Меню
Артқа » » » Материал жариялау
Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы
  • 11.02.2017
  • 135 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 21659

Пәні: Педагогика
Сабақтың тақырыбы: Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жеке тұлға және оның тәрбиесі туралы білімдерін кеңейту, ұғымдарын қалыптастыру;
Дамытушылық: Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ой-өрісін дамыту, ұжымдық сезімін дамыту;
Тәрбиелік:Топ арасында ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа үйрету;
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кестелер, слайдтар.
Сабақтың әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап,сыни тұрғыдан ойлау, топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1)Студенттерді топқа бөлу.
2)Студенттермен сәлемдесу, оларды сабаққа дайындау.
- Студенттер, мына үстел үстінен өздеріңе ұнаған түсті таңдап алып, топқа бөлініп отыруларыңызды сұраймын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Жіңішке және жуан сұрақтар». Топтық сұрақтар.
Жіңішке сұрақтар – бір рет қана дәлелді жауап талап ететін сұрақтар.
Жуан сұрақтар – күрделі, толық жауап беріп, талдауды қажет етеді.
1 топ
1.Қазақ феодалдарының балаларына арнап қандай оқу орындары ашылды?
2. «Азиялықтар мектебі» қай жылы, қай қалада ірге көтерді?
3. Қазақ қоғамында білім беру ісіне өзіндік үлес қосқан қазақтың тұңғыш ұстазы? 1. VІІ-VІІІ ғасырлардағы медреселер туралы не айтасыз?
2. Оқытудың «жәдид» деп аталатын ағымын қалай түсінесіз?
3. Кәсіптік бастауыш білім беру туралы не айтасыз?
2 топ
1. Жалпы орта білімнің үш сатысы.
2. Алғашқы қазақ мектебі қай жылы, қай қалада ірге көтерді?
3. Қазақ АССР – ның Оқу халық комиссариаты қашан құрылды?
1. ХІХ ғасырдың аяқ кезінде «қазақ мектептері қандай болу керек?» деген мәселе бойынша пайда болған қарама – қарсы екі көзқарас.
3. Орта білім беру туралы не айтасыз?
3 топ
1 Қазақ АССР – ның Оқу халық комиссариатының төрағасы болып кім сайланды?
2. Оқу мерзімі неше жыл, қай мезгілдерде оқыды?
3. Алматы қаласында жоғары білімді кадр даярлауда тұңғыш ашылған педагогикалық институт. 1. Кәсіптік бастауыш білім беру туралы не айтасыз?
2. Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері.
3. Ы.Алтынсариннің білім беру ісіне қосқан үлесі.

ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабақ төмендегі кесте бойынша түсіндіріледі.
Назарларымызды тақтадағы кестеге аударайық. Бүгінгі тақырып – жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы. Мұндағы негізгі ұғымдар жеке адам – жеке тұлғаның қалыптасуы – жеке адамның дамуы.
Жеке тұлға деп, мысалы, өмірде бір анадан туған егіз немесе үш ен балалар болады. Бұл балалар түр жағынан бір-біріне ұқсас болғанымен, олардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемділігі, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды осындай өзгешелігіне, даралығына қарай жеке тұлға деп айтуға болады. Енді осы жеке тұлғаның тәрбиенің нәтижесінде өмір бойы дамып, жетілуін қалыптасу дейміз. Келесі жеке адамның дамуы да, тәрбиенің ықпалымен жүреді. Әсіресе, балалық және жасөспірім шақта баланың дамуына тәрбиенің ықпалы зор. Сонымен жеке адамның дамуы деп – ағзаның өсуі, пісіп жетілуін айтамыз.
Жеке адамның дамуына әсер ететін факторлар – тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие.
Тұқымқуалаушылық – ата-аналар мен балаларының биологиялық ұқсастығы. Мысалы, кейбір адамдар мына бала әкесінен немесе шешесінен аумай қалыпты, ұқсап қалыпты деп жатады. Ұқсастық бұл – баланың әкесіне не шешесіне шашы мен көзінің түсі, терісінің пигменті, бет келбеті, басының формасы, жүрісінің ұқсауын айтамыз.
Табиғи орта – бұл табиғат жағдайының адам тұрмысына ықпал жасауы. Мысалы , жылы, суық климат жағдайы халықтың тұрмысына ықпал етері анық. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен, суық солтүстікте балық, бұғы шаруашылығымен айналысады.
Әлеуметтік орта – жеке адамның мінез құлқының дамуына әсер ететін орта. Әлеуметтік ортаға мектепті жатқызуға болады. Мектептің ықпал жасауы арқылы баланың дүниеге көзқарасы, құлық, эстетикалық, т.б. болымды қасиеттері қалыптасады. Егер бала әлеуметтік ортадан тыс қалса, олардың дамуы жануарлардан кем болмайды.
1920 жылы Үндістанның Гадамури деревнясында тұрғындардың хабарлауымен аңшылар қасқырдың інінен бет әлпеті адамға ұқсайтын, бірақ төрт аяқтап жүретін екі қыз баланы табады. Оларға Камала және Амала деп ат қояды. Камала 7-8 жаста, ал Амала 2 жаста. Амала көп кешікпей өледі, ал Камала күн сәулесінен және оттан қатты қорқып, тек шикі ет жеп қана күн көріп, төрт аяқтап жүріп, көбінесе күндіз ұйықтап, түнде бөлме ішін кезіп жүрген, өзінің кешкі сағат ондарда, түнгі сағат бірлерде, таңға жақын, үш мезгіл ұлитын уақыты болған. Камаланы адамға айналдыру өте қиын болған.
Адам арасында жүрген Камала екі жылдан кейін түрегеліп тұруды және екі аяғымен жүріп, бірте-бірте түнде ұйықтап, тамақты қлымен жеуді үйренеді. Адам тілін үйрету бұдан да қиын болған. Жеті жыл ішінде Камала 45 сөз ғана үйренген. 15-ке келгенде оның есі екі жасар баладай, ал 17-ге келгенде ой-өрісінің дамуы 4 жастағы баланың деңгейіне әрең жетті. Камала 17 жасқа дейін өмір сүрген.
Тәрбие – жеке адамды дамытудағы басты фактор. Мектеп мемлекет қолындағы ақпарат құралдардың (баспасөз, радио, теледидар) көмегімен оқушыларға тәрбие береді. Тәрбие адамның дамуына орасан күшті ықпал етіп, тұқымқуалаушылық пен ортаның ықпалына белсенді әсер етіп, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұымдастырады, жеке бастың дамуына теріс зиянды әсер ететін жағымсыз ықпалдардан аластайды. Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол – баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, тәрбие балаға дұрыс берілмесе, баланың қалыптасуына кері әсерін тигізеді.
Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белгілі кезеңдерге бөлінуі. Мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің өсіп жетілуі мынандай кезеңдерге бөлінеді:
1. Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін)
2. Нәрестелік шақ (бір-екі айдан бір жылға дейін)
3. Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін)
4. Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7 жасқа дейін)
5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11, 12 жасқа дейін)
6. Жеткеншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа дейін)
7. Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа дейін)
Мектепке дейінгі балалық шақ – бұл жастағы балалар топ-топ болып, өзара бірігіп ойнағанды жақсы көреді. Олар айналасындағы құбылыстарды тез байқап, қабылдауға бейімді келеді. Бір нәрсені жақсы, жете түсінсе өмір бойы ұмытпайды.
Бастауыш мектеп жасы – Бұл кезеңде алаңсыз балалық шақ аяқталып, баланың өміріне іс-әрекеттің жаңа түрі – оқу енеді. Оқу міндетті болғандықтан, ол баладан жауапкершілікпен еңбек етуді талап етеді.
Жеткіншек шақ – бұл ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба жас. Бұл жаста «енді бала емеспін, еркекпін» - деген түсінік пайда болып, өзіне жұрттың осылай деп қарауын тілейді.
ІV. Шығармашылық жұмыс
1 тапсырма. «Бала тәрбиесі» туралы бейнебаян көрсетіледі. Осы тақырыпта әр топ эссе жазады.
ІV.Сергіту сәті
Қимыл – қозғалысқа арналған жаттығулар жасау.
2 тапсырма Семантикалық карта (Студенттер кестедегі бағандарды жеке тұлғаның жас ерекшеліктеріне сай белгілейді)
V.Үй тапсырмасы:
VІ.Бағалау.Әр тапсырма бойынша жинаған фишкалары бойынша бағалау.
Кері байланыс: рефлексия Тәрбие.орг сайтынан Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Умбетова Жансая муратовна

БҚО Маңғыстау облысы Ақтау қаласы Маңғыстау гуманитарлық колледжі педагогика пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары
Көрсетілім: 135 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar