Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік
  • 21.03.2016
  • 457 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18086

Материалды Tarbie.org сайтынан тегін жүктеу (26.0Kb)

Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу (3-сағат)
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік тақырыбына есептер шығару.Теориялық білімдерін жүйелеу, бекіту.
Дамытушылық:Есте сақтау қабілеттерін дамыту. Теориялық білімдерін практикада қолдана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Топпен жұмыс істеуге, өзгенің пікірін тыңдай білуге үйрету. Пәнге қызығушылығын арттыру.

Көрнекілік: Үлестірме материалдар.инт. тақта слаидтар
Сабақтың типі: Білімді бекіту, жинақтау
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, СТО стратегиялары

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеріп, топқа бөлемін.
Интервал, кесінді, сәуле сан аралықтары бойынша топқа бөлінеді

II. Қызығушылықты ояту

IIІ. Үй тапсырмасын тексеру: №1039(1,2,3); №1046(1,3) есептерді оқып тексереді.

« Білу» Оқушылардың теориялық білімін тексеру:
І-топ.Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздікті шешу үшін...
ІІ топ.Сан аралықтарын топтастыр.
ІІІ топ.Сәйкесін тап.
Сұрақтарды топта талқылап, жауап береді.

«Түсіну»
III. Мағынаны ашу. Кубизм стратегиясы: асық нөмірі бойынша есеп таңдау
А-деңгей
№1. 7+2х>5+х
№2. 3х+2<8+х №3. 3(х-1)<х-3
№4. 7(х+2)<3(2х+3) №5. 4(3х+1)>5х-10 №6. 2(х-2)>3х+5

«Қолдану»
ІҮ.Слайд арқылы В және С деңгейлі есептердің шығарылуын ұжымда талдау
№1037
№1046 (1,2)
Ү. Деңгейлік тапсырмалар :қызыл(А-деңгей), жасыл(В-деңгей), көк(С-деңгей) конверттен оқушылар қалаулары бойынша тапсырмаларды алып орындайды.
А-деңгей: 5х+3>2х+9
В-деңгей: 4*(3+х)-(х-1)<2х+5
С-деңгей : 3х/2 – (х+5)/4 + (х-3)/8>0
Бір деңгей таңдаған оқушыларды топтастырылып, тексеріледі, мұғалім өзіне белгілеп отырады.
Ү.Дарынды оқушымен жұмыс: С деңгейді уақытынан бұрын орындаған оқушыға жеке тапсырмалар беріледі.

«Жинақтау»
ҮІ. А). «Түртіп алу стратегиясы»: Қатесін тап: (есептер беріледі)
Б). «Вен диаграммасы» : Сызықтық теңдеулерді шешу және сызықтық теңсіздіктерді шешудегі ұқсастықтар ( 1-топ) мен ерекшеліктерді (2-топ) табу.

«Бағалау» топтар бірін-бірі бағалайды және ең үлгілі оқушыларды анықтайды.

Рефлекция:
• Сабақта не үйрендіңдер?
• Қандай сұрақтарға жауап алдыңдар?
• Қандай жаңа сұрақтар пайда болды?
• Қандай тапсырма қиын болды?
• Сабақта не ұнады?
Стикер таратып, оқушылар пікірін білдіреді.

VII. Үйге тапсырма № 1039, 1046 (3,4) Тәрбие.орг сайтынан Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік Математикадан ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Нургазина Айткамал Сеитовна

ШҚО Ұлан ауданы Алмасай ауылы "Абай атындағы орта мектебі" КММ Математика пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Математикадан ашық сабақтар | Логин: nurgazina2017
Көрсетілім: 457 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar