жүректі зерттейтін ілімді кардиология, ал жүректі емдейтін дәрігерді кардиолог деп атайды.
Тақырыпты меңгеру туыстас пәндер физиология, патологиялық анатомия мен патологиялық физиология пәндерін үйренуге де, терапия, хирургия, педиатрия және акушерства сияқты клиникалық пәндерді түсініп оқуға мүмкіндік береді. Болашақ медицина маманы ретінде төмендегі диаграммаға көңіл аудара отырып, таңдаған мамандығымыздың міндетін бағдарлауымызға болады.



ІІ. Педагогикалық мақсат:
- Тәжірибе сабағында «ақпараттық оқыту» технологиясын қолданудың маңыздылығын көрсету;
- Оқыту процесінің ықпалы мен сапасын арттыру;
- Пәнаралық байланысты тереңдету;
- Қажетті ақпараттың көлемін ұлғайту;
- Компьютерлік графика, мультимедиа технологиясын пайдалану арқылы оқыту процесін дараландыру, оқушының дербестігі мен белсенділігін арттыру;
- Ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасын көтеру.

ІІІ Сабақтың мақсаты:
Оқыту:
- Жүрек қан-тамыр жүйесіне жалпы сипаттама беру;
- Тамырлардың түрлерін анықтау;
- Тамырлардың құрылысы мен ерекшеліктерін көрсету;
- Жүрек, оның орналасуы мен сыртқы құрылысын түсіндіру;
- Жүрек камераларының, жүрек қабырғасының құрылысын анықтау;
- Жүректің өткізгіш жүйесін суреттеу;
- Жүрек тамырлары мен жүйкелерін түсіндіру.
Тәрбиелік:
- анатомия сабағында оқушыларды кәсіптік бағытта тәрбиелеу;
- анатомиялық көрнекі құралдар мен оқу материалдарына ұқыптылықпен және құрметпен қарауға дағдылау, оқушының тұлғалық дамуына, бәсекеге барынша қабілетті, білімді маман болуына жағдай жасау, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту.
Дамыту:
- оқушыларға тұтас ағза құрылысын синтездік ұғуды дағдыландыру.
- пәнге қызығушылығын арттыру.
Студент білуі керек:
- жүрек қан тамыр жүйесінің құрылымын;
- тамырлардың түрлерін;
- микроциркуляторлық арнаны;
- жүректің жалпы сипаттамасы мен сыртқы құрылысын;
- жүректің орналасуын;
- жүрек камераларын;
- жүректің қабырғасының құрылысын;
- жүректің өткізгіш жүйесін;
- жүректің қан тамырлары мен жүйкелерін;
- жүректің кеуденің алдыңғы бетіндегі проекциясын.
Студент істей алуы керек:
- жүректің құрылысына талдау жасау;
- жүрек камераларын ажыратып, одан шығатын, оған құйылатын қан тамырларды схема түрінде сызу;
- жүректің өткізгіш жүйесі бөлімдерінің орналасуын анықтау;
- жүрек тамырлары мен жүйкелерін анықтау;
- интерактивті тақтамен жұмыс жасай білу.
ІV. Сабақтың түрі: «Ақпараттық оқыту» технологиясымен (бейне камералар, электрондық зертхана, тесттілеу бағдарламасы, слайдтар т.б.) ұйымдастырылған
ашық теориялық сабақ.
Білім беру процесінде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану ықпалдылығы ақпараттық және демонстрациялық бағдарламаларды, оқушының компьютермен жұмыс режимін қамтамасыз ететін бағдарламаларды, қашықтан оқыту бағдарламаларын, оқу сапасын болжау үшін эксперттік жүйелерді, интернет желісінің ақпараттық ресурстарына енуді пайдалануда артады. Ақпараттық технологиялар орталарын пайдалану оқытушыға оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіруге, оқушы тұлғасын дамытып, ақпараттық қоғам шартында өмір сүруге дайындауға, қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындауға жан-жақты мүмкіндік береді.
V. Сабақ барысында қолданылатын басқа әдістер:
1. Іздеу;
2. Сұрыптау;
3. Сараптау;
4. Ақпаратты сараптау;
5. Өзін-өзі бақылау;
6. Даралап оқыту;
7. Кесте және сызбаларды құру;
8. Жаттығулар;
9. Суреттермен жұмыс;
10. Ғылым мен тәжірибені байланыстыру;
11. Интернет сайттарына ену.
VІ. Пәнаралық байланыс:
А) Қамтамасыз ететін пәндер:
- Қалыпты физиология. «Жүрек физиологиясы»
- Латын тілі. «Зат есім. Сын есім»
Б) Қамтамасыз етілетін пәндер:
- Ішкі аурулар пропедевтикасы «Жүрек-қан тамыр жүйесін тексеру»;
- Педиатрия «Жүрек-қан тамыр жүйесінің АФЕ»;
- Мейірбике ісі «Жүрек-қан тамыр жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі бақылау және күту»;
- Терапия «Эндокардит», «Миокардит», «Перикардит», «Митралды және қолқалы ақаулар», «Стенокардия», «Миокард инфарктісі»;
- Акушерство «Жүрек-қан тамыр жүйесі аурулары және жүктілік»;
- Патологиялық физиология. «Жүрек қан тамыр жүйесінің патофизиологиясы»;
- Патологиялық анатомия «Атеросклероз. Артериялық гипертония. Жүректің ишемиялық аурулары»;
- Жалпы хирургия, анестезиология және реанимация «Жүрек-өкпе реанимациясы».
VІ. Пәнішілік байланыс:
- Тірек-қимыл жүйесі: «Төс. Бұғана. Қабырғалар», «Кеуде бұлшықеттері. Көкет»;
- Тыныс алу жүйесі: «Өкпелер»;
- Жүрек қан тамыр жүйесі: «Үлкен және кіші қан айналым шеңберлері», «Қолқа. Оның бөліктері», «Вена жүйесі».
VІІ. Сабақтың жабдықталуы:
Сабаққа қажетті көрнекі құралдар мен құрал жабдықтар:
- «Қан айналым жүйесі» айналмалы құрылымы;
- «Жүрек» модельдері;
- Қаңқа;
- Жүректің ылғалды препараттары;
- Фильмдер;
- Слайдтар.
Үлестірме материалдар :
- Мәтіндік тесттер;
- Суретті тесттер;
- Интерактивті тапсырмалар.
Оқытудың техникалық тәсілдері:
- Интерактивті тақта;
- Компьютер. Тәрбие.орг сайтынан Жүрек- қан тамыр жүйесі. Жүрек Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: Қонақ
Көрсетілім: 733 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar