Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
7 саны және цифры
  • 26.02.2016
  • 426 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 16727

Математика
Сабақтың тақырыбы: 7 саны және цифры
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: а/ 7 санын және цифрымен таныстыру.Натурал сандар арасындағықатынсты түсінуге үйрету. 7-ге дейінгі есептік және реттік санау.
ә/ Есте сақтау қабілеттерін дамыту.Ойын арқылы балалардың логикалық ой –өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту.
б/ оқушыларды ұқыптылыққа, жылдамдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дамыта оқыту сабағы
Сабақтың тегі: ойын сабақ
Сабақтың әдісі: топтау, көрсету, сұрақ - жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сандар,үлестірме карточкалар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық
Математика сабағын
Мен меңгеріп аламын
Қазір есеп шығарып
Ата – анамды қуантып
Бес деген баға алып барамын
(қолдарынан ұстап оқушылар, бір - біріне жақсы тілектер тілейді.

1/Сұраққа жауап алу.
Бір аптада неше күн бар?
- 7 күн
- Олай болса атап өтейік.
- Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі ,бейсенбі ,жұма ,сенбі , жексенбі.

2 /Ойын « Нешінші гүлді жасырдым?»
Жинақ тақтайшаға 7түрлі гүл қою. Ретімен санау./гүлдер қандай тәртіппен орналасқанын еске сақтау.Содан кейін бір гүлді жасырамын. Осылай балалар тура және кері санайды.

3/ «Кім тапқыр ?» ойыны
Табақта 5 алма,
Қолымда 2 алма .
Қосқанда болады
Барлығы неше алма. /7 алма/
4/ 7 санының цифрымен таныстыру

5/Дәптермен жұмыс 7 санын жазу

Сергіту сәті.
Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ.
Қосып едім екеуін
Болды сонда 10 саусақ.

6/ Топпен жұмыс. 1- топтың тапсырмасы.
7 санының құрамын табу.

7
1 6
2 5
3 4
4 3
5 2
6 1


2-ші топтың тапсырмасы 6 санының құрамын тап
6
1 5
2 4
3 3
4 2
5 1

7/ Үлестірме материалмен жұмыс. Суреттердің артындағы есепті оқу.
5+2=7 7-1=6
6+1=7 7-5=2

8/ Жұмбақ жасыру.
Беспайда бар 5 іні,
Естайда бар 2 іні.
Қоссаң 5-ке 2- ні
Нешеу екен шешуі?

9/- Балалар бүгін біз қандай цифрмен таныстық?
Сендер сабақта жаңадан не үйрендіңдер?
Қандай тапсырма ұнады?
1-ден 7- ге дейін тура және кері бағытта санап беріңдерші.

10/ Балалады мадақтау. Тәрбие.орг сайтынан 7 саны және цифры Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ахметова Нуркиса

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Математикадан ашық сабақтар | Логин: Пвамв
Көрсетілім: 426 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar