Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
« 40 миллион теңге» (интелектуалды шоу)
  • 02.02.2016
  • 467 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 15199

№ 2 Мәртөк мектеп-гимназиясы


« 40 миллион теңге»
(интелектуалды шоу)

Өткізген: Азирбаева А.К.

2014-2015 оқу жылы

«40 миллион теңге» интеллектуалдық ойыны
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сарапқа салу арқылы жеңімпаз топты анықтау. Оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, ой-өрісін, белсенділігін дамытып, білімге құштарлығын арттыру. Өз білімдеріне деген сенімділіктерін нығайту, білуге тәрбиелеу. Оқушылардың ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайдтар, 40 млн тг.
Барысы:
Жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі «40 миллион теңге» интеллектуалды шоуымызға қатысушылар! Математика бұл болашақтың есігін ашатын, болашаққа қарай бет алуға көмек беретін пән. Бүгін интеллектуалды ойын ойнау арқылы біз осы пәннің өте қызық екендігін түсінетін боламыз.
Ойын шартымен таныстырып өтейін әрбір жұпқа 8 сұрақтан қойылады. Алғашқы 4сұрақта 4 жауап болады,
5-6 сұрақта 3 жауаптан, 7-8 сұрақтарда 2 жауаптан болады. Әрбір сұраққа жауап бергенде бір ұяшық бос қалуы қажет және ойланып ақшаны бөліп қоюға 1 минут уақыт беріледі. Егерде дұрыс емес жауапқа қойылған ақшаларыныз күйіп кетеді.
Бүгінгі сайысымызға 7-8 класс оқушыларынан 3 жұп қатысқалы отыр.
Олай болса сайысымызды бастайық! Ортаға алғашқы жұпты қарсы алайық:
Алтынгүл және Ұлдай.
- Қош келдіңіздер! Алдымен сіздермен жақынырақ танысып өтсек.
Таныс болсақ, сіздерге сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
1 сұрақ:
1. 1,21 қай санның квадраты?
1. 11 2. 12 3. 1,11 4. 1,1
2. Ең кіші екі таңбалы сан.
1. 11 2. 00 3. 99 4. 10
3. Сызықтық функцияның графигі?
1. Парабола 2. Түзу сызық 3.Гипербола 4. Қисық сызық
4. 1/10 санының кері саны
1. 0,1 2. 10 3. 100 4. 0,01
5. Тіктөртбұрыштың қабырғаларының қатынасы 2:3 қатынасына тең. Периметрі 20см. Қабырғасын тап.
1. 2см, 3см 2. 8см, 12см 3. 4см , 6см
6. Теңдеуді шешіңіздер. |Х-1|=3
1. 4; - 2 2. 2; 4 3. 4; -5
7. Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбіз жеген. Әкесі анасына қарағанда 5 сәбіз артық жеген. Ал баласы 12 сәбіз жеген. Сұрақ : Анасы неше сәбіз жеген?
1. 24 2. 28
8.
1. 2.
2-жұп: Аманжол және Нұрғаным
1)
1. 15 2. 14 3. 13 4.12
2)
1. -80 2. 3. -45 4. 4
3) Төртбұрыштың ішкі бұрыштарынң қосындысы
1. 180 2. 270 3. 360 4. 90
4)
5) 3 кг банан үшін 360 тг төледі. 4кг бана үшін неше теңге төлеу керек?
1. 500тг 2. 487тг 3. 480тг
6) Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 10-ға, бір катеті 6-ға тең, Екінші катеті неге тең?
1. 8 2. 64 3. 5
7) Үшбұрыштың бұрыштары 7:5:6 сандарына пропорционал, үшбұрыштың ең кіші бұрышын табыңыздар.
1. 50 2. 60
8) Есептеңдер: 98²-98•88
1. 8000 2. 980

3 –жұп: Бауыржан және Мейрімхан
1) нешеге тең ?
1. 49 2. 7 3. 14 4. 343
2) Сағаттың 1/60 бөлігі?
1. Тәулік 2. Секунд 3. Минут 4. Сағат
3) Елуді екіден бірге бөліп, алтыны қосқандағы нәтижесі қандай?
1. 31 2. 25,6 3. 56 4.106
4) 170м матадан 50 көйлек тігіледі. Сондай 119м матадан қанша көйлек тігуге болады?
1. 39 2. 38 3. 35 4.36
5) Бір қабырғасы 9см алауданы 108 см2 болатын тіктөртбұрыштың келесі қабырғасын тап.
1.12 2.14 3.13
6) Қандай тіктөрбұрыштың диагональдары тең болады?
1. ромбының 2. Трапецияның 3. Параллелограмның
7) Үшбұрыштың бұрыштары 1:3:5 сандарына пропорционал. Үлкен бұрышын тап.
1. 50 2. 100
8) Айдар қағаз парағын 5 рет бүктеді, сосын ол бүктеген қағазды тесті. Қағазды
қайта жазғанда неше тесік шығады?
1. 34 2. 32
Қорытындылау. Тәрбие.орг сайтынан « 40 миллион теңге» (интелектуалды шоу) Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Математикадан ашық сабақтар | Логин: Қонақ
Көрсетілім: 467 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar