Қарапайым тригонометриялық теңдеулер

  • Жүктеулер: 47
  • Көрсетілім: 1230
  • Математикадан ашық сабақтар
  • 29/Июн/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19263


Пәні: Алгебра және анализ бастамалары Сыныбы:
10 (ЖМБ) Пән мұғалімі:
Нұржігітов Сапар Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу
Мақсаты Тргонометриялық теңдеулерді шешуді үйрену
Күтілетін нәтиже 1. Тргонометриялық теңдеудің анықтамасын біледі;
2. Қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шешу алгоритмін түсінеді;
3. Формулаларды қорытып шығара біледі;
4. Дербес шешімдерін анықтай алады.
Керекті жабдықтар Тірек-сызбалар, формулалар жазылған плакат, салу құралдары
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Ұйымдастыру
- оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеймін;
- сыныпта жағымды атмосфера орнатамын;
- сабаққа әзірлігін байқаймын және 1,2,3,4,5,6 санауы бойынша топқа бөлемін.
Тақ сандар: 1, 3, 5
Жұп сандар: 2, 4, 6 бойынша екі топқа бөліп, назарын сабаққа аударамын. Сәлемдеседі. Кезекші мәлімет тапсырады, оқушылардың қатысу пайызын анықтайды. Бір-біріне сабақта сәттілік тілейді. Санау бойынша топқа бөлінеді.Сабаққа зейін қояды.
Тұсаукесер Үй жұмысын тексеремін
Ой қозғау сұрақтары:
Тақтаға “Семантикалық карта” плакатын ілемін. Өткен тақырып бойынша шолу жасап, оқушылардың білімін тексеремін. Сұрақ –жауап алынып болған соң, жаңа тақырыптың мазмұны ашылады. “Семантикалық карта” бойынша әр топтан жеке оқушылар шығып жұмыс жасайды
Негізгі бөлім Оқулықпен жұмыс
Тақырыпты түсіндіремін
Жаңа тақырыптың мазмұнын ашамын Тақырып мазмұнын ашуда белсенділік танытады. Сұрақ-жауапқа атсалысады
1. Sinx = а, |a|≤1 2.Cos x = а, |a|≤1 3. tg x = a
4. ctg x = a
х = (-1)кarcsinа+πк;кЄZ х = +/- arccos a + 2π n; n ЄZ
х = arctg a + πn,n Є Z
х = arcсtg a + πn, n Є Z.

Теңдеулерді шешу формулаларын қорытып шығаруға нұсқау беремін
Анықтама: Айнымалысы тригонометриялық функция таңбасының ішінде болатын теңдеу тригонометриялық теңдеу деп аталады.
Мысалы: 2sinx=1, ctgx=1, 3cosx=7sinx
Анықтама:. Sinx = а, Cos x = а, tg x = a, ctg x = a түрінде берілген теңдеулерді қарапайым тригонометриялық теңдеулер деп аталады.
Тригонометриялық теңдеулерді шешу дегеніміз-берілген теңдеуді тура тепе-теңдікке айналдыратын аргументтің барлық мәндерін табу. Әрбір формуланы топ болып қорытып шығарады

Тірек-сызбалар бойынша оқушылар жаңа тақырыпты пысықтайды
Тақырып бойынша есептер шығаруға тапсырма беремін
№98 тақтарын а; б 1-топ, жұптарын ә, в 2-топ шығарады
№100, 101, 102 тапсырмаларын орындатқызамын Берілген тапсырманы орындайды
Топтағы оқушылар жұптасып шығарады. Шешімін таба алмаған оқушыларға достық көмек береді, түсіндіреді.
Сергіту сәті Қате жазылып тұрған математикалық сөздерді жазып шығу және мағынасын түсіндіру. Топ қанша сөз тапса, сонша ұпай жинайды Плакатта жазылған сөздерді түсініп, адасқан әріптерді өз орнына келтіріп мағынасын ашады.
Бағалау Оқушылардың жұмыстарына, қатысу белсенділігіне, жинаған ұпайлар санына қарай бағалаймын
Рефлексия Сабақ жайлы өз ойларын стикерлерге жазуды тапсырамын Сабақта алған әсерлерін стикерлерге жазады
Үйге тапсырма №103, 104, 105, 106

Оқу ісінің меңгерушісі: Тәрбие.орг сайтынан Қарапайым тригонометриялық теңдеулер Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Пікірлер: 0

avatar