Сен өз құқығыңды білесің бе?

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 2436
  • Құқықтан ашық сабақтар
  • 23/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19786


Тақырыбы: «Өз құқығыңды білесің бе?»
Сабақтың мақсаты: - Адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілеттілігін қалыптастыру;
- Оқушыларды жаңа тақырыптық талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету және проблемалық сұрақтар арқылы олардың ой- өрісін, ойлау қабілеттінің белсенділігін арттыру.
-Заңды сыйлайтын тұлғаны қалыптастыру. Өз болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: ойын, тренинг – сабағы.
1. «Қызықты сұрақтар» ойыны (сұрақтарға жауап береді)
а) Алғаш рет сыныпқа кіммен келдің?
ә) Партада кіммен отырдың?
б) Білім туралы мақал айт.
в) 1- қыркүйекті неге Білім күні деп атаймыз?
г) Қыркүйек айы қай мезгілге жатады?
2. «Бәріміз бірге!» ойыны (қойылған сұрақтарға барлық оқушы хормен жауап береді)
а) Біздің мемлекет – ҚР.
ә) Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
б) Мемлекеттік рәміздеріміз – әнұран, ту, елтаңба.
в) Елорда – Астана.
г) ҚР кім басқарады? – Президент.
Мұғалім: –
Әлемде 1979 жылы халықаралық балалар жылын өткізу кезінде «Балалар құқығы туралы халықаралық тұжырымдама» дайындау жөнінде топ құрылды. 1989 жылдың 20 қарашасында Тұжырымдама әлем балаларының құқығын қорғау туралы және оларға тәрбие беру жөніндегі бірнеше баптан тұратын маңызды құжат. Онда «Қатысушы мемлекеттер әрбір баланың өсіп – жетілуі үшін қажетті тұрмыс дәрежесін қамтамасыз етеді және оның құқығын мойындайды
Тұжырымдама деген не?»
Тұжырымдама дегеніміз – келісім, шарт.
Халықаралық келісімдердің кең тараған түрі.
18 жасқа толмаған әрбір адам бала болып есептеледі. Тұжырымдамадада балалар жарық дүниеге келе салысымен тіркеуге алынады, осы сәттен бастап өзіне есім және азаматтық алуға құқылы деп көрсетеді. Тұжырымдамада бірде – бір баланың жеке отбасылық өмірі мен тұрғын үй меншігіне, хат хабар құпиясына басқа біреулер өз бетінше және заңсыз қол сұға алмайды дей келе, бірде – бір баланың ар – намысын аяққа таптайтын айуандық қинаулар мен қатал ұрып соғу сияқты жаза түрлеріне жол берілмейді – делінген.Тұжырымдама Адам құқығын құрметтеуге, баланы ата – анасына, олардың мәдениетіне, тіліне, өзі тұратын елдің ұлттық байлығына, қоршаған ортаға, табиғатқа құрметпен қарауға тәрбиелеу - жөнінде айтылған.
Сонымен біздің қандай құқығымыз бар екен?
- Баланың аман – сау өсіп, жетілуін қамтамасыз етілуі.
- Баланың жеке отбасылық өміріне қол сұғылмайды.
-Бала дүниеге келе салысымен өзіне есім алады.
-Баланың өз пікірін еркін білдіруге қақысы бар екенін.
-Егер бала тәртіп бұзса, оларды айуандық қинау түрлеріне жол берілмейді.
Мұғалім:Сендер сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар. Сонымен қатар, сенің де міндетің де бар. Ол – сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өсіп Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.
Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері:
1. Заңдарға бағыну.
2. Басқа азаматтардың құқықтарын, бас бостандықтарын, арын құрметтеу.
3. Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу.
4. Қаржы, салықтарды төлеу.
5. Тарихи және мәдени байлықтарды сақтау.6. Табиғатты және табиғи байлықтарды сақтау.7. Ата – аналардың балаларына қамқорлық етуі, балалардың ата – ана алдындағы міндеттерін орындау.
8. Орта мектеп білімін алу.
9. Қазақстан Республикасын қорғау.
Міне, Құрметті оқушылар! Тұжырымдама сендердің жан – жақты қамқорлықта болуларыңды қорғауды мақсат тұтқан екен, ал баланың білім алуы туралы – олардың жеке басының дамуы, ақыл – ойы, таланты өсуі қажет деп көрсетеді. Тәрбие.орг сайтынан Сен өз құқығыңды білесің бе? Құқықтан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Озықанова Әсем Озықанқызы

Алматы облысы Қарасай ауданы М.В.Ломоносов орты орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar