Қоғам және отбасы

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 1086
  • Құқықтан ашық сабақтар
  • 18/Май/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19057


Сабақ тақырыбы: Қоғам және отбасы
Сабақ мақсаты :Отбасын құрудың басты мақсаты оның қағидалары, тұрпаттары атқаратын міндеті мен отбасындағы ата-аналар мен балалар құқықтары туралы білімін нақтылау.
Дамытушылық мақсаты: Алған білімдрін өмірмен мәселелерді бірге шешуге баулу. Жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Жеке тұлғаның өз құқықтарын қорғай білуге, ата-ана алдындағы борышы мен міндетін сезіне білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ- жауап, талдау, ой қорыту
Сабақ көрнекілігі: тірек сөздер, ұғымдар топтамасы « Отбасы », « қоғам» « жастар»
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу
Психолгоиялық ынталандыру « Шаттық шеңбері»
Мұғалім сөзі: сәлеметісіздер ме мұғалімдер және оқушылар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : « Қоғам және отбасы » . Бүгінгі сабақ барысында білімдеріңізді саралауды төменднгі шарттарды басшылыққа аламыз.
Оқушы білімін бағалау шарттары:
Шығармашылық қабілеті
Белсенділігі
Жаңалықты игеруі
II. Жаңа материалды үйренуге дайындық
Алғашқы диагностикалық: Ізденіс тенденциясы тапсырмасын орындайық. Назарларыңызды интерактивті тақтаға аударыңыздар.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
1-тапсырма
« Отбасы » сөзін топтастыру
Ата-анам және баурларым, отбасы – шағын мемлекет, менің жанұям, мемлекеттің тірегі, адам өмірінің мәні
Мұғалім ақпараты: отбасы – ерлі-зайыптылардың және ата-аналардың, балалардың, басқа туыстардың ара-қатынасын реттейтін нормалардың, тәртіп үлгілерін жиынтығымен сипатталатын әлеуметтік институт.
III.Жаңа материалды түсіндіру, қабылдау
Отбасының түрлері:
1. Толық отбасы – ата-анасы –балалары бар
2. Толық емес отбасы –ата-анасының біреуі ғана бар
3. Күрделі отбасы- ата-ана, бала, басқа туыстары бар отбасы

«Жаңа сөздер керуені» ( слайд )
Моногамды
Полигамды Кіндік отбасы Кеңейтілген отбасы
Бір әйел мен еркектің некелік одағы моногамды отбасы делінеді.
Екі немесе одан көп әйел алушылықты полигамия дейді. Ата-аналардан және олардың балаларынан тұрады. Ерлі – зайыптылармен, олардың балаларымен қоса, өзге туысқандарымен тұратын отбасы.


Мұғалім ақпараты:
Отбасын құру қағидалары ( слайдпен бірінен соң шығады )
1. Еріктілік
2. Бөгде адамдардың араласпауы
3. Ішкі мәселелерді келісіп шешу
4. Балаларға қамқорлық
5. Құқықтары тең
6. Отбасы мүшелерінің құқытарының қорғалуы
7. Салуатты өмір салтын қорғау
8. Бір-біріне қамқор болу
Отбасының атқаратын қызметтерін:
1. Бала өсіру, тәрбиелеу, ұрпақ жалғастыру
2. Баланы әлеуметтендірі, қоғамда өмір сүруге дайындау
3. Отбасы мүшелерінің материалдық жағдайын қамтамсыз ету
Отбасындағы қарым-қатынастар
1. Екі адам теңдігі
2. Бірін-бірі сыйлау,отбасын құрудың негізі-махаббат
3. Жауапкершілік
4. Сенім
IV. Түсінгенін тексеру
Интеракивті тақтадағы тапсырма
Неке – кластер кұру
Сүйіспеншілік, жаңа өмір, отбасын құру, екі адамның үйлесілімділігі
« Екі жақты бақылау қүнделігі арқылы » таным-түсінік
Отбасындағы балалар құқықтары Отбасындағы ата-аналар құқығы

Бала отбасында өмір сүруге, тәррбиеленуге құқылы Ата-ананың бала алдындағы құқығы мен міндеті тең
Отбасында өз мүдесдесіне қатысты мәселені талқылауға қатысуға құқылы Ұрпақтарын тәрбиелеуге, білім алуын қамтымасыз етуге
Соттасу кезінде он жасқа толған баланың пікірі ескеріледі Балалар денсаулығын қадағалауға

Шығармашылық жұмыс
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Осыған байланысты қазақстанда тұратын халықтөкілдерінің салт-дәстүріне қатысты ВЕНН диаграммасын құру. Қазақтардың және Қазақстанда тұратын әр түрлі халықтардың отбасын құрудағы өзіндік ерекшеліктеріне тоқталу.
Қазақ халқы Ұйғар халқы
Шілдехана өткізіу. 40 күн қыздың үйінде күтеді
Қырқынан шығарғанда азан шақырып, ат қойылады. 7-10 күн ішінде молдаға ат қойғызады.
Жеті атаға дейін үйленуге тыйым салынады. Туысқа үйленуге рұқсат.
Неке жігіт үйінде қиылады. Неке қыздың үйінде қиылады.
Екі халықтың ұқсастығы
Тілі,діні,кейбір салт-дәстүрлері,ырым-тыйым,мақал-мәтелдері

Қандай оқиға болды? Жылы
Балалар құқығы туралы Конвенция 1993 ж.28 қаңтар
« Неке және отбасы туралы » заң 1989 ж.20 қараша
«Бала құқығы туралы » заң 1995 ж.30 тамыз
Қазақстан Республиксының бірінші Конституциясы 1998 ж. 17 желтоқсан
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы 2002 ж.8 тамыз

V. Бекіту білімін бағалау
1.Отбасы дегеніміз?
2. Неке дегеніміз?
3. Толық отбасы ?
4.Толық емес отбасы ?
VI. Үй тапсырмасын хабарлау, нұсқау беру
« Менің отбасым » тақырыбында фотоальбом, бүктемелер, суреттер дайындап келу Тәрбие.орг сайтынан Қоғам және отбасы Құқықтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жарбосынова Динара Қажығалиқызы

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі Құқық пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar