Меню
Артқа » » » Материал жариялау
Өзіңсің поэзия Пайғамбары
  • 05.02.2016
  • 530 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 15544

Байзахова Айгул Шырымбекқызы,
Н.Арапов атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі.
Бәйдібек ауданы

Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзияға деген қызығушылығын арттыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Поэзия әлемімен оқушылардың жан дүниесіне үңілу, эстетикалық тәрбие беру, өз ұлтын, елін, жерін, отбасын сүюге, шындықты, сұлулықты қадірлей білуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту, өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқушы дайындау. Ауызша да, жазбаша да еркін, көркем сөйлеуге ақын шығармалары арқылы үйрету.
Көрнекілігі: Слайдтар, ақын портреті, кітап көрмесі, ақын туралы жазылған пікірлер, плакатқа жазылған өлең жолдары, карта.
Пәнаралық байланыс: ән-саз, тарих
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, «ой ашар», «негізгі идеяны суреттеу», «түртіп алу» стратегиялары
Қолданылатын технологиялар: СТО, Деңгейлеп оқыту.
Оқушылар хормен: Білер қазақ баласы: «Сәлем-сөздің анасы»
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз,
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу
Үй тапсырмасын пысықтау
1. (М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы)
2. «Ғасыр ақыны» шығармалар байқауы
«Негізгі идеяны суреттеу» стратегиясы бойынша М.Мақатаев туралы не білетіндерін қағаз бетіне түсіру. (2 минут)
Мұғалім: Кіріспе: Бүгін менің туған күнім, ой бәлі-ай,
Мына адамдар неге жатыр тойлам-ай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай, - деп
Ақын өзі туралы осылайша айтып өткен еді өмірден. Мұқағали небәрі 45-ақ жыл өмір сүрді. Өртке тиген дауылдай, өжет өлеңдерінен артына өшпес із қалдырды, тірі болса ақпанның тоғызында 82 жасқа жеткен болар еді..... Әттең, қамшының сабындай қысқа ғұмыр-ай ...... Мұқағали бағы мен соры, күнгейі мен көлеңкесі қатар жүрген ақын. Оның бағы жыр таратқаны, өтірік өлең жаза алмағаны, соры өз қоғамы мен өз ортасына сыймай қасірет шеккені, өмірінің қиыншылықпен өткені, соны дер кезінде өз замандастарының бағалай қоймағаны. Кейінгі ұрпағының өзін ұмытпай жыл сайын еске алатынын сезіп кеткен ақынды әулие демеске шараң жоқ. Уақыт өткен сайын мәртебесі биіктей беретінін бүгін тағы да танытпақпыз. Бүгінгі «Өзіңсің поэзия Пайғамбары» атты поэзия сабағын бастаймыз.

Хронологиялық кестемен жұмыс
1931 13 наурызда Алматы облысы Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген
1948-1949 Қаз МУ –дың филология факультетінде оқиды
1949 Көктемде жары Лашынмен отау құрады
1950 Алматыға келіп шет тілдер институтына оқуға түсіп, жағдайына байланысты тастауға мәжбүр болады
1954 Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілі пәнінен сабақ береді
1957 Республикалық радиоға диктор болып жұмысқа тұрады
1962-1963 «Социалистік Қазақстан» газетінде қызмет атқарады


Ақын ағамыздың артында қалған мұраларының бірі- ақын күнделігі, енді бір сәт күнделікке кезек берсек, ол бізге былай деп сыр шертер еді.
«Ақын болу үшін ақында не болуы керек?»
1. Талант. Білімді, сұңғыла талант (Диплом міндетті емес)
2. Ұят, өзінің нашар өлеңдерін оқығанда өзінен өзі ұялу үшін.
3. Қарапайымдылық.
4. Түйсік. Басқалар көре алмайтынды көру және тану.
5. Еңбек, шыңдалып отыру үшін.
6. Жан байлығын әманда сақтау қажет.

«Поэзия – жүрек тілі» деп Мұқағали ағамыз жырлағандай келесі кезекті ақиық ақынның өлеңдеріне береміз.

Мұқағали ұлы Абайды ұстаз тұтады.
Абайдан көп нәрсе үйреніп, Абайға көбірек үңілген.
Ал, балалар Мұқағали ағамыз Абайды ұстаз тұтса, Мұқағали ағамызды ұстаз тұтқан ақынның ізін басқан, қандай ақын ағаларымыз бен апаларымызды өздеріңе үлгі тұтасыңдар? (Өлеңдерін жатқа оқу)


Табиғат- Мұқағали шығармаларының жаны. Ғажайып табиғат суреттері болмаса, Мұқағали өлеңдері де көпшілік көңілінен шықпас еді.
Алып жер-адамның бесігі,
Тербесін сәбиін тербесін.
Адамзат бақыты, несібі
Абайла, төгіле көрмесін, - деп ақын жырлағандай қазақ жерін, табиғатын сүю аялау, қастерлеу, табиғатына бас ию міндетіміз. Мұқағали поэзиясының маңыздылығы Қазақстанның болашақта жасыл желекті, гүлденген ел болатынын сеніммен жырлап өткенін бүгінгі «Қазақстан – 2050» бағдарламасымен сәйкестендіруге болады.

М.Мақатаев әдебиет шеңберінде қалып қоймай географ, эколог екені әр өлеңдерінен көрініп тұр. Мұқағали тамаша ақын ғана емес, Қазақстан жерін поэзия тілімен сипаттаған отангер географ.

«Мұқағали әлеміне саяхат» Білім мен парасат сыны.


I деңгейлік тапсырмалар
1. М.Мақатаев қай жылы, қай жерде өмірге келді? 1931 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданы,Қарасаз ауылында
2. Мұқағалидың азан шақырып қойған аты кім? Мұхамедқали
3. Ақын өзінің өмірбаянын қай өлеңінде жазады? Менің анкетам
4. Мұқағалидың «Фариза қыз» өлеңі кімге арналған? Фаризаға
5. Ақын орыс ақындарынан кімді өзіне жақын тұтты? С.Есенинді
II деңгейлік тапсырмалар
1. Ақынның анасының есімі кім? Нағиман (Ақбілек)
2. Ақынның мінезі жағынан әжесіне ұқсастығы бар ма?
Бар. Мұқағали ақын да өр мінезді, бірбеткей.
3. Ақынның атасының, әкесінің, әжесінің, жарының есімдерін ата?
Мақатай, Сүлеймен, Тиын (Көкдауыл), Лашын
4. Ақын өлеңді алғаш рет қашан жазды?
Он жасынан бастап жаза бастады. Әкесі он жасында соғысқа кеткен. Соны сағынып өлеңдер жаза бастады.
5. Мұқағали ағамыздың отбасы туралы не білесіңдер?
1949 жылы Лашын апамызбен отбасын құрды. Алмагүл, Шолпан атты екі қызы, Жұлдыз, Айбар атты ұлдары өмірге келді. Ал, Майгүл есімді қызы он жасында қайғылы қазаға ұшырап, Мұқағали ағамыздың қабырғасын қайыстырды.
III деңгейлік тапсырмалар
1. Алғашқы өлеңдері қандай? «Қырман басында»,«Қойшы бала- Әкітай»
2. Ақынның қандай кітаптарын білесіңдер?
«Аманат» жыр жинағы. (Мемлекеттік сыйлыққа ие болған)
3. Мұқағали ақын неше жасында, қай жылы дүние салды?
1976 жылы 45 жасында
4. Ақынның бірінші кітабы қай жылы жарық көрді?
1964 жылы 33 жасында
5. Он жеті жасар Мұқағалидың өлеңі 1948 жылы қай газетте басылады? «Кеңес шекарасы» газетінде.

«Ғасыр ақыны» Мұқағали Мақатаев туралы айтылған естеліктер
Осы орайда сазгер Н. Тілендиевтің мына сөздері еске түседі:
«Мұқағали дүниеден өткен соң қатты күйзелдім. Жүрегім әлсіреп, екі ай емханада жаттым. Арада екі ай өткен соң, жұмысқа кеттім. Бешпентімнің қалтасынан хат шықты. Мұқағалидың жазуы: «Аға, мен ғой. Дертім қозып барады. Не боларын білмеймін. Мынаған назар аударып көріңіз» депті. Бұл «Есіңе мені алғайсың» әні еді».


Олай болса балалар, ақынның тағы бір қыры ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеуі.

«Дариға – жүрек» әні
Ақын жүрегі нәзік, сезімтал. Кей-кейде өмірден безініп, ол өзіне сүйеніш, тірек болар адамды іздейді. Кез келген адам ақын жанын түсіне бермейді. Қиналғанда нағыз ақын өзінің тілін ұғатын ақын іздейді. Сондай уақытта Мұқағали Фаризаны тапты.

Тума талантымен өлең әлемінде өз қолтаңбасын қалдырған Мұқағали мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазақ поэзиясының алтын қорынан орын алатын өлмейтін, өшпейтін мәңгілік мұра.
«Бес жолдық өлең құрастыру» стратегиясы бойынша Мұқағали ағамызға арналған өлең жолдарын құрастыру.
Санның айтылуы бойынша реттік әріпін табу арқылы жазушының тегі шығады.
20-5, 6-1, 40-1, 6-1, 4-1, 6-1, 2-1, В
М А Қ А Т А Е В
Қызығушылықты ояту. «Түртіп алу стратегиясы»


Оқушылар сабақтан алған өз әсерлерін жазып, кестені толтырады.
Сабақты қорытындылау: Мұғалім:
Өмірге бір-ақ келген асыл едің,
Теңіздей тебіреніп тасып едің
Сағымға еніп кеткен кемедейсің,
Аралап ХХ ғасыр елін
Өмірін өлеңменен өрген ақын
Тағдырдың тапшылығын көрген ақын
Қазақтың қасиетті қара өлеңі
Жалғаса береріне сенген ақын! – деп толғана еске алады кейінгі ұрпақ.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма: «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» әңгіме жазу.




ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, 2003. Алматы.
2. «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журналы, 2009. Алматы.
3. Қазақ әдебиеті оқыту әдістемесі, 2000 ж. Шымкент.
4. М.Мақатаев «Аманат» жыр жинағы, 2000 ж. Тәрбие.орг сайтынан Өзіңсің поэзия Пайғамбары Қосымша сабақ жоспары материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Қосымша сабақ жоспары | Логин: Қонақ
Көрсетілім: 530 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar