Меню
Артқа » » » Материал жариялау
Жалғауларды пысықтау
  • 16.10.2016
  • 248 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19691

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (23.1Kb)

Грамматикалық тақырыбы: Жалғауларды пысықтау.
Лексикалық тақырыбы: Әбілхан Қастеев.
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: қазақтың тұңғыш суретшісі Ә.Қастеевтің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру. Жалғаулардың түрлерін ажырыта білуге үйрету;
2. Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту,ой-өрісін кеңейту,сөздік қорын молайту, тіл байлықтарын арттыру;
3. Тәрбиелік: Әбілхан Қастеев сияқты өнерлі болып өсуге тәрбиелеу. Сурет өнері жайлы кеңірек оқып білуге қызықтыру;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, оқу,топтық жұмыс, тест.
Сабақтың көрнекілігі: Ә. Қастеевтің суреті, шығармаларының слайды, жалғаулар кестесі.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен сәлемдесу.
II.Үй тапсырмасын тексеру
«Бейнелеу өнері» мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беру.
Сұрақ-жауап.
10 20 30 40
10 20 30 40

1. Қазақстан Республикасында бейнелеу өнері қалай дамыған?
2. Қазақстан кәсіби өнерінің негізі қашан қаланған?
3. Қазақстан суретшілері шығармаларында нені бейнелеген?
4. Бейнелеу өнерінің құдіретін көрсететін асыл мұраларды атаңдар?
5. Бейнелеу өнерін қалай түсінесің?
6. Бейнелеу өнерінің құдіретін көрсететін асыл мұраларды атаңдар?
7. Қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасуына, өркендеуіне кімдер ат салысты?
8. Қазақтан шыққан алғашқы суретшіні атаңдар?

III. Жаңа сабақ
- Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Әбілхан Қастеев.
Грамматикалық тақырыбы – Жалғауларды пысықтау»
III. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Бүгінгі сабағымызда біз Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығымен танысамыз,мәтінде кездесетін жаңа сөздермен танысамыз.
- 1. Сөздік жұмысы. Айтылым, тыңдалым, жазылым.
(Слайд.)
еңбек сіңірген өнер қайраткері – заслуженный деятель искусство
әйгілі – известный
тәлім алып – получил уроки
біріне айналды - превратился
Сөздерді оқу, оқушыларға оқытып, қайталау, сөзден сөз тіркесін, сөйлем құрастыру.
2. Оқулықпен жұмыс.
а) Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
ә) Мәтін бойынша сұрақтар қою.
Әбілхан Қастеев 1904 жылы Алматы облысы Жаркент ауданында дүниеге келген.Ол - қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаған ұлттық сурет өнерінің алғашқы шеберлерінің бірі. Қазақстанның халық суретшісі, еңбек сіңірген өнер қайраткері.
Әбілхан Қастеев сурет өнері бойынша алғашқы білімді Алматыда Н.Хлудновтан алады. Кейін Мәскеуде И.И.Бродскийдің көркемсурет студиясында тәлім алып, өнердегі айтулы тұлғалардың біріне айналады.Оның алғашқы еңбектері «Мектепте», «Түрксіб», «Амангелді сарбаздары», «Қалыңдық».
Ол «Киіз үйдің ішкі көрінісі», «Қыз Жібек», «Қыз ұзату», «Келін түсіру» тәрізді ұлттық салт – дәстүрге арналған көптеген шығармалар салды.
- Бұл мәтін кім туралы?
- Сұрақ – жауап: Оқушы – оқушы.
1. Әбілхан Қастеев кім?
2. Әбілхан Қастеев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
3. Оның алғашқы еңбектерін атаңдар?
4. Салт – дәстүрге арналған суреттерін атаңдар?
5. Әбілхан Қастеев алғашқы білімді кімнен алды?
III. Грамматикадан қайталау. Оқушылар екі топқа бөлінеді.
I топ. Мәтіннен ілік септігіндегі сөздерді теріп жазып, құрамына талдау жасау.
II топ. Мәтіннен көптік жалғаулы сөздерді теріп жазып, құрамына талдау жасау.
I топ. «Қылқалам» сөзін үш жакта тәуелдеу.
II топ. «Бояу» сөзін үш жақта тәуелдеу.
I топ. «Суретші» сөзін үш жақта жіктеу..
II топ. «Мүсінші» сөзін үш жақта жіктеу.
IV. Сабақты пысықтау.
Тест орындау.
1. -ың, -ің қандай жалғау?
а) тәуелдік в) жіктік с) септік д) көптік
2. – сы, -сі қандай жалғау?
а ) септік в) тәуелдік с) жіктік д) көптік
3. «Терезе» сөзіне қандай көптік жалғауы жалғанады?
а ) –тар в) – лер с) -тер д) дар
4. Шығыс септіктің жалғауын көрсет.
а ) –мен в) дар с) –нан, - нен д) –дар
5.Барыс септік жалғауындағы сөзді тап.
а ) анаға в) балалар с) күнді д) аулада
6. Тәуелдік жалғауын табыңыз.
а) тақтада в) дәптерім с) гүлдер д) бормен
7. Қай септіктің жалғауы үндестік заңына бағынбайды?
а ) көмектес септік в) шығыс септік с) атау септік д) табыс септік
8 Ә.Қастеев қай жылы туған?
а) 1905 ж. в )1903 ж. с )1904 ж. д) 1902 ж.
9. Жіктік жалғауын табыңыз.
а ) суретшімін в ) дәптерге с ) кітаппен д) тақтаға
10.«Еңбек» сөзіне қандай көптік жалғау жалғанады?
а )- тар в) -дар с) – тер д) - лар
V. Үйге тапсырма:
«Бейнелеу өнері», «Суретші » сөздерін септеу.
Мәтін бойынша диалог құру.
Рефлексия.
. Сабақта не білдік?
. Сабақта нені үйрендік?
Оқушы жауабын бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Жалғауларды пысықтау Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сисекешова Жансауле Жексеқайқызы

№ 9 орта жалпы білім беретін мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: Ұстаз | Ілмек сөздер: Жалғауларды, Қосымша сабақ жоспары, пысықтау
Көрсетілім: 248 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar