Дауды ақыл жеңеді, жауды батыл жеңеді

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 72
  • Құқықтан ашық сабақтар
  • 20/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23552


Материал тегін жариялап, сертификат алу

«Дауды ақыл жеңеді, жауды батыл жеңеді» атты байқау
Б а ғ д а р л а м а с ы

Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу, оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету, оқушылар бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру.

Мұғалім: Қастерлі құндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, Тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды. Бүгінгі «Дауды ақыл жеңеді, жауды батыл жеңеді» тақырыбындағы байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Бәйгенің аттарындай шабыстары
Білімнің ұшқыр болсын табыстары.
Қол соғып қошеметтеп отырайық,
Командалар бүгін міне сайысады –
дей отырып, байқауымызға қатысып отырған командалармен таныс болыңыздар.

«Әділет» командасы және «Фемида» командасы.

Байқауымызды бастамас бұрын бүгінгі сайысымыздың әділ-қазыларымен таныс болыңыздар:
1).
2).
3).
4).
5).

Байқау шарттары:
1. «Байқау» кезеңі (сұрақ-жауап)
2. «Тәртіп орнат» кезеңі
3. «Талқылау» кезеңі
4. «Жұмбақ жасыру» кезеңі
5. «Шынығу» кезеңі
6. «Біліміңді көрсет» кезеңі

Ал қырандар сайысқа қалайсыңдар,
Сендер өтер алдында талай сын бар.
Айт қарсыластар қымсынбай кеп,
Жауап қатсақ сұраққа жарайсыңдар.

№1. Байқау кезеңі (сұрақ-жауап)
«Байқау» кезеңінің ережесі: Әр командаға төрт-төрт сұрақтардан беріледі. Оқушылар берілген сұрақтардың төртеуіне де дұрыс жауап берсе, сол команда жеңеді. Әр бір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

№ Сұрақтар Жауаптар
1 - команда
1 Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қай жылы қабылданды? 28-қаңтар, 1993 жыл.
2 Құқықтың қандай түрлері бар? Жеке, саяси, экономикалық, әлеуметтік,
мәдени т.б.
3 Конституцияға 2010 жылы қандай толықтырулар енгізілді? Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан елдің тұңғыш Президенті Н.Назарбаевқа заң жүзінде «Елбасы» деген атақ бекітілді.
4 Бостандықты не шектейді? Бостандықты шектеу әр адамның санасына байланысты.
2 - команда
1 Уақыт үдерісіне сәйкес Ата заңымызға қай жылы түзетулер енгізілді? 1998 және 2007 жылдар.
2 Жеке адамның құқығы дегеніміз не? Адам мүддесін қанағаттандыруға бағытталған заң арқылы қорғалған тәртіптік шара.
3 Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңестің төрағасы кім? Игорь Рог
4 Құқық қашан және қайда пайда болады? Азаматтарға құқық керек кезде, ол пайда болады.

№2. «Тәртіп орнат» кезеңі.
«Тәртіп орнат» кезеңінің ережесі: Әр командадан бір-бір оқушыдан шақырылады. Оқушылар берілген сөздердің дұрыс жауабын табу керек. Жауаптарын дұрыс тапқан команда жеңеді. Әр бір дұрыс жауапқа 10 ұпай, ойлануға 30 секунд уақыттан беріледі.

1. Құқық А – Еліміздің негізгі заңы.
2. Конституция Б – Мемлекет басшысы.
3. Мемлекет В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым.
4. Азамат Г – Тәуелсіздік.
5. Құқық бұзушылық Д – Заңдар жүйесі.
6. Президент Е – Заң шығарушы орган.
7. Парламент Ж – Заң жүйесін бұзу.
8. Егемендік З – Құқығы бар ел тұрғыны.
1 2 3 4 5 6 7 8
Д А В З Ж Б Е Г

№3. Талқылау кезеңі.
«Талқылау» кезеңінің ережесі: Екі командаға екі-екі сұрақтан беріледі, сол сұрақтарға оқушылардың пікірлері. Пікірлерін толық жеткізе білген команда жеңеді. Әр бір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

1. Ойыл аудандық полиция бөлімі азамат Д.Саусақбаевты прокурордың санкциясынсыз 72 сағаттан астам қамауда ұстаған. Мұндай қамауға алу заңды болып табыла ма?
2. Қала әкімі бірсыпыра азаматтардың тұрғын үйлерін алып қою туралы шешім шығарды. Олар өздерінің меншігіне қол сұғуға болмайтынын және әкім шешімінде көрсетілген негіз тұрғын үйді алып қоюға келмейтінін айтып келіспеді. Азаматтардың айтқандары жөнге келе ме?
3. Азамат Б-ның үйінде бірнеше сурет болған. Бірақ оның өзі осы суреттерді аса бағаламайтын. Ол суреттерді қабырғалары дымқылданған қосалқы үй-жайда сақтайтын. Бірде Б-ға оның танысы Т. қонаққа келеді. Б. оған баяғы суреттерді көрсетеді. Т. олардың біреуі атақты суретшінің жұмысы екендігін таниды. Б-ның суреттерді арнайы ыңғайластырылмаған үй-жайда сақтайтынын көріп, бұлай етуге болмайтынын, сурет мәдени құндылық болып табылатынын айтқан. Оған Б. меншіктің иесі өзі екенін, суретпен не істесе де өзі білетінін айтып жауап берген. Бұл дауға қандай төрелік айтар едіңдер?
4. Азамат А. ұлының үйлену тойын жасамақ болды. Ол қаладан сыйлықтар, азық-түлік пен қажетті заттарды сатып алды. Үйлену тойының қарсаңында оның зайыбы ыдыстарды тексеріп, көргісі келді. Қораптарды ашқанда тасымалдау салдарынан ыдыстардың көбі сынғанын байқады. Олар осы ауылдағы дүкеннен тағы да ыдыс сатып алмақ болған. Азамат А. зайыбы екеуі дүкенге келгенде, сатушы бұл ыдыстарды жақын күндері әкесінің мерейтойын өткізетін өзінің бір танысы сатып алатынын айтқан. Азамат А. газеттен жария шарт туралы оқығанын, дүкен онымен шарт жасасуға (ыдысты сатуға) міндетті екенін айтқан. Азамат А. талабы заңды ма?

№3. «Жұмбақ жасыру» кезеңі.
«Жұмбақ жасыру» кезеңінің ережесі: Екі командаға екі-екі жұмбақтан беріледі, сол жұмбақтарға дұрыс жауап берген команда жеңеді. Әр бір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

1. Оқушы болсаң жақсы жылдам, зерек,
Ондайлар отаныма өте керек.
Тәуке хан жазған екен заң жинағын,
Тапсаңдар болғандарың асқан зерек. (Жеті жарғы)

2. Мерекең құтты болсын ұстаздарым,
Оқушы, келіп-кетті бар достарым.
Тәуелсіздік заңының қабылданған,
Жылын тап мықты болсаң, біз тосалық. (1991 жыл)

3. Еліме білім керек, ғылым керек,
Жазған жөн стратегиялық мақсат қылып.
Білесің бе Нұрекеңнің төл еңбегін,
Жазған екен болашаққа көзін тігіп. (Қазақстан - 2030)

4. Жақсы ел шығарып заң игілікті,
Депутат заң шығарып билік қыпты.
Парламент палатасы нешеу екен,
Таба алсаң бұл жауапты игі тіпті. (Екі)

№5. «Шынығу» кезеңі.
«Шынығу» кезеңінің ережесі: Екі командадан бір-бір оқушыдан шақырылып, берілген әріптерден сөздерді тауып, мағынасын жазу керек.

1. АКЕТОПИ – кепілге салынған мүлік ( Ипотека )
2. РОРКУРОП – тергеудің және сот шешімдерінің заңдылығын қадағалайтын лауазымды тұлға ( Прокурор )
3. СТИЮЦИЯ - әділ сот, сот әділдігі ( Юстиция )
4. ВАДОКАТ – айыпталушыны қорғайтын немесе құқық мәселелері бойынша кеңес беретін заңгер маман ( Адвокат )
5. ЕКОНЮС – БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы
( ЮНЕСКО )
6. АТКРДЕИЯМО – халық еркі немесе билігі ( Демократия )
7. ЕНТЕЗПРИДЕ – Мемлекет басшысы ( Президент )
8. УАТРА – айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім ( Тауар )

№6. «Біліміңді көрсет» кезеңі.
«Біліміңді көрсет» кезеңінің ережесі: Екі командаға төрт-төрт сұрақтардан беріледі, бұл сұрақтарға тезде жауап берулері тиіс. Әр бір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

1.Қазіргі дүние жүзінде қанша қазақ бар? – (12 млн).
2.Адам құқығының жалпыға ортақ Декларациясы қашан қабылданды? – (1948ж. 10/ХІІ).
3.Шет елдерде қанша қазақ тұрады? – (4млн. астам).
4.Азаматтық дегеніміз не? – (адамдардың сол мемлекетпен тұрақты саяси құқықтың өзара қатынасы).
5.Қоғамның бастапқы ұясы не? – (отбасы).
6.Ата-ананың қасиетті міндеті не? – (балаларына қамқорлық көрсету).
7.Біздің мемлекетіміздегі меншіктің түрлерін ата? – (мемлекеттік меншік, жеке меншік).
8.Азаматтың конституциялық міндеті? – (республиканың заңын сақтау, қылмыс істемеу, тәртіпсіздік жасамау, өзіне жүктелген міндетті орындау).

Қорытынды: Күнделікті нұрланып атқан таңмен оянған әрбір қазақ азаматы «елім», «жерім», - деп көздерін ашса бізден бай, бізден бақытты халық болмас. Еліміздің ертеңіне үкілеген үмітпен қарасақ нұр үстіне нұр болар еді. Болашақта Отанымыздың қорғаушылары, халық мақтаныштары болатындарыңызға сенімдімін. Құрметті жастар. Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. «Тәрбиелі – тәртіптің құлы» - демекші, барлығыңыз тәрбиесі мен білімі ұштасқан азамат болып өсе беріңіздер.

№2 «Тәртіп орнат» кезеңі

Жауаптары:

1 2 3 4 5
6 7 8
Д А В З Ж
Б Е Г

«Әділет» командасы

1. Құқық А – Еліміздің негізгі заңы.
2. Конституция Б – Мемлекет басшысы.
3. Мемлекет В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым.
4. Азамат Г – Тәуелсіздік.
5. Құқық бұзушылық Д – Заңдар жүйесі.
6. Президент Е – Заң шығарушы орган.
7. Парламент Ж – Заң жүйесін бұзу.
8. Егемендік З – Құқығы бар ел тұрғыны.

1 2 3 4 5 6 7 8



№2 «Тәртіп орнат» кезеңі

«Фемида» командасы

1. Құқық А – Еліміздің негізгі заңы.
2. Конституция Б – Мемлекет басшысы.
3. Мемлекет В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым.
4. Азамат Г – Тәуелсіздік.
5. Құқық бұзушылық Д – Заңдар жүйесі.
6. Президент Е – Заң шығарушы орган.
7. Парламент Ж – Заң жүйесін бұзу.
8. Егемендік З – Құқығы бар ел тұрғыны.

1 2 3 4 5 6 7 8



№5 «Шынығу» кезеңі

«Фемида» командасы

1. АКЕТОПИ –

2. РОРКУРОП –

3. СТИЮЦИЯ –

4. ВАДОКАТ –

5. ЕКОНЮС –

6.АТКРДЕИЯМО –

7. ЕНТЕЗПРИДЕ –

8. УАТРА – Тәрбие.орг сайтынан Дауды ақыл жеңеді, жауды батыл жеңеді Құқықтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ауелбекова Гулжон Жаксыликовна

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Атакент кенті Мақтарал Аграрлық колледжі Құқық пәнінің оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar