Алғашқы функция. Анықталмаған интеграл

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 27
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 31/Окт/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23224


Сабақтың тақырыбы : «Алғашқы функция. Анықталмаған интеграл»
Сабақтың мақсаты :
Білімдік: Оқушы санасында алғашқы функция, интеграл туралы ұғымды қалыптастыру.
Дамытушылық: Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру;зерттеу қабілетін дамыту, дәйектеуге, саралауға үйрету, негізгіні бөліп алу дағдыларын қалыптасытру.
Тәрбиелік: Жазба жұмыстарын рәсімдеуде ұқыптылыққа, мақсатқа жетуде жігерлікке тәрбиелеу.
Оқыту әдiстерi: практикалық, iзденiс, проблемалық, зерттеушiлiк.
Сабақтың түрі : Зерттеушілік типті теориялық және практикалық сабақ.
Қолданылатын технология: Зерттеушілік оқыту және жобалар әдісі.
Көрнекіліктер : Интерактивті тақта.
Сабақтың барысы :
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
І. Мотивациялық-танымдық кезең.
( Оқушылардың ойлау іс-әрекетін белсенділікке бағыттау)
ЖЕКЕ-ЖҰП-ТОП режимінде жұмыс. Қайталауға арналған сұрақтарға жауап іздеу.
Қиюшы деген не? Жанама деген не? Түзудің бұрыштық коэффициенті деген не? Туындының анықтамасы қалай беріледі? Туындыны табудың ережелері. Қарапайым функциялардың туындыларының кестесі.
ІІ.Өткенді пысықтау. Тест тапсырмалары бойынша өздік жұмыс. (Интерактивті тақтаның көмегімен 2 нұсқадан тұратын тест бойынша жұмыс)
Оқушылар бір бірінің тапсырмаларын интерактивті тақтаның көмегімен тексеріп, ұпай санын дәптерге жазып қояды.
ІІІ. Жаңа сабақтың қойылымы.
Егер f '(x) = 2x болса, онда f (x) функциясы қалай өрнектеледі? Ол функция f (x) = x2 болып табылады. Оның дұрыстығын қалай тексеруге болады? Алғашқы функция анықтамасы, белгіленуі беріледі.
Келесі мысалдарды орындап, салыстыру жасай отырып ереже қорытып беріңіз. Тәрбие.орг сайтынан Алғашқы функция. Анықталмаған интеграл Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кенжембетова Динара Шакармановна

Алматы облысы, Саркан ауданы, Лепсі ауылы, № 54 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar