Анықтауыштар және қасиеттері. Минорлар, алгебралық Толықтауыштар, кері матрица

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 20
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 01/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23248


Сабақ жоспары

Пәні: Сандық әдіс
Оқытушы: Зейнел Галия
Тобы:
Тақырыбы: Анықтауыштар және қасиеттері. Минорлар, алгебралық Толықтауыштар, кері матрица
Сабақтың мақсаты:
Білімділік 1. Анықтауышты есептеуде қасиеттерді тиімді пайдалануда және алгебралық толықтауыш, кері матрицаны есептеп табуда білім алушылардың білімдерін тереңдету, бір жүйеге келтіру;
2. Осы формулаларды есеп шығару кезінде қолдану білу дағдыларын қалыптастыру
Дамытушылық Білім алушылардың ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, өткен сабақпен байланыстыру, есеп шығаруда білім алушылардың ой – өрісін дамыта отырып, ұқыптылыққа, мұқияттылыққа үйрету негізінде дағды қалыптастыру және өзара жарыстыра отырып, ойларын жинақтау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру
Тәрбиелік Адамгершілік қасиеттерін арттыра отырып көпшіл болуға, ұйымшылдыққа, туған жерді сүюге, оны қорғай білуге, ұлтжандылыққа, өз-ойларын еркін білдіруге бейімдеу, жинақтылыққа, логикалық ой – танымдарын
нығайтуға тәрбиелеу. Өзара көмегін қалыптастыра отырып, өз біліміне ғана емес, өзге студенттердің біліміне жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру, өзін- өзі басқаруға үйрету
Сабақтың түрі: Аралас
Оқыту түрі: Лекция
Оқыту типі: Топтау, жекелеу
Оқыту технологиясы: Ақпараттық коммуникативті, деңгейлеп саралап оқыту
Көрнекіліктер:

1) интерактивті тақта
2) қиықшалар
3) тесттер
4) кестелер
5) кітап
САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ
1. Ұйымдастыру
кезеңі (3 мин) Білім алушылардың сабаққа қатысуын түгендеу, жаңа сабаққа зейіндерін аудару (3 минут)
2.Үй тапсырмасын тексеру: Есеп тапсырмалар: (15 минут)
Екі топқа бөліну Білім алушылардың пәнге деген көзқарастары мен білім көрсеткіштерін тексеру мақсатында қойылатын сұрақтар:
I «Ой қозғау» Үй жұмысын қайталау. ЦБР – 9
Тест тапсырмасы
Тақырып: Матрицалар. Матрицаларды қосу мен көбейту
1. Егер матрицалардың барлық сәйкес элементтері тең болса, онда бұл матрицалар қалай аталады?
А) үшбұрышты матрица
Ә) квадраттық матрица
Б) өзара тең матрица
В) бірлік матрица
2. Ұзындықтары бірдей жолдан тұратын сандардың тік бұрышты кестесін ........ деп атайды.
А) матрица
Ә) бірлік
Б) минор
В) тронспонирленген
3. Квадрат матрица дегеніміз не?
А) элементтердың барлығы нольге тең болатын квадраттық матрица
Ә) элементтердің барлығы нольге тең матрица
Б) Өлшемі болатын матрицаны
В) жолы мен баған саны тең болатын матрица
4. Бас диогнальдің бойындағы элементтері 1-ге тең болатын диогналдық
матрица қалай аталады?
А) матрица
Ә) бірлік
Б) минор
В) тронспонирленген
5. Бас диогнальдің бір жағындағы элементтердың барлығы нольге тең
болатын квадраттық матрица ........ деп аталады.
А) үшбұрышты матрица
Ә) квадраттық матрица
Б) өзара тең матрица
В) бірлік матрица
6. Бір ғана жолдан тұратын матрица ......... деп аталады.
А) үшбұрышты матрица
Ә) жолдық матрица
Б) бағандық матрица
В) бірлік матрица
7. Бағандық матрица дегеніміз не?
А) Бір немесе бірнеше жолдан тұратын матрица
Ә) Бір немесе бірнеше бағанадан тұратын матрица
Б) Бір ғана бағанадан тұратын матрица
В) Бір ғана жолдан тұратын матрица
8. Нөмірін сақтай отырып жолын бағанаға ауыстырудағы шыққан матрица
берілген матрицаны қандай матрица деп атаймыз?
А) матрица
Ә) бірлік
Б) минор
В) тронспонирленген
9. Матрицаларды қосу ауыстырымды: Тәрбие.орг сайтынан Анықтауыштар және қасиеттері. Минорлар, алгебралық Толықтауыштар, кері матрица Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Зейнел Галия

Пікірлер: 0

avatar