Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
1-10-ҒА ДЕЙІНГІ САНДАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ
  • 13.01.2017
  • 44 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20998

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (34.5Kb)

1-сынып.
Сабақтың тақырыбы: 1-10-ға дейінгі сандарды пайдаланып есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:1.Білімділік. 2 -6 сандарын қосу және азайтудың кестелік жағдайлары туралы білімдерін бекіту.
2.Дамытушылық. Қосындыны табу мен есепті шығара алу дағдыларын дамыту. Оқушының ақыл- ойын, ой-өрісін дамыту.
3.Тәрбиелік. Ұқыптылыққа, өз Отанын сүюге патриоттыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайдтар , карта, жүрекшелер, төрт түліктің суреттері.
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, өзіндік жұмыс.
Пән аралық байланыс: Ана тілі , дүние тану.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.(Психологиялық дайындық)
Мен тынышпын, тынышпын,
Мен Отанымды жақсы көремін.
Мен тәртіпті оқушымын.
- Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ! Өйткені біз бүгін сабақта «Көмектесеміз» ойынын ойнаймыз.
- Балалар, жылдың қанша мезгілі бар?
- Жылдың төрт мезгілі бар!
- Осы жылдың төрт мезгілін кім атап береді?
- Көктем, жаз, күз, қыс!
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс!
- Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?
- Аяз, боран, суық болады!
- Жақсы балалар, осы қыс мезгіліне байланысты ертегі айтып берейін...
Көкшетау қаласының Красный Яр ауылында тату-тәтті, жарасымды бір отбасы болыпты... Отбасында: атасы, әжесі, анасы, әкесі , қарындасы және Арман деген бала болады. Ол 10 жаста екен...
Арман бос уақытында қорадағы төлдерге күтім жасап, мал жайлауға атасына көмектеседі екен.
Бір күні Арман қораға келсе, құлын, бұзау қошақан, лақ бәрі мұңайып, көңілсіз тұр екен(неге деп ойлайсыңдар?).
Себебі: Олар енелерін сағынып іздеп тұрса керек. Арман төлдерін аяп кетіп, атасына келіп, төлдердің енесі қайда екенін сұрайды.
Атасы:
- Малдарды күн шуақты болғандықтан өріске жібердім,-дейді.Кешкі малдардың келуін күтпей шыдамсызданған Арман, атасын ертіп, малдарды орман жақтан іздеп келуге шығады.
Сол кезде орманның екінші жағынан малдардың дауысын естіп, қасқыр шыға келеді. Қасқыр балаға:
- Менің тапсырмаларымды орындасаң, малдардың жартысы қайда жүргенін айтамын!- дейді.
- Ал балалар, біз малдарды құтқаруға көмектесейік!
Қасқырдың бірінші тапсырмасы: 1)10-ға дейін тура сана.
2)Ауызша есептеу.Тізбектегі есеп.
Қасқырдың екінші тапсырмасы: Тақтамен жұмыс.Жасырынған сандарды табу.+ және – дың компоненттеріне тоқталу.(122бет №1.)
Қасқырдың үшінші тапсырмасы: Кестені толтыру. Өздік жұмыс.(16 бет №1 дәптерде)
- Қасқыр риза болып жылқылар мен сиырлар өзен жақта жүргенін айтады.
- Бірінші қойды құтқармақ болады.
- Кәне, кім көмекке келеді?
Сөзді есеп . Дәптермен жұмыс.
Қысқаша жазуы бойынша есеп құрастыру және шығару.
Ақ қой-6 бас
Қара қой - ͏ бас.
Барлығы -?
6+3=9
Жауабы: 9 бас.
- Ендігі құтқаратынымыз ешкі.
- Ешкі әрқашан қандай болып жүреді?
- Көліңді, секеңдеп, жүгіріп.
- Ешкіні құтқару үшін сергіту сәтін жасау.
Сергіту сәті.
- Сиырды құтқару керек. «Ханталапай» ойыны
Нөмірленген асықтарды алып, сол нөмірге сай өрнектерді орындайды.
- Жылқыны құтқару үшін логикалық тапсырмалар орындаймыз.
Слайдтағы логикалық тапсырмалар орындалады.
Осылайша біздің сыныптың балалары Арман мен атасына көмектесті.
Малдар төлдеріне жету үшін теңсіздіктер құрастыру.
Оқушылардан санамақ сұрау. 10-0-ге дейін кері санау. «ТӘУЕЛСІЗДІК» деген сөз шығады.
Бұл сөздің жайдан-жай шыққан жоқ екенін түсіндіру. Биыл тәуелсіздіктін 20 жылдығы мерекесі болғаны туралы айту.Сендер тәуелсіздіктің 20 жылдығында мектеп табалдырығын аттаған өте бақытты ұлансыңдар!Ал тәуелсіздіктің 30 жылдығында сендер нешінші сынып боласыңдар?- деп сұрау.
«Мен елімді сүйемін» атты ойын жаттығуы орындалады.Картаға қағаздан жасалған жүрекшелерді ұстап тұрып, сүйікті Отанына деген жақсы тілегін айтып, жүрекшені жапсырады.
- Мен Отанымды сүйемін!
- Мен туған елімді сүйемін!
- Қазақстанды мақтан етемін.
- Менің Отаным Қазақстан!
Сабақты қорыту:
- Бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
- Бүгін сабақта не істедік?
Үй тапсырмасы: 123 бет, №5
Тәуелсіздік ұланымыз,
Алда болу ұранымыз! Тәрбие.орг сайтынан 1-10-ҒА ДЕЙІНГІ САНДАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: МАНЕЙ АЛИМА

КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ КРАСНЫЙ ЯР СЕЛОСЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Математикадан ашық сабақтар
Көрсетілім: 44 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar