Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Мемлекет және құқық теориясына жалпы сипаттама
  • 01.04.2016
  • 856 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18347

Сабақ жоспары
Тобы
Мерзімі

Оқытушы:Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні Мемлекет және құқық теориясының негіздері
Жалпы тақырып Мемлекет және құқық теориясына жалпы сипаттама

Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы


Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті :
1)Амандасу;
2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;
3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Мемлекет және құқық теориясы пәнінің өзіне тән ғана ерекшеліктері бар, өйткені мемлекет пен құқық абстрактілі ұғым, категория ретінде зерттеледі, оқытылады.
Аталған теория мемлекет пен құқықты зерттеу барысында оларды мемлекеттегі нақты құқық ретінде, белгілі бір тарихи кезеңде болған құбылыстар деп қарастырмайды. Керісінше, оларды жалпы сипаттары бойынша тарихи дамудағы өзгеру сатыларын жан-жақты қамтып, қарастырады. Сонымен бірге, ең алдымен осы заманғы мемлекеттілік пен құқықтардың ең дамыған нысандарын зерттеуді бағыт-бағдар ретінде ұстанады.Олардың мағынасы мен мәнін теориялық көзқарастар тұрғысынан түсіндіреді.
Мемлекет және құқық теориясы- күрделі заңтану ғылымы, ол мемлекет теориясы мен құқық теориясы деп аталатын екі бөлімнен тұрады.
Мемлекет теориясы- мемлекет туралы жалпы ғылым, ол мемлекет типтерін, нысандарын(формаларын) және қызметтерін, функцияларын зерттейді.
Ал құқық теориясы- заң догматтары мәселелерін,яғни құқық негіздерін, құқық нормаларының түрлерін, құқықтық қатынастарды, құқықтық сананы, құқықты түсіндіруді, заң алдындағы жауаптылықты және тағы да басқалай мәселелерді зерттейтін ғылым.
Оқулық үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдардың мағынасы мен мәні, маңызы талданып, олар жөніндегі мағлұматтардың түсінігі берілген.Бұл бөлімнің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол мемлекет пен құқық теориясының әр тақырыбы бойынша мазмұндық сипаты бар кестелерден тұрады.Әрбір кестеге қысқаша, мазмұндық түсініктемелер берілген. Екінші бөлімде мемлекет пен құқық теориясының мәселелерін қамтитын негізгі ұғымдардың қысқаша түсіндірме сөздігі де берілген.


Сабақты қорытындылау: Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерде көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады. Құқық дегеніміз — мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: І Бөлім,§1, жағдаят талдау
Сабақ жоспары

Оқытушы:Серікбаева Рахат Айдарбаевна
Пәні Мемлекет және құқық теориясының негіздері
Жалпы тақырып Мемлекет және құқық теориясыныңпәні және әдісі

Сабақ типі лекция
Сабақ мақсаты:
Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау
Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық
қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.
Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру
қабілетін, білімін дамыту.
Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.
Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы


Сабақ жүрісі
І. Ұйымдастыру моменті
1)Амандасу;
2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;
3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру Тәрбие.орг сайтынан Мемлекет және құқық теориясына жалпы сипаттама Құқықтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Құқықтан ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 856 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar