Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
10-ға,100-ге,1000-ға ауызша көбейту және бөлу
  • 08.11.2016
  • 360 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19934

Күні: Сыныбы: Пән атауы:
Сабақтың тақырыбы: 10 – ға, 100 – ге, 1 000 – ға ауызша көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты:
І Білімділігі: Оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыра отырып, 10 – ға, 100 – ге, 1000 – ға көбейту және бөлу тәсілдерімен таныстыру, қозғалысқа берілген жай есептерді шешу, жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру. .
ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың ынта – жігерін, алғырттылығы мен шапшаңдығын, танымдылық дағдыларын арттыра отырып, шығармашылыққа жетелеу.
ІІІ Тәрбиелігі: Оқушыларды тазалыққа, адамгершілік қасиеттерге, ұжымшылдыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелей отырып, білімпазқа жетелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікір –талас.
Көрнекілігі: Кестелер, карточкалар, плакаттар және т.б.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, еңбекке баулу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.
3. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.
4. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
5. Ойға шақыру. (Психологиялық даярлық жүргізу).
ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:
1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.
3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.
4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Сабақтың тақырыбы: 10 – ға, 100 –ге, 1000-ға ауызша көбейту және бөлу.
№1. Есептеу тәсілдерін қарастыра отырып, материалды меңгеруге арналған қосымша мәліметтермен таныстыру.
125 • 10 = 1 250 125 •100= 12 500 125 •1000= 125 000
№2. Сандарды есептеп шығару.
650 000 :10 = 65 000 124 •10 = 1240
650 000 : 100 = 6 500 23 •100 = 2 300
650 000 :1000 = 650 24 •1000 = 24 000
650 000 : 10 000 = 65 12 •10 000 = 120 000

650 123 :10 = 65 012 3124 •10 = 31 240
63 432 : 100 = 634, 2 123 •100 = 12 300
95 021 : 1 000 = 95 824 •1000 = 824 000
652 123 : 10 000 = 6, 5 21 •10 000 = 210 000
№ 3. Жазбаша есептеп, дұрыстығын тексер.
8 007•6= 48042 2 365 + 9 876= 12 241
80 007 •6= 480 042 903 400+ 1 789= 905 189
14 775: 3= 4 925 827 564 – 23 003= 804 561
52 200: 6 = 8 700 120 097 – 1 235= 118 862
№4. Өзіндік жұмыс.
IV Сергіту сәті:
Таң әлі атқан жоқ, Әтеш ерте оянып,
Маңай әлі қараңғы. Жан-жағына қарады.
Шынықтарын қағады. Ку-ка-ре-ку, тұр – тұрлап, Оятады баланы!
№5. Өзіндік жұмыс. Есептер құрастыру және оларды шығар.
Қозғалысқа берілген жай есептің біреуін ұжыммен құрасытырып, бір – екеуін өздерін орындауға тапсыруға шығар.
№6. Жазбаша есепте және тексер.
1) 355 •6= 2 130 (балалар кеудешесі)
2) 425•4= 1 700 (ер адамдар кеудешесі)
3) 2 130 – 1 700= 430(ж.) – ер адамдарға қарағанда балалардың кеудешесі артық.
4) Өрнек түрінде: (355 •6)- (425•4)= 430
V. Сабақты пысықтау:
№7. Шаршыны тап, сызба құрастыр.


№ 8. Логикалық тапсырма.
1 тәсіл: 14 см кесінді сызып, екіге бөлеміз, содан соң біреуімен 1 см- ді алып тастаймыз, сонда екінші 1 см- ге артады. Мынадай нәтиже аламыз: бір кесінді екіншісінен 2 см – ге тең.
1 кесінді – 8 см, 2 кесінді – 2 см кем.
- Бүгінгі сабақта не өтілді?
- Сабақ несімен ұнады?
VII. Үй жұмысы: №4 есеп б)в). 83 бет.
VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды топпен мадақтап,
жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау. Тәрбие.орг сайтынан 10-ға,100-ге,1000-ға ауызша көбейту және бөлу Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бактыбаева Айзат Өмірзаққызы

№35 бастауыш мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Математикадан ашық сабақтар | Логин: 35mektep
Көрсетілім: 360 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar